2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні
100%200%
Меркі ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Сұрат ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы

    Сұрат ауылдық округінің  жергілікті қоғамдастық жиналысының

    2018 жылғы «19» ақпандағы №1 хаттамасымен бекітілді

     

                                                      

    Сұрат ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы

     

    Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқарудың экономикалық негіздері

     

     

    Жергілікті

    бюджет

     

     

     

    Жергілікті

    бюджет

     

     

    Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқарудың экономикалық және қаржылық негіздерін мыналар құрайды
    Коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік
    Жергілікті өзін-өзі басқару қаржылары есебінен сатып алынған мүлікті меншіктен шығару жегілікті қоғамдастық жиналысымен келісуді қажет етеді
    ҚР заңнамасына сәйкес коммуналдық меншіктегі басқада мүлік

     

     

    Сұрат ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының             қаржы экономикалық негіздері келесі нормативтік құқықтық   актілерімен реттеледі:

     

    1) «Қазақстан Республикасындағы» жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ заңы.

    2) ҚР Бюджет кодексі.

    3)«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 Бұйрығы

    4) «Мемлекеттік мүлікті, мүліктік жалдауға беру (жалға алу) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурызындағы №212 бұйрығы. Қазақстан Республиксының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда №10467

    Тіркелді.

    5) «Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурызындағы №195 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет мистрлігінде 2015 жылы 13 сәуірде №10704 тіркелді.

    6) «Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және жергілікті өзін-өзін басқарудың кіріс көздеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға мониторинг жүргізу әдістемесін бекіту туралы»

    7) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 26 тамыздағы №405 бұйрығы.

    8) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі.

     

      Сұрат ауылдық округінің Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару қызметінің экономикалық және қаржылық негіздерін мыналар құрайды:

     

    1) Жергілікті бюджет;

    2) Коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік;

    3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммуналдық меншіктегі басқа да мүлік.

    Жергілікті өзін-өзі басқару қаржылары есебінен сатып алынған мүлікті меншіктен шығару жергілікті қоғамдастықтың жиналысымен келісуді қажет етеді;

     

           Сұрат ауылдық округінің Жергілікті қоғамдастық жиналысы

     

    Сұрат ауылдық округі бойынша Жергілікті қоғамдастық жиыны, жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешу үшін өткізіледі:

    1) Бюджеттік бағдарламаларды талқылау және бағдарламалық құжаттардың жобаларын, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларын қарау;

    2) Жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін қалыптастыру және пайдалану мәселелерін талқылау;

    3) Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдалануға мониторинг жүргізу мақсатында жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысушылар арасынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құрұ;

    4) Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдалануға жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

    4-1) Жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруды келісу;

    4-2) Жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

    4-3) Округ әкімін сайлауды өткізуге аудан мәслихатына одан ары ұсыну үшін ауылдық округ әкімінің қызметіне аудан әкімі ұсынған кандидатураларды келісу;

    4-4) Ауылдық округтің әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

    4-5) Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар еңгізу;

    5) Жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері бойынша.

     

     

     

     

     

    Сұрат ауылдық округі бойынша Жергілікті қоғамдастық   жиналысын өткізу тәртібі.

     

    1. Сұрат ауылдық округі бойынша Жергілікті қоғамдастық жиналысын:

    а) Сұрат ауылдық округінің әкімінің өзі шақыруы мумкін;

    б) Жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген, жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша шақырылуы мүмкін;

    Жергілікті қоғамдастық жиналысының бастамашылары тиісті Меркі ауданы әкіміне жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізу туралы өтініш жасауға міндетті.

    Меркі ауданы әкімінің оң шешімі алынғаннан кейін жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуге жол беріледі.

    1. Жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді Сұрат ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады. Жергілікті қоғамдастық халқы жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де  тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейн күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
    2. Жергілікті қоғамдастық жиналысы жергілікті қоғамдастық жиындарында сайланған өкілдердің жалпы санының кемінде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
    3. Жергілікті қоғамдастық жиналысын Сұрат ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

     

     

     

     Сұрат ауылдық округі бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың шығыстары

     

    1. Сұрат ауылдық округтің әкімі аппаратының жұмыс істеуі.
    2. Шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру.
    3. Азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі қызметті қамтамасыз ету.
    4. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
    5. Ауылдық жерлерде оқушыларды жақын мектепке дейін тегін алып баруды және қайта алып келуді ұйымдастыру.
    6. Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету.
    7. Шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру.
    8. Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету.
    9. Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру.
    10. Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру.
    11. Ауылдық округтерде автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау.
    12. Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау.
    13. Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру.
    14. Жергілікті деңгейде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.
    15.    Жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу.
    16. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджетке берілетін трансферттер.
    17. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру.

    Заңнамаға сәйкес жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қаржылар Сұрат ауылдық округі әкімінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталуы тиіс.

     

     

              ҚР Заңына сәйкес өнім берүшіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу.

     

    1. ҚР Заңына сәйкес өнім берүшіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданылмай мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

    1) Егер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген жалпы жылдық сома тиісті қаржы жылына республикалық бюджет заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын болса, тауарларды жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

     

     

    Сұрат ауылдық округі бойынша Мемлекеттік сатып алу процессі

     

            Тапсырыс беруші тиісті бюджеттің (бизнес жоспар, кірістер мен шығыстар сметасы) негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.

    Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (бизнес жоспар, кірістер мен шығыстар сметасы) бекітілген (нақтыланған) күннен бастап он жұмыс куні ішінде бекітеді (нақтылайды).

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

        Сұрат ауылдық округінің даму пайымының анықтамасы

    Жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған ақшалар түсетін, орталық-аумақтық қазынашылық бөлімінде нысан бойынша бақылау шоты ашылады  

    Қаржы жылының басында

     

    Өтініш, 36 қосымша, 220 қаулысына сәйкес

    Ақша түсімдері мен шығыстарының жоспары 20 қаңтарға дейін Жоспар жобасы, 121 қосымшаға, сәйкес ҚРҚЖ 220 ереже
    Аудандық маңызы бар қала, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарын бекіту. Жергілікті қоғамдастықтын келісімімен 1 ақпанға дейін, бекітілген жоспар ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейін жұмыс жасайды. Аудандық маңызы бар қала, кенттің, ауыл, ауылдық округтің әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған ақша тусімдері мен шығыстарының бекітілген жоспары аймақтық қазынашылық бөліміне берілмейді.
    Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге арналған бюджеттік қаржының және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерінің мониторингі. Жарты жылда 1 рет, келесі айдың 15 жұлдызына дейін Жергілікті қоғамдастық мүшелерінен тұратын комиссия құрылады, есеп беру қаржы Министрлігінің №405 қаулысына сәйкес.
    Аудандық маңызы бар қала, кенттің, ауыл, ауылдық округтің әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған ақша тусімдері мен шығыстарының жоспарынан артық түскен кірістер, жергілікті қоғамдастық жиналысында келісіп, нақтыланған жоспар бойынша, ағымдағы жылдын аяғына дейн аудандық маңызы бар қала, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына жұмсалады. Жыл бойы Бекітілген жоспарға кірмеген шығындарды нақтылау және келісу үшін жергілікті қоғамдастық мүшелерімен жиналыс өткізу.

     

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Меркенского района