100%200%
Меркі ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Аудан әкімінің 2020 жылғы есебі

                                                     Меркі ауданытұрғындарының назарына!

    Қазақстан Республикасы Президентінің

    «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы
    № 190  Жарлығына сәйкес

    2021 жылдың 28-қаңтарынан бастап барлық ауылдық округ орталықтарында аудан әкімінің және ауылдық округ әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулері өтеді.

    Өтетін орындары тіркеледі.

    Меркі ауданының әкімі М.Өмірбектің аудан тұрғындары алдындағы «2020 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысы және 2021 жылға арналған міндеттері туралы» есебі

    2020 жыл әрбір отбасы үшін де, қазақ елі үшін де, күллі әлем үшін де жеңілге соққан жоқ. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай: «Пандемия мен оның салдарынан туындаған дағдарыс бүкіл әлемнің бұрын болмаған жаңа сынақтармен бетпе-бет келіп отырғанын көрсетті». «Қазақстан экономикасы жаһандық сипаттағы қиындықтарға қарамастан ілгеріледі». Ол – пандемия кезінде туындаған дағдарысқа қарсы шаралардың дұрыс ұйымдастырылуының нәтижесі, мемлекетіміздің сын сағатта елдің мүддесін басты мақсатқа қоюының жемісі. Өйткені, мемлекет үшін азаматтардың  ден­сау­лығымен қатар, табысынан айырылмауы маңызды болды. Індет салдарынан кірісінен айырылған отбасыларына барынша көмек көрсетілді.

    Елімізде короновирус пандемиясына орай енгізілген төтенше жағдайға байланысты ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы төтенше жағдай жариялау туралы Жарлығына сәйкес халықтың осал тобына жататын барлық санаттағы азаматтарға Республикалық және облыстық бюджеттен 158543,0 мың теңге (РБ-140427,0 мың, ОБ-18116,0 мың теңге) қаражат бөлінді. Оның ішінен: АӘК алушылардың 6-18 жасқа дейінгі  балаларына, барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі бала және ересек азаматтарға және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтушілеріне, ресми жұмыссыз ретінде тіркелгендерге республикалық бюджет қаражаты есебінен(1 топтаманың құны 5567 тг құрайды)азық-түлік және тұрмыстық қажеттіліктермен қамтамасыз етуге 5914 адамға 74,096 млн. теңге наурыз, сәуір, мамыр айларына(АӘК алушылардың 6-18 жасқа дейінгі)1750 балаларға 27,734 млн. теңге, наурыз айында – 1551 балаға, сәуір айында 1681 балаға, мамыр айында 1750 балаға, жұмыссыздар мен барлық топтағы мүгедектермен олардың күтүшілеріне (4164 адамға)46,362 млн. теңге  біржолғы жәрдемақы төленді.

    2020 жылдың 1 шілдесінен бастап карантин режимінің күшейтілуіне байланысты жоғарыдағы аталған санаттарға жататын азаматтарға тамыз, шілде (шілде – 6033 адам 33,518 млн теңге, тамыз – 5906 адам 32,813 млн. теңге)айларына азық-түлік және тұрмыстық қажеттіліктермен қамтамасыз етуге 66,331 млн. теңге(1 адамға 5556 теңгеден)бір жолғы жәрдемақысы төленіп берілді.

    Төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға сәуір-мамыр айларында – 45982 адамға, шілде айына – 16131 адамға және тамыз айына – 17933 адамға 42500 теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер тағайындалды. Сонымен қатар, 15000 теңге көлемінде коммуналдық төлем аудан бойынша – 6745 адамға төленіп берілді (жалпы соммасы – 202350,0 мың).

                Пандемия талай елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын құлдыратты, жұмыссыз азаматтардың санын арттырды. Тіпті, пандемияға – әлем экономикасын екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең үлкен құлдырауға әкелген індет ретінде баға берілді. Дегенмен, елімізге енгізілген төтенше жағдайға қарамастан, ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда өсіммен шықты.

    Меркі ауданының 2020 жылдың 12 айының

    әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің

    орындалуы

     

    Атауы 2019 ж.

     (нақты)

    2020 ж.

    қантар-желтоқсан

    (нақты)

     

      НКИ %-бен   НКИ %-бен  
    Өнеркәсіп өндірісінің көлемі,             (млн. теңге). 5865,3 38,8 6365,4 100,0  
    Ауылшаруашылығының жалпы өнімі, (млн. теңге). 29122,1 101,1 35361,5 106,5  
    Негізгі капиталға салынған инвестициялар, (млн. теңге). 11009,4 116,1 16960,9 149,6  
    Бөлшек сауда айналымы,                 (млн. теңге). 7933,2 96,2 8273,9 103,9  
    Құрылыс жұмыстарының көлемі, (млн. теңге). 4765,9 94,6 12006,9 245,8  
    Пайдалануға берілген тұрғын үй, (шаршы метр) 31336 106,8 38005 121,3  

     

    Салық.  2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында мемлекеттік бюджетке 3633,9 млн.теңге(2019 жылы 3020,5млн.теңге)салық және басқа міндетті төлемдер  түсіп, болжам 107,9%-ға орындалды. (Оның ішінде республикалық бюджет-108,5%, жергілікті бюджет – 107,8%).

    Аудан бюджеті. 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында аудандық бюджеттің кірістер жоспары 19382,4 млн.теңгеге жоспарланып, 19523,5 млн.теңгеге немесе 100,7%-ға орындалды. Өзіндік кірістер – 1930,4 млн. теңгеге (107,0%),трансферттердің түсімдері бойынша – 17593,1млн.теңгеге (100,0%)орындалды.

    Аудан бюджетінің шығындары 22596,5 млн.теңгеге жоспарланып, 22585,5 млн.теңгесі игерілді немесе 100,0%құрады.

                    Өнеркәсіп саласы:Аудан бойынша 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 6365,4 млн.теңгені құрап, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 100,0% құрады.(2019 жылы өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 5865,3 млн. теңгені құраған).

    Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында, кәсіпкерлікті қолдау картасына 2020 жылы ауданнан 2 жоба ұсынылды. Атап айтқанда:

    1) Жобалық құны 275,0 млн. теңгені құрайтын сүт цехының құрылысы. Жоба бойынша 16 жаңа жұмыс орындары ашылады (іске асырылу мерзімі 2021 жылдың І жартыжылдығы).

    2) Жобалық құны 250,0 млн. теңгені құрайтын Андас батыр ауылдық округіне қарасты инновациялық балық шаруашылығы жобасы. Жоба бойынша 5 жаңа жұмыс орындары ашылады. (іске асырылу мерзімі 2021 жылдың ІІ жартыжылдығы).

             2020 жылы аудан көлемінде жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілер саны 4804.

    2020 жылы«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасының субсидиялау тетігі бойынша жалпы құны 181,0 млн. теңгені құрайтын 6 жоба, кепілдендіру тетігі бойынша 89,4 млн. теңгені құрайтын 6 жоба іске асырылды. Бағдарламаның инфрақұрылым жүргізу тетігі бойынша жобалық құны 117,0 млн. теңгені құрайтын 2 жоба аймақтық үйлестіру кеңесінде мақұлданды. Жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 2 жобаға 4,5 млн. теңге мемлекеттік грант берілді.

    2020 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 241,7 млн. теңгені құрайтын 12 жобаға қолдау көрсетілді.

    Аудан көлемінде жұмыс атқарып отырған «KazMicroFinance» микрокредиттік ұйымы және «Меркі несие серіктестігі» ЖШС тарапынан 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жалпы соммасы 5 млрд.706,3 млн. теңгені құрайтын 5585 несие берілген.

     

    Мекеме атауы Берілген несие саны Қаражаты
    2019 жыл 2020 жыл 2019 жыл 2020 жыл
    1 «KazMicroFinance» 7900 5447 4612,1 3799,3
    2 «Меркі несие серіктестігі» 192ш/қ 138 1641,8 1906,7

     

    Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция  көлемі 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 16960,9 млн.теңгені құрап, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5951,5 млн.теңгеге артты, яғни нақты көлем индексі 149,6% құрады.(2019 жылы 11009,4 млн.)

    2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша бөлшек сауда тауар айналымы 8273,9 млн. теңгені құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 340,7 млн. теңгеге артты, яғни НКИ 103,9% құрады. (2019 жылы 7933,2 млн. құраған).

    Туризм саласы: Туризм саласы экономиканы дамыту көздерінің бірі болып табылады. Меркі ауданында 6 қонақ үй (сыйымдылығы 164 төсек орын), «Тұран» атты демалыс аймағы (сыйымдылығы 31 төсек орын)жұмыс атқаруда. Радонды сумен емдеуге арналған «Меркі радон» шипажайы(сыйымдылығы 430 төсек орын) және «Мейірім Меркі» (сыйымдылығы 100 төсек орын)сауықтыру орталығы аудан тұрғындары мен еліміздің басқа өңірлерінен келген туристер мен қонақтарға қызмет көрсетуде.

             Меркі ауданында туризм бағытында жаңадан ашылатын инвестициялық жобалар:

    1. 2020 жылыжеке кәсіпкер С.Садыров Меркі тау шатқалында жобалық құны 350 млн. теңгені құрайтын демалыс аймағының құрылысын бастады. Ағашбөренелерден 2 монша, 3 коттедж және бассейн құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Жоба іске асқан уақытта демалыс аймағында 15 жаңа жұмыс орындары ашылады.
    2. 2020 жылы «Автогаз Трэйд» ЖШС-гі «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолының бойында орналасқан «Анипа» жол бойындағы сервистік кешенінің маңынан жобалық құны 500 млн. теңгені құрайтын «GAZENERGY» жанар-жағармай құю станциясының құрылысын бастап, 2021 жылы ІІ жартыжылдығында аяқтау жоспарлануда. Бұл нысан Ұлттық стандарттың «D» категориясына (ЖҚС, азық-түлік дүкені, жылы әжетхана (теплый туалет, сан.узлы) кіреді деп жоспарлануда.
    3. 2020 жылы жеке кәсіпкер Душабаев Тургынбай «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолы «ҚазМұнайГаз» жанар-жағармай құю станциясының маңынан жобалық құны 30 млн. теңгені құрайтын жол сервистік нысан құрылысын бастап, 2021 жылдың І жартыжылдығына дейін аяқтайды деп жоспарлануда. Бұл нысан Ұлттық стандарттың «С» категориясына (автотұрақ, асхана, азық-түлік дүкені, жылы әжетхана (теплый туалет, сан.узлы)кіреді деп жоспарлануда.

    Жалпы Меркі ауданы бойынша 880 млн. теңгені құрайтын                                                 3 инвестициялық жоба іске асырылып, ауданымыздың туристік потенциалын жоғарылататын болады.

    Ауданның ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2020 жылдың қаңтар-желтоқсанайларында жалпы өндірілген өнім көлемі 35361,5 млн.теңгеге жетіп, нақты физикалық индекс көлемі 106,5% құрады. (2019 жылы 29122,1 млн.теңге).

     

    2020 жылдың егін ору науқанына 52721,1 га алқап түсіп, 99130,3 тн астық бастырылып, орташа гектар қайтарымы 18,8 цн құрады. Атап айтқанда 24974,8 га күздік бидайдан 49497 тн өнім жиналып, орташа га қайтарымы 19,82 цн, 27746,3 га жаздық арпадан 49633,3 тн өнім жиналып, орташа га қайтарымы 17,89 цн құрады.

    Аудан бойынша 2020 жылы 55,7 мың тн қант қызылшасы аудандағы қант зауытына өткізіліп өткен жылмен салыстырғанда 5,1 мың тоннаға артық жиналды. Озық шаруашылықтар қант қызылшасының жекелеген алқаптарынан 1000 центнерге дейін өнім жинады. Мұндай жақсы көрсеткішке жетудің басты себебі облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың қолдауымен шаруалардың жаңа буынды, жоғары репродукциялы тұқыммен қамтамасыз етіліп, (тұқым ақысы күзде қайтарытарылады) алынған тұқымның мемлекет тарапынан субсидиялануы шаруаларға көп көмегін тигізді. 2020 жылы «Меркі қант зауыты» ЖШС тарапынан шаруаларға қарызы толық төленіп берілді.

    2020 жылы 3180 га алқапқа су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарланып, 4284 гектарға енгізілді, жоспар 134% артығымен орындалды.(2019 жылы 2374 га, 106%)

    Мал қыстату науқанына 149,8 мың тоннақажетті азық қоры толық дайындалды.

    2020 жылы 2704 тн минералдық тыңайтқыш алынып, 21421 га жерге енгізіліп, жоспар 103% артығымен орындалды.(2019 жылы 1874 тн, 18792 га)

    2020 жылы 120 дана жаңа техника сатып алынып, жаңару көрсеткіші 2020 жылмен салыстырғанда 10,2% артты.(2019 жылы 97 дана)

    2020 жылы Үкімет тарапынан кепілдендірілген бағамен берілетін 1230 тн жанар жағар май 211 ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне егістік жер көлеміне сай электрондық форматта таратылып берілді.

    Тұқым шаруашылығы саласы бойынша: Ауданда бірегей, элиталық, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым шаруашылығы құрылып, сапалы жоғарғы репродукциялық арпа және бидай тұқымдарын дайындауды жүзеге асыруда.

    2019 жылы «Сыпатай батыр» ЖШС-де облыс және аудан шаруашылықтарына 1350 тн «Стекловидная-24» (супер элита, элита, Р2)1 репродукциялы бидай тұқымы сатылып, жақсы өнім сапасының негізі қаланды. Сонымен қатар, бұл шаруашылықта 2020 жылдың көктемгі егісіне 500 тн «Арна», «Сымбат» сұрыптарының элиталы арпа тұқымы сатылуға дайындалған.

    Ауданымызда 2020 жылы элиталық көшет өсірумен айналысатын 5 шаруашылық, 800 мың түп жеміс ағаштарының элиталық көшеттерін өсірді.

    Егін шаруашылығында су үнемдеу технологиясын, жер асты суын тиімді пайдаланып отырған және мол агротехникалық талаптарды дұрыс сақтап, табыс тауып отырған алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың тәжірибесін тарату мақсатында жоспарлы түрде семинарлар ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп,  жаппай жоғары репродукциялы тұқым егуге қол жеткізу үшінбұл жұмыстаржалғасын табатын болады.

    Мал шаруашылығында2020 жылы МІҚ-51723 бас, жылқы-16028 бас, ұсақ мал-299048 басты құрап толық өсіммен шықты. 416 бас МІҚ сатып алынып («Сыбаға» бағдарламасы бойынша 112 бас, «Мал шаруашылығын дамыту» бағдарламасы бойынша 304 бас), жоспар 208%-ға, 19306 ұсақ мал сатып алынып («Сыбаға» бағдарламасы бойынша 16863 бас, «Мал шаруашылығын дамыту» бағдарламасы бойынша 2443 бас), жоспар 483,1% орындалды. Аудан 2020 жылы Иран, БАӘ, Бахрейн мемлекеттеріне 123,9 тонна қой етін, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттеріне 178,9 тонна сиыр етін экспорттады.

    Кооперативтер бойынша: Аудан бойынша барлық ауылдық округтерде мүшелері бар сүт бағытында 6 АШК, ет бағытында 5 АШК құрылып, жұмыс жүргізуде. Ет бағытындағы кооперативтер 132,2 тн ет өндірді. Сүт бағытындағы кооперативтер 1850 тн. сүт өндіріп, 17,4 млн. теңге субсидия алды.

             Пилоттық жоба: Жалпы Сұрат ауылдық округі бойынша 519 млн. 542 мың теңгеге 181 несие берілді, оның ішінде 494 млн. 252 мың теңге 3786 бас мал сатып алуға, 15 млн. 700 мың теңге 2 жылыжай құрылысын жүргізуге, 9 млн. 590 мың теңгеге шырын өндіру цехын ашуға. Сонымен қатар, 24 млн. 300 мың теңге АШК-не айналым қаражатына, 97 млн. 275 мың теңге 22 дана ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға беріліп, тиімді жұмыс ұйымдастырылды.

    Каналдар мен ұңғымалар бойынша:Ағын су мәселесін шешу мақсатында ауданда 4 су қоймасын салу үшін құрылысын жүргізуге аудан әкімдігінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №486 қаулысы шығып, жері облыс әкімдігінің құрылыс басқармасына берілді. Қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу бойынша облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы тарапынан күтілуде.

    «Қазсушар» РМК ЖФ Меркі ӨБ теңгеріміндегі 40 дана каналғаЕвразиялық даму банкінің бағдарламасы аясында 2998,0 млн. теңге бөлініп, 2020-2022 жылдар аралығында қайта қалпына келтіру (реконструкция) жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 225,55 км. Оның ішінде жер арық 86,4 км, темір бетон қапталғаны 139,15 км.

             Жер саласы бойынша2020 жылы электронды форматта2 аукционұйымдастырылып,жалпы ауданы 1,6081 га құрайтын 12 жер телімі28,2 млн.теңгеге сатылды.

    Ауыл шарушылығы мақсатындағы жерлерді қайта айналымға қосу бойынша2020 жылы 2 конкурс ұйымдастырылып, жалпы ауданы 2552,0 га, (оның ішінде егістік 1743,0 га, жайылым 809 га)құрайтын 93 жер телімдері қайта айналымға енгізілді.(2019 жылы жалпы ауданы 2640,0 га, оның ішінде егістік 1831,0 га, жайылым 808,6 га жалпы саны 81 жер).

    Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы ауданы 5420,0 га, 31 жер учаскесі игерілмегендігі анықталған.Жүргізілген шаралар нәтижесінде бүгінгі күнге жалпы ауданы 3910 га игерілмеген жер телімдеріне қатысты ӘҚБКо 338 бабына сәйкес шаралар қолданылған. Қалған жер телімдеріне шара қолдану барысында ескерту жұмыстары жүргізіліп, жер учаскелерін қайта игерген.

    2020 жылы ауыл шаруашылық алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру бойынша егіншілікке жарамды 90,86 га жайылым тәлімді егістікке,4,85 гажайылымсуармалы егістікке және97,37 га тәлімді егістіксуармалы егістікке ауыстырылды.

    Мемлекеттік жер қорына қайтарылған жер телімдері: 2020 жылы жалпы ауданы 2600 га құрайтын 25 жер телімі(700 га егістік, 1900 га жайылым) мемлекеттік жер қорына қайтарылған. (2019 жылы 984,8 га құрайтын 31 жер телімі мемлекетке қайтарылған).

    Ветеринария саласына бөлінген 163,3 млн.теңге қаржы 100%-ға игеріліп, барлық ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар мен диагностикалық тексерулер өз деңгейінде жүргізілді. 2020 жылы 4 ауылдық округ ветеринариялық пунктпен, 10 ауылдық округ ауыл шаруашылығы жануарларына егу-емдеу жұмыстарын жүргізуге арналған алаңдармен (раскол)  қамтамасыз етілсе, 2021 жылы тағы 4 (Ақтоған, Ойтал, Кеңес, Тәтті) ауылдық округ егу-емдеу жұмыстарын жүргізуге арналған алаңдармен қамтамасыз етілетін болады.

             Білім саласы бойынша: Ауданда 28 балабақша мен (16 мемлекеттік, 12 жекеменшік) 9 мектеп жанындағы шағын орталық жұмыс жасайды, онда 3787 бала тәрбиеленуде. Аудан бойынша 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі оқытуменқамту үлесі 99,3%, 3-6 жас аралығындағы балалардықамту үлесі 100% құрайды.

    Сонымен қатар, аудан бойынша 37 білім беретін (6 – бастауыш, 1 кешкі, 30 – жалпы білім беретін мектептер)мекеме жұмыс атқаруда. Мектептердің 28-і (75,6%)типтік, 9-і (24,3%)ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан.

    Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша:Ұлттық бірыңғай тестілеуге 2020 жылы аудан бойынша 729 мектеп бітірушінің 489-ы (67%) қатысты, қатысу үлесі өткен жылға қарағанда 4,5%-ға жоғары болды (өткен жылы 62,5%). Кешкі мектептен 22 оқушы және  күндізгі мектептерде оқитын 191 (29,9%)  түлек  өз өтініштері негізінде ҰБТ тапсырған жоқ.Аудан бойынша орташа балл 63,19 балл болып, өткен жылмен салыстырғанда (2019 жылы –98,18 балл) 34,99 баллға төмендеген. 41 «Алтын белгі» иегерлерінің тек 21-і (51%) 100-ден жоғары балл алды. ҰБТ қорытындысында 322 (65,8%) мектеп бітіруші шекті деңгейден өтті.

     

    Жылдар Мектеп бітірушілер саны ҰБТ-ға қатысқаны Орташа балл Білім гранттарын жеңіп алу бойынша
    1. 2018 885 521 94,67 321
    2. 2019 696 435 98,18 330
    3. 2020 729 489 63,19 215

     

    «Мектепке жол»қайырымдылық акциясы аясында аудан бойыншааз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан  420 оқушыға  2 млн.046 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.

    Күрделі жөндеу жұмыстары: 2020 жылы аудандамемлекеттік бағдарламалар аясында 2 млрд. аса қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізілді. Оның ішінде 4 мектептің (№11,12,44,48)ғимараттары күрделі жөндеуден өтті. (№12 ЖББМ, №48 ЖББМ, №44 ЖББМ «Ауыл –ел бесігі» бағдарламасымен, №11 ЖББМ «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасымен).Сонымен қатар, 2020 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 25 мектептің әжетханалары ішке орналастырылды, №4 ЖББМ-нің шатыры, спорт залының шатыры және есік терезелері ауыстырылды. 2020 жылы жергілікті бюджет есебінен №7 ЖББМ-нің асханасы жөнделіп, №35 ЖББМ-нің шатыры ауыстырылды.

    2020 жылы Гранитогорск ауылынан 120 орындық жаңа мектеп салынып(№8 ЖББМ), қолданысқа берілді.

    Алдағы уақыттаАқжол ауылында жаңа мектептің (№15 ЖББМ)құрылысын жүргізу, «Қарлығаш» бөбекжайбақшасына ағымды жөндеу, «Балауса» бөбекжай бақшасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті құжаттары әзірленуде.

    2020 жылы 2 мектепке(№5 ЖББМ, №34 ЖББМ) ЖСҚ әзірленді. №5 ЖББМ ЖСҚ-ы сараптамадан өтті,алдағы уақытта қаражат қарастырылған жағдайда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. №34 ЖББМ ЖСҚ-ы сараптамадан өтуде.

    №11 ЖББМ-нің қазандығын газға ауыстыру үшін ЖСҚ әзірлеуге бастапқы құжаттары жиналды. №6,13,30,34 ЖББМ-нің қазандықтарын газға ауыстыру үшін ЖСҚ әзірлеуге бастапқы құжаттарды жинау үшін қаражат қарастырылуда. №16 мектеп қазандығын газға ауыстыру үшін ЖСҚ әзірленді.

    Қашықтан білім беруді ұйымдастыру: Аудан бойынша 36 білім беру мекемелерінің18-і (50%) оқушыларды дәстүрлі түрде оқытуда(№2, №8, №13,№15, №16, №22,  №23, №28, №30, №33, №34, №35, №25, №26, 31, 38, 41, Алтын арық бастауыш мектептердегі  оқушылардың саны 2459,  мұғалімдер саны 292), 18-і (50%) қашықтан оқыту форматына көшкен (№1,  №3, №4, №5, №6, №7, №9, №11, №12, №14, №17, №18, №19, №20, №21,  №39, №44,№48 ондағы бала саны 15114,  мұғалімдер саны 1868).

    2020 жылы оқушыларды қашықтықтан оқыту мақсатында(жергілікті бюджет есебінен)40 млн. 824 мың теңгеге 243 ноутбук, 596 модем роутер сатып алынды. Сонымен қатар, Республикалық бюджеттен 303 млн. 324 мың теңгеге 250 планшет, 1784 дана нетбук, 100 дана ноутбук, 233 дана компьютер (моноблок) алынды. Олар бірінші кезекте көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың балалары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілді.

    Денсаулық сақтау саласы бойынша:Аудан бойынша 43 емдеу алдын алу мекемелері жергілікті халыққа  медициналық қызмет көрсетуде. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 1749 нәресте дүниеге келді. Есепті кезеңде ана өлімі тіркелген жоқ, бала өлімі – 7 (2019 жылы 12 бала). 2020 жылы  аурушаңдық көрсеткіші: туберкулез – 38 адам (2019 жылы 58 адам), қатерлі ісік ауралары – 79(2019 жылы 91).

                2020 жылы Сарымолдаев ауылында жобалық құны 1 млрд. теңгені құрайтын «Мейірім Меркі» көпсалалы МРТ, КТ және рентген аппараттарымен жабдықталған медициналық – диагностикалық орталығы ашылып, халыққа қызмет көрсетуде.

    2021 жылы Сұрат ауылында дәрігерлік амбулатория салынады деп жоспарлануда.(Тәтті дәрігерлік амбулаториясы және Гранитогорск фельдшерлік акушерлік пунктіне ЖСҚ әзірленуде).

    Облыс әкімінің көмегімен коронавирус індетімен күресу кезеңінде толыққанды жұмыс істеу үшін аудандық ауруханаға жалпы соммасы 371,418 млн. теңгеге материалдық жабдықтар алынып берілді: (156,9 млн. теңге жылжымалы медициналық кешен (автобус), 41 млн. теңгеге стационарлық рентген аппараты, 75 млн. теңгеге диагностикалық УДЗ аппараты, 12,2 млн. теңгеге 5 дана оттегі терапиясы аппараты, 6,1 млн. теңгеге шприцті сорғы инфузоматы 10 дана, 60,9 млн. теңгеге ФГДС (жиынтықтағы бейнеэндоскопиялық жүйе), 7,1 млн. теңгеге ЭКГ 8 дана, 12 млн. теңгеге ИВЛ аппараты.)

    Аудандық орталық ауруханаға демеушілік көмек арқылы 12 млн. теңге тұратын 1 ИВЛ аппараты және 24 оксигенератор аппараттары алынып берілді (жалпы соммасы 25 млн. 182 мың теңге). Сонымен қатар, ауыл тұрғындары және №9 колледж ұжымының демеушілігімен 200 дана оттегі баллондары алынып берілді.

    Коронавируспен бойынша: Ауданда2020 жылыкоронавирус індетін 166 адам жұқтырған(58 симптомды және 108 симптомсыз).

             Пневманиямен бойынша: Аудан бойынша пневмания ауруымен 201 адам ауырған. 2-ші толқынға 300 адамға дайындық жасалған. Бүгінгі күнге 174 адам пневманиямен ауырып,129 адам жазылып шыққан. 45 адам ем қабылдауда.

             Аудан аумағында 3 мониторингтік топ құрылған. Олар күнделікті рейдтік шаралар өткізіп, тексеру жүргізуде. Бүгінгі күнге 56 тұлғаға (11 жеке кәсіпкер 45 жеке тұлға) 10 млн. 784 мың 490 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, өндірілді. (50 пайыздық жеңілдікпен 5 млн 514 мың 170 теңге өндірілді).

             Аудан аумағында орналасқан 21 дәріхана халыққа қызмет көрсетіп, қажетті дәрі-дәрімектермен қамтамасыз етуде (Асперин, парацетамол, антибиотиктер, сияқты қажетті дәрілердің қоры жеткілікті және қолжетімді бағамен саудалануда).

    Аудандағы барлық дәріханаларда бір реттік пайдалануға болатын 200 мыңға жуық бетперделер қоры бар. Аудан әкімдігінің қорында 6000 дана бірнеше рет пайдалануға болатын бетперде бар. (Қажеттілігіне қарай таратылатын болады.)

             Аудандық орталық ауруханада ересектерге арналған 9 ИВЛ аппараты, 44 оксигенетатор аппараттары қызмет атқаруда.

    2020 жылға аудандық орталық ауруханаға дәрі дәрімек алу үшін 285 млн. 240 мың теңге қаражат қарсырылып, 285 млн. 440 мың теңгеге дәрі дәрімек алынды. Ковид-19 ауруына қарсы 46 млн. 371 мың теңгеге дәрі дәрімек алынып, қоры жасақталған.

             Күнделікті 80 адам ПЦР тапсыруда. Бүгінгі күнге дейін  10071-ге жуық адам ПЦР тапсырды.

             (Бұқаралық ақпарат құралдарына 125 мақала, әлеуметтік желіге 415 мақала, 115 билборд, ЛЕД экранда 10 видеоролик жарияланған. Төтенше жағдай жарияланған кезден бүгінгі күнге дейін аудан аумағында халық көп шоғырланатын жерлерге дезинфекция жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.)

    Мәдениет саласы:2020 жылдың қорытындысы бойынша мәдениет саласындабарлығы 134742 адам қатысқан 700мәдени және орталықтандырылған кітапханаларда 772 іс-шара өткізілді.

    Меркі ауылындағы балалар кітапханасының ғимаратына32293,0 мың теңге бөлініп,күрделі жөндеуден өтті.

    Құрылыс саласы:Құрылыс көлемі 2020 жылдың 12 айының қорытындысымен 12006,9 млн.теңгені құрап, 2019 жылмен (4765,9 млн.теңге.) салыстырғанда 245,8% құрады.

    Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі2020 жылдың 12 ай қорытындысымен 38005 шаршы метрді құрап, 2019 жылмен (31336 шаршы метр) салыстырғанда 121,3% құрады.

    Тұрғын үй құрылысына тартылған инвестиция көлемі 2020 жылдың 12 айында1910,8 млн.теңгені құрап, 2019 жылмен (1397,2млн.теңге) салыстырғанда 121,3% құрады.

    Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясындаСарымолдаев ауылының ауыз су жүйесі 2018-2020 жылдарға өтпеліқұрылыс болатын, келісім-шарт құны 1378805,0 мың теңге,нысан құрылысы2020 жылдың қарашасында аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді.

    Меркі ауылындағы спорт кешенінің  құрылысына «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 2020-2021 жылдарға 510,875 млн. теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстары 2020 жылы 22 сәуірді басталған 2021 жылдыңшілде айындапайдалануға берілетін болады.

             2020 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 4 алқаптың электр жүйесіне(Сарымолдаев ауылындағы 10 га, 21 га, Сұрат ауылындағы 30 га, Андас батыр ауылындағы 10 га)бюджеттен255,288 млн. теңгебөлініп,құрылыс жұмыстары жүргізіліп, уақытылы аяқтады.

    2020 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы»  бағдарламасы аясында бюджеттенАқтоған ауылындағы 60 га тұрғын алқабының электр жүйесіне 247,857 млн. теңге және 2 округтегі жаңа алқаптардың қиыршықтас жолдарына 219,8 млн. теңге бөлініп,құрылыс жұмыстары жүргізіліп, уақытылы аяқтады.

             Инфрақұрылым ЖСҚ-сы бойынша:

    9 тұрғын алқабының қиыршықтас жолдарының сараптама қорытындысы алынып, облыстық басқармаға бюджеттік өтінім тапсырылды. Қаражат бөлінген жағдайда құрылыс жүргізілетін болады.

    8 тұрғын алқабының су жүйелеріне және Ақжол ауылындағы 80 орынды мектебі; Ойтал ауылындағы 180 орынды клубының құрылыстарына қаржы бөлу үшін облыстық басқармаға бюджеттік өтінім тапсырылды.Қаражат бөлінген жағдайда құрылыс жүргізілетін болады.

    7 тұрғын алқабының электр жүйелерінің сараптама қорытындысын 2021 жылы алу жоспарлануда.

    Андас батыр ауылындағы ауылдық клубының құрылысына ЖСҚ әзірленген. Қазіргі таңда, сараптамадан өтуде. Сараптама қорытындысын 01.05.2021 жылына дейін алу жоспарлануда.

    Андас батыр ауылындағы су жүйесінің ЖСҚ әзірленіп, сараптамадан өтуде. Сараптама қорытындысы алынады.

             2020 жылы әзірленген ЖСҚ:

    Меркі ауылының2 тұрғын алқабының су жүйесі құрылысына,Андас батыр ауылында спорттық-сауықтыру кешені құрылысына, Гранитогорск ауылындағы 90 орынды мәдениет үйінің құрылысына, Ойтал ауылындағы №48 жалпы білім беретін мектепке 200 орындық қосымша ғимарат салу құрылысына, Аспара ауылдық округіндегі 150 орындық мектеп құрылысына ЖСҚ әзірленіп, сараптамаға жолданды.

             2020 жылы әзірленген бас жоспарлар:

    Андас батыр ауылының бас жоспары, Сұрат, Аққайнар, Тескентоған, Қостоған елді мекендерінің оңайлатылған бас жоспарлары әзірленді.

    Облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған«Асарлатып үй салу» жобасы аясында 2020 жылы ауданда 11 үй 1 асхана салу жоспарланып, бүгінгі күні (Ақтоған, Андас батыр, Кеңес, Акермен, Интернациональный, Т.Рысқұлов, Меркі, Жамбыл, Ойтал, Аспара, Сарымолдаев, Мыңқазан, Андас батыр) 13 үй, 1 асхана пайдалануға берілді.

             Ауыз сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі: Ауданда 45 елді мекеннің 38-і орталықтандырылған ауыз сумен, ал 7 елді мекені орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтылған немесе 84,4% (2019 жылы 71,1% ). 2020 жылы орталықтандырылмаған елді мекендерді ауыз сумен қамту мақсатында тиісті жұмыстар атқарылып, 7 елді мекен (Қазақ дихан, Қызыл қыстақ, Ақкөз қайнар, Т.Рысқұлов, Қостоған, Мыханды, Тәтті)ауыз сумен қамтылды. Сонымен қатар, аудандағы 5 көшеге (Нұралиев, Сейтімбет, О.Умбетов, С.Рахманқұлова, Исмайлова көшелері, 1 көппәтерлі тұрғын үйге)ағымды жөндеу жұмысы жүргізілді.

     

    Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар

    Елді мекен Халық саны Құрылыс түрі Бөлінген қаржы
    1. Қостоған 2291 Жаңа құрылыс 344 796,0
    2. Т.Рысқұлов 1048 Жаңа құрылыс 258 548,0
    3. Қызыл Қыстақ 1270 Ағымды жөндеу 32 828,0
    4. Қазақ дихан 545 Ағымды жөндеу 35180,0
    5. Кентай 652 Ағымды жөндеу 15233,0
    6. Андас батыр көппәтерлі үй Ағымды жөндеу 7341,0
    Барлығы 5806 693 926,0

     

    Аудандық қаржы

    Елді мекен және көше Құрылыс түрі Бөлінген қаржы
    1. Ақкөз Қайнар Ағымды жөндеу 9986,5
    2. Жамбыл ауылы, О.Үмбетов және С.Рахманқұлов көшелері Ағымды жөндеу 10140,8
    3. Ақарал ауылы, Сейтімбет және  Нұралиев көшелері Ағымды жөндеу 10585,0
    4. Тәтті ауылы Ағымды жөндеу 26585,0
    5. Исмайлова көшесі Ағымды жөндеу 2219,4
    Барлығы 59516,7

            

             2021 жылы 4 елді мекенді (Алтынарық, Құмарық, Қайындысай, Арал қыстақ)ауыз сумен қамту мақсатында ЖСҚ әзірленді.Жалпы құны 146170,9 мың теңгені құрап отыр. Әзірленген сметалық құжаттамаға қаражат бөлінген жағдайда ауыз су бойынша аудан көрсеткіші 93,3% құрайды деп күтілуде.

             Жарықтандыру бойынша:Ауданда 45 елді мекеннің барлығы электр көздерімен жабдықталған.

             Электр қуатын көрші Қырғыстан Республикасынан алып отырған Кеңес ауылдық округіне қарасты Жауғаш батыр ауылын электр қуатымен қамту мақсатында ЖСҚ әзірлеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 17 456,0 мың теңге қаражат қарастырылды.  ЖСҚ әзірлеуге мемлекеттік сатып алу амалдары жүргізілуде.

             Абаттандыру және санитарлық тазалық бойынша: 2020 жылы 964,5 шқ көше мен 351,4 шқ арық және каналдар, 16945 м2 саябақтар мен скверлер күл қоқыстан тазаланып, нәтижесінде 886,8 тонна күл қоқыс шығарылды.        Сонымен қатар,аудан аумағында 3269 тал тарақ отырғызылды. 13бүкіл аудандық  сенбілік ұйымдастырылды.

             Жол саласы бойынша: 2020 жылы жолдарды ағымды, орташа жөндеу жұмыстарына жалпы 1866620,24 мың теңге бөлініп, 129 жол жөндеуден өтті. (2019 жылы 20 жол жөндеуден өтсе, 2020 жылы 129 жол ағымды және орташа жөндеуден өтті).

     

     

    Салыстырмалы түрде 2019-2020 жыл

     

    Атауы Жалпы (саны және шқ) 2019 жылы жөндеуден өткені 2020 жылы жөндеуден өткені
    1. Аудандық жол 14 жол – 95,9 шқ 2 жол -20,4 шқ 2 жол – 10,8 шқ

     

    2. Ауылішілік жол 453 көше -428,1 шқ 15 көше – 17,1 шқ 129 көше –112,7 шқ

     

    Атауы 2019 жыл (%) 2020 жыл (%) Салыстырмалы %
    1. Аудандық жолдың % 86,3% 92,8% +6,5%
    2. Ауылішілік жолдың % 74,3% 91,1% +16,8%

     

    Жылы Автомобиль жол саны Шақырымы Жалпықұны
    2019 жыл 17 68,5 861239,8
    2020 жыл 129 123,5 1866620,2
    Ауытқу (+109) (+55) (+1 005 380,4)

     

             Газдандыру бойынша:Аудан аумағында 45 елді мекен бар. Оның 39-ы табиғи газбен қамтамасыз етілсе, 6 елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етілмеген (Ақкөз-Қайнар, Жауғаш батыр, Мыханды, Қарасу, Тасөткел, Шемен).Елді мекендерді газбен қамтамасыз ету бағытында аудан облыс деңгейінде алдыңғы қатарда тұр. 2019 жылы Қарасу және Ақкөз қайнар елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ әзірленді. Сонымен қатар, елді мекендерді газдандыру бойынша  іс-шара жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда (Аққоз-қайнар ауылына 2022 жылы, Қарасу ауылына 2023 жыл, қалған 4 елді мекенді 2025 жылға дейін газдандыру жоспарлануда). Аталған 2 елді екен орталықтандырылған газға қосылған жағдайда, қамтылу үлесі 91,1% құрайтын болады  (2020 жылы қамтылу үлесі 86,6% құрады).

                Сонымен қатар, Сарымолдаев ауылына қарасты Садовая көшесі, Ойтал ауылына қарасты Мамыр көшесі, Жамбыл ауылына қарасты Жауғаш батыр көшелерін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ әзірленіп, сараптамалық қорытындылары алынды. 2021 жылға «Ауыл ел бесігі» бағдарламасына сәйкес облыс әкімдігінің энергетика басқармасына бюджеттік өтінім берілді.

             Спорт саласы:Меркі ауданы бойынша барлығы 230 спорт нысаны бар.Оның ішінде 1 стадион, 37 спорттық залы, 13 арнайы орнатылған спортзалдар, 38 футбол алаңы, 141 спорттық алаңшалар бар. Аталған спорт нысандарының барлығы аудан тұрғындарына қолжетімді.

    2020 жылдың 12 айында аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны жалпы халықтың 32,2% құрады, бұл 27456 адам. (Жалпы дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың 7235-сі 14 жасқа дейінгілер, 12845-сі жастар, 7376-сы 29 жастан асқан ауыл тұрғындары.)

    Аудан бойынша 3 спорт мектебі және 1 аула клубы жұмыс істейді. Спорт мектептерінде 15 спорт түрі бойынша барлығы 2262 оқушы спортпен шұғылданады. Бұл аудандағы 7-18 жас аралығындағы мектеп оқушыларының 14,4% құрап отыр. Спорт мекемелерінде 53 жаттықтырушы жұмыс атқарады.

    2020 жылдың 12 айында аудан бойынша барлығы 65 бұқаралық-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, аталған іс-шараларға 7660 адам қамтылған.

    2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 265,282 млн. теңге. бөлініп, аудан аумағында 22 спорт алаңшалары салынды.

    Жамбыл ауылындағы бұрынғы №16 БЖСМ ғимаратынының орнынан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жобалық құны 94 млн. теңгені құрайтын ангарлық спорт кешен соғуға жеке кәсіпкер Қ.Құрамаев келісім берді. Ағымдағы жылы құрылысы жүргізіледі деп жоспарлануда.

    Сонымен қатар, 2021 жылы облыстық бюджет есебінен Андас батыр ауылдық округінің Гранитогорск, Қызыл қыстақ, Шалдовар ауылдарына,  Ақермен ауылдық округінің Алтын арық, Кентай ауылдарына, Аспара ауылдық округінің Қайындысай ауылына кіші футбол, стритворкаут, үстел теннис алаңдарына ЖСҚ-лар әзірленген, жалпы құны 76260,0 мың теңге облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына ұсыныс берілді. Қаражат бөлінген жағдайда құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

    Ішкі саясат: Меркі ауданында Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы  Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспары, ақпараттық топтардың жұмыс кестесі (2020 жылдың 03 қыркүйек №410-ө өкімімен) бекітіліп, жұмыс жүргізілді.

    Өткен шаралар жергілікті баспасөзде және әлеуметтік желілерде жарияланды.

    Аудандық ақпарттық топтар 45 елді мекенде 45 кездесу өткізіп, тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Аудандық БАҚ-да 27 материал жарық көрді. Ақпарат агенттіктерде жарияланған материал саны 15, телеарналарға шыққан сюжеттер саны 3, әлеуметтік желіде жарияланған посттар саны 112, бейнероликтер саны 14, сыртқы көрнекі ақпарат құралдарының саны 5.

       «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша:2020 жылы көтерме жәрдемақы алу үшін 102 маманға (білім бөлімінен 50, денсаулық сақтау 30, ветеринария 20, мәдениет 2) 28335,0 мың теңге аудан бюджетінен бөлініп,әр маманға 277,8 мың теңгеден берілді.(2019 жылы 50 маманға 176,7 мың теңге).Тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн 48 маманға (білім бөлімінен 35, денсаулық сақтау 9, ветеринария 4) 203017,0 мың теңге бөлініп әр маманға 4167,0 мың теңгеден берілді.(2019 жылы12 маманға 3,7 млн. теңге)

             Жұмыспен қамтубөліміне жыл басынан 4419 адам (2019 жылы-3432 адам)қайырылып, 4419 адам (2019 жылы-3432 адам) жұмыспен қамтылды. Есепті мерзімде  жұмыссыздар саны – 512 адам. (2019 жылы-522 адам).

    «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарламасы бойынша:

    I  бағыты: 2020 жылы қысқа мерзімді кәсіби оқуға 150адам 24,9 млн.теңге қаражат бөлініп, «Бағыт Тараз» ЖШС-мен және аудандағы тағы басқа да колледждерімен келісім-шарт жасалынып, 150 адам оқуды аяқтап, куәліктерін алып, 100% тұрақты жұмысқа орналасты.

             II бағыты: 2020 жылы  жоспар 358 болса, 358 адам бастау бизнес бойынша оқуға жолданып, 343 аяқтап сертификаттарын алды. Оның ішінен 14 адам шағын несие алды.

             2020 жылы шағын несие бойынша 118 адам 455,0 млн.теңге толығымен алды. Оның ішінде: 29 жасқа дейінгі жастар36 адам.

    2020 жылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік қайтарымсыз грант бойынша 895 адамға(2019 жылы 510 адам), 489,3 млн. теңге берілді. (Оның ішінде 155көп балалы отбасы, 299 аз қамтылған  отбасы, 29 жасқа дейінгі жастар 197,  мүмкіндігі шектеулі азамат  3,  қандастар 7,  басқалары  234).

    III бағыты: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша:

             1)2020 жылы жастар тәжірибесіне 140 адамға  46,3 млн.теңге(РБ – 45,4, ЖБ – 0,9) бөлініп, 37 мекемемен (аудандық орталық аурухана және ауылдық округтерге)келісім-шарт жасалынып, 150 адам жұмысқа жолданды. (Оның 85-і келісім-шартты аяқтап, 72-і тұрақты жұмысқа орналасты (84,7%). (2019 жылы 143 адам).

             2)2020 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 80 адам жоспарланып, 16,9 млн.теңге(РБ –8,5, ЖБ – 8,4) бөлінді. 24 мекемелер мен шаруақожалықтарымен келісім-шарт жасалып, 132 адам жұмысқа жолданды. (132-іжұмыстарын аяқтап, 105-і тұрақты жұмысқа орналасып 79,5% құрады.)

             3)2020 жылы ақылы қоғамдық жұмыс орындарына қосымша 400 адамға190,2 млн.теңге. (РБ – 54,4 млн.теңге, ЖБ – 135,8 млн.теңге)бөлініп, 16 мекемеге 506 адам жұмысқа жолданды, 235-і жұмыстарын аяқтап, 26-сы тұрақты жұмысқа орналасты.

    Атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасы бойынша2020 жылы бюджеттен 395,996 млн. теңге (РБ-395,184 млн, ОБ-0,812 млн),(2019 жылға -2253,0 млн.теңге, РБ-1724,5 млн. тнг, ҰҚ-500,0 млн, тңг. ЖБ-28,5 млн.тңг.)қарастырылып, 926 отбасындағы 4998 адамға 395,996 млн. теңге (2019 жылға 3638 отбасы 17422 адамға 2253,0 млн. тг) тағайындалып, толығымен төленді. Кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға (1-6 жасқа дейінгі балаларға арналған азық-түлік және гигиеналық құралдарға) 69,468 млн. теңге (РБ-69,468 млн.) қарастырылып, ай сайын 727 отбасының 1-6 жасқа дейінгі 1167 балаға азық-түлік топтамасы айына бір рет, тоқсанына бір рет берілетін тұрмыстық химия заттары тағайындалып, толығымен таратылып берілді.

             Аудан көлемінде жалпы мүгедектер саны 2586 (2019 жылы – 2568) адамды құрайды, оның ішінде: 1 топ – 194 адам (2019 жылы – 185),  2 топ -1099 адам (2019 жылы – 1114),  3 топ – 944 адам (2019 жылы – 918),  16 жасқа толмаған мүгедек балалар саны – 349 адам (2019 жылы – 351).

    2020 жылы үйде оқытылып жатқан мүгедек-балаларға жәрдемақы төлеу үшін 74 өтініш қабылданып (2019ж-103 өтініш),  3,8 млн.теңге (2019ж-5,1 млн) есеп шоттарына аударылып берілді.

    Ауған соғысының 68 (2019ж-67 азамат) ардагеріне 6,8 млн.теңге (2019ж-2,1 млн.), Чернобыль апатына ұшыраған 14 азаматқа 420 мың (2019ж-14 азаматқа 420 мың теңге), ҰОС соғысының ардагерлерімен қатысушыларына, жесіріне, концлагерде болған азаматқа, наградталған және тыл еңбеккерлеріне барлығы 340 (2019ж-398 азамат) азаматқа 13,5 млн.теңге (2019ж-9,2 млн.) төленіп берілді.

    Міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін 2020 жылы мұқтаж 213 азаматқа 21,6 млн.теңге бөлініп, игерілді. (2019ж- 198  адамға 20,5 млн.теңге).

    16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл және Рождество мерекелерінің қарсаңында демеушілік есебінен 508 тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді (5,720 млн. теңге).

             Жастар саласы:Аудан бойынша жалпы халық санының ішінде жастар саны – 17643 (ерлер – 8518, әйелдер – 9125), яғни 21% құрайды.

    2020 жылы ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-не 41 млн. 449 мың теңге қаржы бөлінді.

    2020 жылдың қорытындысы бойынша «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен әр түрлі бағыттар бойынша 436 іс-шара өтті.

    Сонымен қатар, 2020 жылдың қорытындысымен, «Үздік директор – 2020» номинациясымен Меркі аудандық жастар ресурстық орталығының директоры –Е.Дүйсенқұл, «Үздік қызметкер – 2020» номинациясымен ұйымдастару бөлімінің басшысы –Н.Жұманазаров және алғыс хаттармен директордың орынбасары –А.Кушикбай, ақпараттық талдау бөлімінің басшысы –О.Тойбаев марапатталып, Меркі ауданы Жамбыл облысы бойынша 1-ші орынды иеленді.

    Ауданда қылмыспен күресу және оның алдын алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.2020 жылы 261 қылмыс тіркелген (2019 жылы – 334)73 дерекке немесе 21,9% төмендеген. 2020 жылы Меркі ауданында жергілікті атқарушы органдар арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы орын алған қылмыстар саны 0 (2019 жылы – 1).

             Арыз-өтініштер бойынша 2020 жылы аудан әкімі аппаратына келіп түскен жазбаша өтініш-арыздардың саны – 1234 (2019ж.-663). Жеке қабылдауға 2020 жылы барлығы 354 (2019ж.-637) азамат қабылданып, қолданыстағы заңдар аясында тиісті жауаптарын алған.

    Аудан әкімінің 2019 жылдың қорытындысы бойынша 2020 жылдың ақпан айында халыққа есеп беру кездесуі барысында айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі бекітілген «15» ақпандағы №94 қаулыдағы іс-шаралар жоспарына сәйкес 22 мәселе бақылауға алынған. Аталған мәселелер аудан әкімдігінің мәжілісінде 2 мәрте қаралып, орындалған 18 мәселе бақылаудан алынды. Қалған 4 мәселе бүгінгі күнге орындалу үстінде.

    Құрметті аудан тұрғындары!

    Жыл басында өткен ҚР Парламенті және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы аудан деңгейінде ұйымшылдықпен өтті.Біздің бүгінгі жетістігіміз – мызғымас бірлігіміздің, заманның талабына орай тез бейімделіп, талмай еңбек еткен азаматтардың, әрбір отбасының мүддесі үшін бекітілген бағдарламалардың жоғары деңгейде орындалуының жемісі. Ендігі біздің мақсатымыз, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай – «келер ұрпаққа қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде  табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу».

             Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы  Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауында көрсетілген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – құру тұжырымдамасына сәйкес, аудан халқының сұранысынан туындап жүрген өзекті мәселелерді шешуде жүйелі жұмыстар жүргізетін боламыз.

    Меркі ауданы әкімінің халық алдындағы
    есеп беру кездесуін өткізу кестесі

     

      (2021 жылдың 28 қаңтары – 11 ақпаны)                                                        

    Аудан, қала атауы Қаңтар Ақпан
    28

    бейсенбі

    29

    жұма

    1

    дүйсенбі

    2

    сейсенбі

    3

    сәрсенбі

    4

    бейсенбі

    5

    жұма

    8

    дүйсенбі

    9

    сейсенбі

    10

    сәрсенбі

    11

    бейсенбі

    12

    жұма

    Аудан, қала атауы Қаңтар Ақпан
    28

    бейсенбі

    29

    жұма

    1

    дүйсенбі

    2

    сейсенбі

    3

    сәрсенбі

    4

    бейсенбі

    5

    жұма

    8

    дүйсенбі

    9

    сейсенбі

    10

    сәрсенбі

    11

    бейсенбі

    12

    жұма

     

    Меркі

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    09.30

    Ақтоған а/о, Ақтоған а., округ әкімдігінің

    ғимараты

    09.30

    Сарымолдаев а/о, Сарымолдаев а., №9 ЖББМ

    09.30
    Ақермен а/о,

    Ақермен а., ауыл клубы

    09.30

    Сұрат а/о

    Сұрат а.,

    мәдениет үйі

    09.30

    Аспара а/о,

    Аспара а.,
    ауыл клубы

              16.00

    Қорытынды есеп,

    Меркі а., Аудандық мәдениет үйі

     
    11.30

    Жамбыл а/о,

    Жамбыл а., №18 ЖББМ

     

    11.30

    Ойтал а/о,

    Ойтал а.,

    №48 ОМ

    11.30

    Тәтті а/о,

    Тәтті а.,

    ауыл клубы

    11.30

    Жаңатоған а/о

    Қостоған а., ауыл клубы

    11.30

    Кеңес а/о,

    Кеңес а.,

    ауыл клубы

                 
    15.00

    Меркі а/о,

    Меркі а., «Оқушылар «Үміт» сарайы»

    15.00

    Ақарал а/о,

    Ақарал а.,

    мәдениет үйі

    15.30

    Т.Рысқұлов а/о,

    Интернациональный а.,
    №7 ЖББМ

    15.00

    Андас Батыр а/о,

    Андас Батыр а., №21 ЖББМ

                   

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Меркенского района