2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні
100%200%
Меркі ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    «2019-2021 жылдарға арналған Меркі ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Меркі ауданы мәслихатының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы №40-2 шешімін іске асыру туралы

    «2019-2021 жылдарға арналған Меркі

    ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері

     туралы» Меркі ауданы мәслихатының

    2018 жылғы 28 желтоқсандағы №40-2 шешімін

    іске асыру туралы

     

     

    Қазақстан  Республикасы «Қазақстан  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына, Қазақстан   Республикасының  2008   жылғы 04 желтоқсандағы  Бюджет кодексіне және «2019-2021 жылдарға арналған Меркі ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Меркі ауданы мәслихатының 2018 жылғы         28 желтоқсандағы №40-2 шешімін (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4081 болып тіркелген) іске асыру мақсатында                        Сұрат ауылдық  округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. 2019 – 2021 жылдарға арналған Сұрат ауылдық округінің бюджеті 1,2,3  қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға келесі көлемде бекітілсін:

    1) кірістер – 55855 мың теңге;

    салықтық түсімдер – 2992 мың теңге;

    салықтық емес түсімдер – 101 мың теңге;

    негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 0 мың теңге;

    трансферттер түсімі – 52762 мың теңге;

    2) шығындар – 55855 мың теңге;

    3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;

    бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

    бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

    4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде;

    қаржы активтерін сатып алу- 0 мың теңге;

    мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

    5) бюджет тапшылығы (профициті)  – 0 мың теңге;

    6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге;

    қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

    қарыздарды өтеу – 0 мың теңге.

    Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

    7) 2019 жылы аудандық бюджеттен ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін  субвенция Сұрат ауылдық округіне – 15250  мың теңге;

    8) 2019  жылға арналған ауылдық округтердің бюджеттеріне аудандық бюджет қаржысы есебінен қарастырылған нысаналы даму және нысаналы ағымдағы трансферттер сомалары ескерілсін.

    1. Белгіленген мерзімге сай бекітілген 2019 жылға арналған жылдық қаржыландыру жоспарын Меркі ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мен Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөліміне ұсынылсын.
    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сұрат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман бухгалтері Ж.Сарсеноваға жүктелсін.

     

     

    Сұрат ауылдық округінің әкімі                                                         Ғ.Байарыстан

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Меркенского района