100%200%
Меркі ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    «Абай-дана, Абай-дара қазақта»

    Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына байланысты көрнекті ақын, ұлы ойшыл Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай  бүгін Ақкөз Қосанұлы атындағы 18 жалпы білім беретін тірек мектебі ұстаздар арасында «Абай- дана,Абай-дара қазақта» тақырыбында байқау өтті. Шара шымылдығын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шаймерденова Ақмарал Хакім Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңімен ашты.Одан әрі мектеп директоры Бектурғанов Бауыржан Тлешович сөз алып, көрермендерге сәттілік тілеп,іс-шараның мақсат-міндетін таныстырып өтті. Байқау үш кезеңнен тұрды. Қатысушылар алғашқы кезеңде ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыса, келесі бөлімде қара сөздерін жатқа айтты.Ал үшінші кезеңде Абай әндерін орындаудан сайысқа түсті.Байқау жеңімпаздарына  алғыс хаттар мен арнайы дипломдар табыс етілді.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Меркенского района