100%200%
Меркі ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Аудан әкімі

    DSC_0861Өмірбеков Мейірхан Азатұлы, 1969 жылы 19 наурызда Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ақтоған ауылында дүниеге келген.

    1986 жылы Ақтоған ауылындағы №4 орта мектепті аяқтаған.

    1992 жылы Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді педагогикалық институтын тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі мамандығы  бойынша бітірген.

    Алғашқы еңбек жолын 1986-1989  жылдары Меркі ауданы, «Большевик» колхозында жұмысшы болып бастаған. 1989-1997 жылдары Меркі ауданы, Ақтоған ауылындағы №4 орта мектепте тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі, 1997-2001 жылдары Меркі ауданы Ақтоған ауылындағы №4 орта мектептің директоры, 2001-2005 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлық бөлімінің меңгерушісі, 2005-2007 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, 2007-2010 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2010-2012 жылдары Ақтоған ауылдық округінің әкімі, 2012-2014 жылдары Меркі ауданы әкімінің аппарат басшысы, 2014-2016 жылдары Меркі ауданы әкімінің орынбасары, 2016 жылдың 30 – маусым айынан бастап бүгінгі күнге дейін Меркі ауданының әкімі болып қызмет атқаруда.

    2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

    Үйленген, екі ұл, бір қыз тәрбиелеуде.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Меркенского района