100%200%
Меркі ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Аудан әкімі Мейірхан Өмірбектің меркіліктерді Қазақстан Халқының Бірлігі күнімен құттықтауы

    Құрметті меркіліктер!
    Сіздерді 1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 1-мамыр – біздің тарихи келбетіміздің, бүгінгі даму үдерісіміздің бір нышаны. Бұл күн – татулық пен тұтастығымыздың, баға жетпес жетістіктеріміздің мызғымастығын паш ететін мерекелі күн. Бұл күн – тағдырын тарих тоғыстырған қазақстандықтардың бірлігінің салтанат құрған күні. Ұлтаралық татулықты, ел ынтымағын рухани арнаға біріктіретін айтулы күн – дәстүрлі мерекеміз. «Көпұлтты ел болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз» – деген еді, Елбасы. Бір шаңырақ астында, бір мақсатта дамып келе жатқан Тәуелсіз Қазақстанның бірлігі – ел дамуының негізгі қозғаушы күші, серпін берер қуаты. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», – деп Майқы би айтып кеткендей, бірлік қай заманда да аузы дуалы азаматтардың негізгі ұстанымы, шаңырақтың шайқалмауының басты құндылығы болған. Сондықтан да, Мәңгілік ел болуға бет алған Қазақстанның қарқынды дамуы үшін, аталмыш құндылықтың құнын өсіру әрбір саналы қазақстандықтың негізгі ұстанымы болуы шарт. Сонда ғана, ел дамуы үшін жасалып жатқан әрбір қадам жемісті болады. Сонда ғана, ел ұйқысы тыныш, ел болашағы жарқын болады.
    Қадірлі жерлестер! Татулық пен мейірімділікті насихаттайтын бүгінгі күн әрқайсыңыздың отбасыларыңызға амандық, істеріңізге
    береке, ел ішіндегі татулықтың тұғыры биік болуын тілеймін.

     

    01.05.2019 жыл

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Меркенского района