1-қазан қарттар күнімен Аудан әкімі М.Өмірбековтың құттықтауы
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметті ауданымыздың абыз ақсақалдары мен алтын құрсақты асыл аналары – барлық ардагер қарттары!
Сіздерді ұлық мерекелеріңіз – 1-қазан – Қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Сіздердің аман болуларыңызды, әрі аудан жұртшылығының арасында өздеріңіздің өмірлік бай тәжірибелеріңізді жастарға айтып үйретіп, ақыл-кеңестеріңізбен ел-жұртты ынтымақ-бірлікке, тәртіпке
шақырып отыруларыңызды қалаймыз. «Қариясы бар елдің – ақыл-кен дариясы бар» – деп, тегін айтылмаса керек. Біз, Сіздерді қашанда қадірлейміз, сыйлаймыз, ал Сіздер де болашақ ұрпақ тәрбиесіне өз үлестеріңізді қоса беріңіздер деген тілек айтамыз.