2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні
100%200%
Меркі ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    «Жамбыл облысы Меркі ауданы Сұрат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы, Меркі ауданы 2019 – 2021 жылдарға

    Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

    №4

      « 22 » шілде  2019  жыл

     

     

     

     

    ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    «Жамбыл облысы Меркі ауданы Сұрат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Жамбыл облысы, Меркі ауданы

    2019 – 2021 жылдарға

     

    Әзірлеуші: «Жамбыл облысы Меркі

    Ауданы Сұрат ауылдық округі

    әкімінің аппараты» КММ

     

    ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

    Бағдарламаның атауы 2019 – 2021 жылдарға арналған Жамбыл облысы Меркі ауданы Сұрат ауылдық округінің дамыту бағдарламасы
    Сұрат ауылдық округтің негізгі сипаттамалары – аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің құрылу кезеңі – 18 шілде 2001 жыл;

    -халық саны – 2830, 462 аула;

    – ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны мен атауы: Ауылдық округінің әкімшілік орталығы болып Сұрат ауылы аталады, ауылдық округтің құрамына 3 елді мекен кіреді: Сұрат, Аққайнар, Тескентоған ауылдары;

    – аумақ: Сұрат ауылдық округінің көлемі 51347 га;

    – жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні және оларға өкілестік берілген мерзім; 2014 жылдың 14 қыркүйек айы;

    – жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны 18 адам.

     

     

     

     

     

    1. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

     

    2.1 Сұрат ауылдық округті дамыту

     

    2019 – 2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

    2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 2830 адамды құрайды.

    Ауылдық округ бойынша 1 ЖШС, 73 ШҚ, 9 жеке кәсіпкер тіркелді.

    Ауылдық округ аумағында ауыл шаруашылығы бағытында 1 ЖШС, 73 шаруа қожалықтары істеуде. Оның ішінде ірі «Сыпатай Батыр» ЖШС егін және мал шаруашылығымен айналысады.

    Мал шаруашылығы – шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.

    Шағын және орта бизнес саласында: Ауылдық округте 4 азық-түлік дүкендері, 1 дәріхана жұмыс істеп тұр.

    Сұрат ауылдық округінің жалпы аумағының көлемі 51347 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқабы – 13778 га, егістік жері – 5940 га, жеке қосалқы шаруашылық – 182,4 га.

    Ауылдық округте 1990 МІҚ мал, 570 жылқы, 20213 қой мен ешкі тіркелген.

    Инфрақұрылым бойынша: Ауылдық округтін ауылды елді мекендері орталықтандырылған табиғи газбен және электр желілерімен 100 пайызға қамтылған. Ауыз сумен толық қамтамасыз етілген.

    Округ бойынша 15 көше бар. Оның ішінде 6 көше асфальттанған, қалған көшелер қиыршық тас жол. Жыл сайын бір көше жөндеуден өткізіліп келеді.

    Әлеуметтік сала бойынша:

    Білім беру саласында ауылдық округте 2 жалпы білім беретін мектеп бар. Сұрат ауылында №19 Сыпатай Әлібекқлы атындағы мектеп 530 оқушыға арналған. Қазіргі уақытта 277 оқушы білім алып, 49 қызметкер жұмыс атқарады.

    Тескентоған ауылында №23 жалпы білім беру мектебі 150 оқушыға арналған.  Қазіргі уақытта 156 оқушы білім алып, 52 қызметкер жұмыс атқарады.

    Сұрат ауылында «Балапан бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын жұмыс істейді, онда 75 бала қамтылған, 18 қызметкерлер жұмыс атқарады.

    Денсаулық сақтау саласында Сұрат ауылында дәрігерлік амбулатория және Аққайнар, Тескентоған ауылында фельдшерлік пунктер бар.

    Мәдениет саласында Сурат ауылында 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана, Аққайнар ауылында 1 ауылдық клуб пен 1 ауылдық кітапхана халыққа қызмет көрсетуде.

    2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

     

    Келесі мәселелерге қатысты болуы мүмкін проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы (салалар бөлінісінде ұсынылады):

    – Сұрат ауылындағы орталық саябақты абаттандыру;

    – Тескентоған елді мекеніндегі Сыпатай көшесін түңгі жарықтандыру;

    – Орталық стадионға ағымды жөндеу жұмыстары қажет етеді;

    – Абай, М.Әуезов, Б.Момышұлы көшелерін орташа жөндеу жұмысын жүргізу.

    – Тескентоған елді мекеніне 40 КВ Транформатор орнату;

    – Сұрат ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды тастау полигонына қоршау және ликвидационный қор ашу;

    – елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету, рұқсатсыз қоқыстарды жою және т.б.

     

     

     

    III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

     

    Іс-шаранын атауы Аяқтау нысаны Қаржыландыру көлемі (мың.теңге) Қаржыландыру көзі Іске асыру мерзімдері  
    1 2 3 4 5 6  
    I.БІЛІМ БЕРУ
    1.1 №23 Тескентоған ескі мектеп ғимаратын балбақшаға айналдыру

     

    балабақша 15,0 млн Аудандық бюджет 2019-2021 жылдары  
    II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
    2.1            
    2.2            
               
    III. ДЕҢСАУЛЫҚ САҚТАУ
    3.1 Дәрігерлік амбулатория ғимаратының артындағы қосымша жапсарланып отырған жеке тұрғын үйді кабинет ретінде сатып алу

     

    Дәрігерлік амбулатория 3,5 млн Аудандық бюджет 2019-2021 жылдары  
    3.2            
               
    IV. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
    4.1            
               
    V. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ
    5.1 орталық стадионға ағымды жөндеу жүргізу

     

    стадионға ағымды жөндеу жүргізу 250,0 мың Аудандық бюджет 2019-2021 жылдары  
    5.2 Сұрат ауылдық мәдениет үйінің ғимаратын қайта жаңғырту

     

    мәдениет үйінің ғимаратын қайта жаңғырту 750,0 мың Облыстық бюджет 2019-2021 жылдары  
    5.3 Сұрат ауылдық мәдениет үйінің ғимаратын газдандырылған жылу жүйесіне қосу

     

    мәдениет үйінің ғимаратын газдандырылған жылу жүйесіне қосу

     

    3,5 млн Аудандық бюджет 2019-2021 жылдары  
    VI. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
    6.1 Ә.Молдағұлова, Ғ.Мұратбаев, Абай, М.Ауезов, С.Әбдіманап, Б.Момышұлы көшені ағымды жөндеу, тас төсеу 65,5 млн Аудандық бюджет 2019-2021 жылдары  
    6.2            
               
    VII. БАСҚАЛАР
    7.1 Сұрат ауылындағы орталық саябақты абаттандыру

     

    орталық саябақты абаттандыру 15,0 млн Аудандық бюджет 2019-2021 жылдары  
    7.2 Сұрат ауылындағы қатты тұрмыстық қылдықтарды тастау полигонына қоршау және ликвидационный қор ашу

     

    қатты тұрмыстық қылдықтарды тастау полигонына қоршау және ликвидационный қор ашу 5,50 млн Аудандық бюджет 2019-2021 жылдары  
               

     

    Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Сұрат ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ жауапты болып табылады.

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Меркенского района