100%200%
Меркі ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ «Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

     

    Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

    №9

      « 29 » тамыз 2019 жыл

     

     

    ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    «Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    (аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы)

    Жамбыл облысы Меркі ауданы

    (аудан және облыс атауы)

     2019 – 2021 жылдарға

     

    Әзірлеуші: «Жамбыл облысы Меркі

    ауданы Ақтоған ауылдық округі

    әкімінің аппараты» КММ

     

    ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

    Бағдарламаның атауы 2019 – 2021 жылдарға арналған Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақтоған ауылдық округінің дамыту бағдарламасы
    Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары – аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің құрылу кезеңі – 18 шілде 2001 жыл;

    -халық саны – 3801 адам ( отбасы ), 621 аула;

    – ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны мен атауы: Ауылдық округінің әкімшілік орталығы болып Ақтоған  ауылы аталады, ауылдық округтің құрамына 2 елді мекен кіреде Ақтоған  және Қазақ-Дихан  ауылдары;

    – аумақ: Ақтоған  ауылдық округінің көлемі 12639,9 га;

    – жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні және оларға өкілеттік берілген мерзім – 05 ақпан               2014 жыл;

    – жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны – 14 адам.

     

     

     

     

     

    1. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

     

    2.1 Аудандық маңызы бар қаланы, ауылды, кентті, ауылдық округті дамыту

     

    2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

    2019 жылғы 1 қантарға халық саны 3801 адамды құрайды.

    Ауылдық округ бойынша 108 ШҚ, 13 жеке кәсіпкер тіркелді.

    Ауылдық округ аумағында ауыл шаруашылығы бағытында 108 шаруа қожалықтары істеуде.және «Тілеміс батыр» ЖШС. Оның ішінде  10 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен айналысады.

    Ақтоған ауылдық округінің жалпы аумағының көлемі 12639,9 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқабы – 5779,9 га, егістік жері – 5779,9 га, жайылым жері – 6543 га, шабындық-151га, үй маңындағы жер телімі-166 га.

    Ауылдық округте 3583бас  МІҚ мал, 1634 бас жылқы, 32000 бас қой мен ешкі тіркелген.

    Шағын және орта бизнес саласында: Ауылдық округте 1-жанар-жағар май құю стансасы, 10 азық-түлік дүкендері, 2 мешіт пен 1 дәріхана, 1 пластикалық терезе есік жасайтын кіші цех, 1-тұрмыстық монша, 1 шаштараз, 1 сән саланоны, 1 зергерлік бұйым жасайтын кіші цех.  жұмыс істеп тұр.

    Ақтоған бойынша: ауылдық округтің ауылды елді мекендері орталықтандырылған табиғи газбен 541 үйде қамтылған.

    Электр желілерімен 100 пайызға қамтылған.

    Ауыз сумен қамтамасыз ету:  Ақтоған  ауылы бойынша 414 аула ауыз сумен  қамтылған.120 аулада жер құдығы бар,6 үйде уақытша адам тұрмайды.

    Округ бойынша 19 көше бар, Ақтоғанда -14 көше,  14 –ті де  асфальттанған. Қазақ-Диханда 5 көше, 4-уі  асфальтталған, 1-уі топырақ жол. Барлық көшелердің ұзындығы  24,5 шақырым. Ақтоған ауылында  Жамбыл көшені  ағымдағы  жөндеуден  өтуде. Қазақ-Дихан Теміржол көшесіне  тегістеліп қиыршық төселеді.

    Әлеуметтік сала бойынша:

    Білім беру саласында ауылдық округте 2 жалпы білім беретін мектеп бар. Ақтоған ауылындағы №4 «Тілеміс батыр»ЖББМ 630оқушыға арналған. Қазіргі таңда 631 оқушы білім алып, 79 ұстаз жұмыс атқарады. № 4  «Тілеміс батыр»  атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында орналасқан «Шапағат» шағын орталығында 25 бала қамтылып, 8 адам жұмыспен қамтылған.

    Қазақ-Дихан ауылындағы №33 орта мектеп 120 оқушыға арналған.             2019 жылы мектепте 100 оқушы білім алып, 25 ұстаз,тех персоналдар 15 жұмысшы  жұмыс істейді. Жуық арада №33 орта мектебінің бір бөлігінен 25 балаға арналған шағын орталық ашылуы жоспарлануда,

    Ақтоған  ауылында 75 адамға арналған жекеменшік «Ерсұлтан» балабақшасы жұмыс істейді,  алдағы уақытта бала бақшада тәрбиеленетін балалар саны 100 жеткізу жоспарлануда. Онда 15 қызметкерлер жұмыс жасайды.Балалар саны 75 бала қамтылған.

    Денсаулық сақтау саласында Ақтоған  ауылында дәрігерлік амбулатория және Қазақ-Дихан  ауылында фельдшерлік пункт бар.

    Мәдениет саласында Ақтоған ауылында 1 ауылдық клуб пен                        1 ауылдық кітапханасы халыққа қызмет көрсетуде.

     

    2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

     

    Келесі мәселелерге қатысты проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы:

    – Ақтоған ауылында 60 га  жер теліміне инфрақұрылым жүргізу.

    – Қазақ-Дихан  ауылында 40 га жер теліміне инфрақұрылым жүргізу.

    – Қазақ-Дихан ауылына  ауыз су жүйесін жүргізу.

    –  Ақтоған ауылы Нартбаев, Аймат көшелеріне  қосымша  трансформатор

    орнату.

    -Ақтоған ауылдық ау су жүйесін жақсарту.

    – №4 Тілеміс батыр мектебіне  күрделі  жөндеу жұмыстарын  жүргізу.

     

     

     

     

     

    III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

     

    Іс-шаранын атауы Аяқтау нысаны Қаржылан-дыру көлемі (мың.теңге) Қаржыландыру көзі Іске асыру мерзімдері
    1 2 3 4 5 6
    I.БІЛІМ БЕРУ
    1.1 Қазақ-дихан ауылына 120 орындық жаңа мектеп құрылысы мектеп 439000,0 Облыстық бюджет 2018-2019 жылдары
    1.2 Мектепке дейінгі балаларды оқыту орталығы шағын орталық Жеке кәсіпкер 2019-2020 жылдары
    1.3 Жаңа салынған мектепке құрал жабдықтар сатып алу мектеп Аудандық бюджет 2019-2020 жылдары
    II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
    2.1 Атаулы әлеуметтік көмек алушылар жәрдемақы 4801,7 Облыстық бюджет 2019-2021 жылдары
    2.2 Үйде оқытылатын мүгедек балаларға берілетін жәрдемақысы жәрдемақы 53,8 Аудандық бюджет 2019-2021 жылдары
    2.3 Бір жолғы азық-түлікпен қамтамасыз ету жәрдемақы 100,0 Демеушілер 2019-2021 жылдары
    III. ДЕҢСАУЛЫҚ САҚТАУ
    3.1 Ақтоған  ауылындағы дәрігерлік амбулатория  ағымды жөндеу дәрігерлік амбулатория Облыстық бюджет
    3.2 Қазақ-Дихан ауылындағы фельдшерліқ пункт құрылысы Фельдшерлік пункт 22500,0 Мемлекеттік-жеке серіктестік 2019 ж қыркүйек- қазан  айы
    IV. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
    4.1 Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету бойынша кездейсоқ күл қоқыс орындарын жою, рекультивация жасау Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету бойынша кездейсоқ күл қоқыс орындарын жою, рекультивация 300,0 ЖБ Ақпан-наурыз, қыркүйек-қазан айлары
    4.3 Елді мекендерді абаттандыру көріктендіру бойынша  көшеттер  отырғызу Елді мекендерді абаттандыру көріктендіру бойынша 1273,0 ЖБ қазан-қараша айларында
    V. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ
    4.1 Коворкинг орталығын ашу және керекті жабдықтармен жабдықтау коворкинг 1 200,0 демеушілік 2019 жыл
    4.2 «Street workout» алаңын орнату «Street workout» 1500,0 Аудандық бюджет 2019 жыл
    VI. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
    5.1 Ақтоған  ауылындағы Жамбыл    көшесін жөндеу, ұзындығы 1,3 км, орташа жөндеу 0,6км көшені  ағымдағы  жөндеу, асфальт

    Орташа жөндеу

    789,2

     

    11916,9

    Аудандық бюджет 2019 жыл
    5.2 Мырзатай  көшесін ағымды жөндеу, ұзындығы 0,91 км көшені ағымдағы жөндеу, тас төсеу 554,1 Ауылдық бюджет 2019 жыл
    5.3 Қазақ-Дихан   ауылындағы Теміржол көшесін ағымды жөндеу, ұзындығы 0,4км көшені ағымды жөндеу 1579,2 Ауылдық бюджет 2019 жыл
    5.4 Ақтоған ауылы Абай  көшесін  ағымдағы жөндеу 1,1 км,

    ОРТАША ЖӨНДЕУ -1,1км

    көшені ағымды жөндеу

    орташа жөндеу

    671,9

     

    5567,7

    Ауылдық бюджет 2020жыл
    5.5 Қазақ-Дихан ауылының Қарабала көшесіне орташа жөндеу  ұзындығы 1,18 км орташа жөндеу 15906,9 Ауылдық бюджет 2020жыл
    5.6 Ақтоған ауылындағы Т.Әбілдаев  көшесін ағымдағы  жөндеу, ұзындығы 1,3 км көшені ағымдағы жөндеу 789,2 Аудандық бюджет 2020 жыл
    I. БАСҚАЛАР
    6.1 Ауыл шаруашылық техникасын сатып алу Трактор, сепкіш және қопсытқыш 10 000,0 Шаруа қожалығы 2020-2021 жылдары

     

    Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Жамбыл облысы   Меркі ауданы Ақтоған  ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ жауапты болып табылады.

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Меркенского района