100%200%
Меркі ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Аудан әкімінің аудан тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі барысында айтылған ескертулер мен ұсыныстарды орындау бойынша бекітілген іс-шара жоспарының 2019 жылдың І тоқсанына орындалу барысы туралы

    Меркі ауданы әкімдігінің

    2019 жылғы «13» ақпандағы

    №49 қаулысымен бекітілген

     

    «Меркі ауданы әкімінің аудан тұрғындары алдындағы «2018 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2019 жылға арналған міндеттері туралы» есеп беру кездесулерінде айтылған ескертулер мен ұсыныстарды орындау бойынша бекітілген іс-шара жоспары

    (2019 жылғы 1 сәуірге орындалуы)

    Атқарылатын жұмыстар Жауаптылар Орындалу барысы Ескертпе
    1 Барлық салада атқарылатын жұмыстарды, мемлекет тарапынан берілетін көмектер мен жеңілдіктерді халыққа кеңінен насихаттау мақсатында жоспар бекітіп, жұмыстар жүргізу Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Әр сала бойынша мемлекет тарапынан берілетін көмектер мен жеңілдіктерді халыққа насихаттау мақсатында  медиа жоспар бекітілген. Жоспарға сәйкес  газ, су, электр жүйесі, денсаулық саласы (портал, тегін дәрі т.б), қызмет көрсету, жер мәселелері туралы 55 мақала аудандық газеттерде жарияланып, әлеуметтік желілерде (фейсбук, инстаграмм парақшаларында) және аудан әкімдігінің ресми сайтында жариялануда. Орындалуда
    2 Барлық ауылдық округтерде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, көп балалы және тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсету мақсатында жұмыс жоспарын бекітіп, жүзеге асыру Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Аудан аумағындағы көп балалы, жалғыз басты және әлеуметтік жағдайы осал топтағы аз қамтамасыз етілген отбасыларды анықтау бойынша жұмыс жоспары бекітілді. Жұмысшы топтың округтерді зерделеуі барысында, жайсыз жағдайда тұрып жатқан 93  отбасы аңықталып, олардың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін ауданның белді және ниет білдірген азаматтарына бекітілді (кәсіпкерлерге, шаруақожалық және т.б.). Бүгінгі таңда 93 отбасының мүшелеріне материалдық, азық-түлік және т.б. көмектер көрсетілді. Ауданның кәсіпкерлерімен, шаруақожалық иелерімен тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету мәселесі бойынша бүгінгі күнде 152 аз қамтылған отбасыларға (оның ішінде жоғарыда көрсетілген 93 отбасы) қайырымдылық көмектер 2311,0 мың теңгеге көрсетілді (жан жылуы қайырымдылық акциясы, кәсіпкерлерден және т.б.). Орындалуда
    3 Бұқаралық спортты дамыту мақсатында елді мекендерге стритворкаут алаңшаларын салу Аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімі Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2019 жылы ІІІ – ІV тоқсанда 10 елді мекендерге стритворкаут және спорт алаңшаларын салу жоспарлануда. Тәтті ауылдық округінде кіші футбол алаңшасын салу тамыз айында, Меркі, Андас батыр, Кеңес ауылдық округтерінде қыркүйек айында, Ақарал, Ақермен, Сұрат, Аспара ауылдық округтерінде қазан айында, Ақтоған, Жаңатоған ауылдық округтерінде қараша айында стритворкаут алаңшасын салу жоспарлануда. Орындалуда
    4 Жастарды кәсіпке баулу мақсатында озық тәжірибелі кәсіпкерлердің тәжірибесін насихаттау бойынша іс-шара жоспарын бекітіп, жүзеге асыру Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығы Ауданда әр ауылдық округтер бойынша қажетті бизнес түрлеріне талдау жасай отырып, кәсіпкерлікке икемі бар жастар және олардың бизнес жобалары бойынша ұсыныстары жинақталып, дерекқоры жасақталынып, іске асыру тетіктері қалыптастырылды. Меркі ауданының барлық елді мекендеріндегі жұмыссыз жастарға кәсіпкерлікке баулу мақсатында насихаттық топ жасақталып, қазіргі таңда насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Аудан бойынша 12 кәсіптік бағыт бойынша кәсіпкерлер жұмыссыз жастарды тегін кәсіпке оқыту семинарларын өткізуге арналған жоспар жасалып, бекітілді. Кәсіпкерлікті меңгеремін деген жастардың базасы жасақталды. Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және аудан әкімдігінің «Жұмыспен қамту» орталығымен бірлесе отырып, әр аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері кәсіп ашуға ниет білдіруші жастардың бизнес жобалары тыңдалатын болады. Жоспарға сәйкес кәсіптің 12 түрі бойынша оқыту семинарлары жүргізілу жоспарлануда. Орындалуда
    5 Аудан көлемінде «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын,  «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Аудан көлемінде «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын,  «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша жоспарға сай жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» инстаграмм мен фейсбук  әлеуметтік желілеріне атқарылған іс-шаралар туралы мәліметтер салынып, жұмыс істеуде. Орындалуда
    6 Білім беру мекемелеріне күрделі жөндеу жұмыстары бойынша №2, №12 ЖББМ қаржыландыруға ұсыну, №11,44,48 ЖББМ ЖСҚ сараптамадан өткізу Аудан әкімдігінің білім бөлімі

     

    Аспара ауылы №2 ЖББМ кешенді күрделі жөндеу, сейсмокүшейту жұмысына ЖСҚ әзірленген. Смета құны 192666,0 мың теңгені құрап отыр. Ойтал ауылы №12 Қ.Сарымолдаев атындағы ЖББМ кешенді күрделі жөндеу, сейсмокүшейту жұмысына ЖСҚ әзірленген. Смета құны 267639,0 мың теңгені құрап отыр. Жоба барлық басқармалармен келісіліп, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған, қаражат сұралуда.

    Ақермен ауылы №11 Ә.Хасенов атындағы ЖББМ күрделі жөндеу, сейсмокүшейту жұмысына ЖСҚ әзірленіп, алдын ала сметалық құны 315 млн теңгені құраған. Алайда, жобалаушы мекемемен келісу арқылы смета құнын кемітуге қайта есептеліп, болжамдық құны 231 млн теңгені құрауда. Қайта сараптамаға конкурс жарияланды. Жеміс жидек ауылы №44 ЖББМ күрделі жөндеу, сейсмокүшейту жұмысына ЖСҚ әзірленіп, алдын ала сметалық құны 298 млн теңгені құраған. Алайда, жобалаушы мекемемен келісу арқылы смета құнын кемітуге қайта есептеліп болжамдық құны 259 млн теңгені құрауда. Қайта сараптамаға конкурс жарияланды. Ойтал ауылы №48 ЖББМ күрделі жөндеу, сейсмокүшейту жұмысына ЖСҚ әзірленіп, алдын ала сметалық құны 268 млн теңгені құраған. Алайда, жобалаушы мекемемен келісу смета құнын кемітуге қайта есептеліп болжамдық құны 243 млн теңгені құрауда, қайта сараптамаға конкурс жарияланды.

    Орындалуда
    7 «Жұлдыз» сауықтыру лагерінің асханасына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу Аудан әкімдігінің білім бөлімі Меркі тау шатқалында орналасқан «Жұлдыз» жазғы сауықтыру лагерінің 100 орындық асханасын қайта жаңғыртудан өткізу үшін 18 млн теңгеге жобалау жұмыстары жүргізілген. Бүгінде «Сыпатай батыр» ЖШС-нің басшысы жеке кәсіпкер Қ.Шайхиевтен жөндеу жұмыстарын жүргізуге ұсыныс түскен. Жұмыстар сәуір-мамыр айларына жоспарланған. Орындалуда
    8 Аудан аумағында су қоймаларының құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі Меркі ауданы аумағында салынатын су қоймаларының құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу үшін, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына хат жолданды. Орындалуда
    9 Сүт өнімдерінің көлемін арттыру мақсатында асыл тұқымды сүт бағытындағы МІҚ мал басы санын арттыру, қолдан ұрықтандыру жұмыстарын ұйымдастыру Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі Асыл тұқым сүт бағытындағы МІҚ мал басы санын арттыру  мақсатында 2019 жылға ауданға 458 бас ірі қара импорттау межесі қойылды. Бүгінгі күнге 221 бас ірі қара мал басы шет елден сатып алынды. Сүт көлемін арттыру кооперативтер есебінен де  жоспарланып отыр. 2019 жылға 1800 тонна сүт жинақтап өткізу межесі қойылып, ағымдағы жылдың наурыз айында  кооперативтер165 тонна сүт өткізді. Қойды қолдан ұрықтандыру мақсатында ауданда «Меркі асыл тұқым» кооперативі құрылды. Бүгінгі күні кооператив қолдан ұрықтандыруға қажетті құрал жабдықтармен жабдықталған пунктер құру, қолдан ұрықтандыратын мамандарын оқыту және тұқымдық қошқарларды сатып алу жұмыстарын ұйымдастыруда. Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап қойларды қолдан ұрықтандыру жұмысын бастайды. Шаруа қожалықтар ірі қараны «Асылдандыру-Тараз» ЖШС-мен келісім шартқа отырып, ұрықтандыруда. Жұртшылықтағы ірі қараны ұрықтандыру қоғамдық табындағы бұқалар арқылы жүруде. Аудан бойынша 60-қа жуық сиыр табыны бар. Осы табында 80-ге жуық бұқалар бар. Орындалуда
    10 Бос жерлерді мерзімінде айналымға қосу мақсатында аукциондар мен конкурстар өткізу жұмыстарын жүйелі жүргізу Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі Қазіргі таңда елді мекен шегіндегі бос жер телімдеріне кәсіпкерлерді қолдау мақсатында Меркі ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі тарапынан ағымдағы жылдың 14 наурызында 1 (бір) аукцион межеге сәйкес өткізілді. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы бос жер телімдеріне ағымдағы жылдың екінші тоқсанында конкурс өткізілетін болады. Орындалуда
    11 Ауданда мал ұрлығының алдын алу, орын алған қылмыстардың жедел ашылуын қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдау Аудандық ішкі істер бөлімі мен аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесі «Қауіпсіз аймақ» жобасын іске асыру мақсатында ауылдық округ әкімдіктері мен учаскелік инспекторлары арасында іс-шара жоспары қабылданып, осы жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде. 2019 жылдың 3 айында 55 ұрлық орын алған (2018 ж.-72), оның ішінде мал ұрлығы 6 дерек (2018 ж-13). 2019 жылдың ақпан айында мал ұрлығының алдын алу мақсатында, мал иесі- мал бағушы және аудан аумағындағы әр ауылдық округінің ветеринар мамандарының қолы қойылған үш жақты келісім шарттар жасалып, қол қойылды. Сонымен қатар, әр ауылдық округтің учаскелік инспекторлары мал ұрлығы бойынша заңнамадағы көзделген жауапкершіліктер көрсетілген ескертпелерді таратты. Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында учаскелік инспекторлар мен ауыл әкімдері осы жұмысқа жергілікті тұрғындарды кеңінен тарту жолымен, көршілік бақылауды күшейту, қора жайларға бейне бақылау құралдарымен жабдықтау сияқты түсіндірме жұмыстары жандандырылды. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 23 учаскелік инспекторларының бәрі өзі жұмыс атқаратын ауылдық округте тұрады. Орындалуда
    12 Аудан аумағындағы 82 су ұңғымалары, 29 каналды республикалық меншікке өткізу мақсатында жерге орналастыру жобасы, мемлекеттік актісі, техникалық төлқұжаттарын жасау Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі Меркі ауданының аумағында орналасқан барлығы 111 су нысандарын (оның ішінде 82 су ұңғымалар, 29 каналдар) республикалық меншікке өткізу мақсатында аудан әкімдігінің 2018 жылғы 11 маусымдағы №225 қаулысымен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің теңгеріміне өткізіліп, мемлекеттік актілері мен техникалық төлқұжаттарды дайындау үшін барлығы 25,5 млн. теңге қаражат аудандық бюджеттен  қарастырылған. Қазіргі уақытта аталған құжаттарды дайындау үшін ағымдағы жылдың 14 қаңтарында «Мемлекеттік сатып алу» порталына жерге орналастыру жобаларын және мемлекеттік актілерін әзірлету үшін конкурс негізінде 2 лот (82 су ұңғымасы-8353981 теңге, 29 канал-12013907 теңге) шығарылды. 2019 жылдың 15 ақпанында «АртайГеоКарт» аталған конкурстың жеңімпазы болып анықталып, жерге орналастыру жобалары дайындалуда. Орындалуда
    13 Ауылдық округтерді ветеринарлық пункттермен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу Аудан әкімдігінің ветеринария бөлімі 2019 жылы 4 ауылдық округтерді (Аспара, Кеңес, Тәтті, Т.Рысқұлов) ветеринариялық пункттермен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 35 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі күнге  Аспара ауылдық округін ветеринариялық пунктпен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алу веб порталына конкурс жарияланған. Нәтижесі мамыр айында белгілі болады. Қалған 3 ауылдық округттерді  (Кеңес, Тәтті, Т.Рысқұлов) ветеринариялық пункттермен қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстар атқарылуда.  
    14 Ауданға келген жас мамандарға әлеуметтік

    көмек көрсету

    Аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспалау бөлімі 2019 жылы ауданға келген жас мамандарға әлеуметтік көмек көрсету үшін тұрғын үй алуға несиеге 45450,0 мың теңге, көтерме ақы төлеуге 8887,0 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күнге 22 адам несиеге, 49 адам көтерме жәрдем ақыға кезекте тұр. 1-ші сәуірге 3 адамға тұрғын үй алуға 11157,8 мың теңге несие берілді. Орындалуда
    15 Облыс әкімімен және салалық басқармалармен бекітілген межелер мен индикаторлық көрсеткіштерді тоқсан сайын зерделеп, шешім қабылдау Аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспалау бөлімі 2019 жылғы облыс әкімі мен аудан әкімі, облыс басқармалары мен аудан әкімі және  аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдері арасындағы келісімдер әзірленіп, индикаторлық көрсеткіштер бойынша жоспарлар белгіленді. 2019 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша  облыс әкімі мен аудан әкімі, облыс басқармалары басшылары мен аудан әкімі және  аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдері арасындағы келісімдердегі индикаторлық көрсеткіштердің орындалуына алдын ала зерделеу жұмыстары жүргізіліп, ақпарат дайындалды. Орындалуда
    16 Аудандағы азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізу Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі Негізгі азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары бағаларын тұрақтандыру бойынша аудан әкімдігінің 2019 жылы 31 қаңтардағы №16 қаулысымен  тұрақты жұмыс істейтін аудандық штаб құрылып, 2019 жылы негізгі азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары бағасын тұрақтандыру бойынша 18 наурызда, 1 отырыс өткізілді. Азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру және халықтың қол жетімді бағада алуын қамтамасыз ету мақсатында, 2019 жылдың 20 наурызында, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімімен бірлесе отырып, әлеуметтік азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аталған жәрмеңкелерде ауыл шаруашылығы өнімдері нарық бағасынан 15-20% төмен саудаланды. Әр аптаның бейсенбі күні азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары бағаларына мониторинг жүргізіліп, мониторинг мәліметтері кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту және ауыл шаруашылығы басқармаларына жолдануда. Орындалуда
    17 Денсаулық саласы бойынша аудандағы 6 елді мекендерге медициналық нысандардың құрылысын жүргізу  (Арал қыстақ, Мыңқазан, Сыпатай, Қазақдихан, Қарасу, Талдыбұлақ) Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі және аудандық орталық аурухана 2019 жылы 6 ауылға медициналық нысандары үшін ғимараттар сатып алу көзделуде (3 ФАП Сыпатай, Мыңқазан, Талды бұлақ; 3 мед. пункт Аққайнар, Тескентоған, Алтын арық). Орындалуда
    18 Меркі ауылындағы балалар кітапханасын күрделі жөндеуден өткізу Аудан әкімдігінің

    мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

    Меркі ауылындағы балалар кітапханасын күрделі жөндеуден өткізуге мемлекеттік сараптама алынған. Жалпы сметалық құны 32293,0 мың теңге. Бюджеттен қаржы қарастыру қажет етеді. Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына хат жолданып қаражат сұралды. Бүгінгі танда өтінім облыстық экономика басқармасында қаралуда. Орындалуда
    19 Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін берілетін жер телімдеріне инженерлік инфрақұрылым құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу, дайын жобаларды сараптамадан өткізу, қаржыландыруға ұсыну Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

     

    Меркі ауданы бойынша 6 алқапқа инженерлік инфрақұрылым электр жүйесі мен қиыршықтас жол жүргізу үшін 11 ЖСҚ әзірленген (5 алқапқа электр жүйесі және қиыршықтас жол: Сарымолдаев 21га, 10 га; Ақтоған 60 га; Сұрат 30 га; Андас батыр 10 га. 1 алқапқа электр жүйесі: Интернационалный 7 га). Сұрат 30 га мен Интернациональный 7 га электр жүйесіне жобаларына оң қорытынды алынған. Андас батыр 10 га, Сарымолдаев 21 га, 10 га, Ақтоған 60 га электр жүйесінің және қиыршық тас жолдың жобаларына оң қорытындылары алынған. Сұрат 30 га қиыршықтас жол жобасына теріс қорытынды алынған. Жобалаушы мекемені мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына беру үшін сараптама мекемесіне және Қызылорда облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасына хат жолданды. Жобалаушы мекеме өз қаражаты есебінен сараптамадан өткізу тиіс. Жамбыл облыстық экономикалық сотына талап арыз ұсынылды. 2019 жылы аудандық бюджеттен 88,0 млн. теңге бөлініп, жеке тұрғын үй құрылысына арналған алқаптарға инфрақұрылым турту үшін 14 алқапқа 30 ЖСҚ (электр жүйесі, қиыршықтас жол, су жүйесі) әзірленеді. Орындалуда
    20 №12 ЖББМ-тің қазандығының құрылысын жүргізу Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі Ойтал ауылындағы №12 К.Сарымолдаев атындағы ЖББМ қазандығының құрылысына 2019 жылға 51,1 млн. теңге бөлінді. Мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Орындалуда
    21 Қазақ Дихан ауылындағы 120 орындық мектептің құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтап, пайдалануға беру Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі Қазақ Дихан ауылындағы 120 орындық мектептің  құрылысына 2018 жылы бюджеттен 100,0 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді. Мердігер мекеме «Андас-Груп» ЖШС. 2019 жылға бюджеттен 395,830 млн. теңге бөлінді. Нысан осы жылғы 01 тамызға дейін пайдалануға беріледі. Орындалуда
    22 Гранитогорск ауылына жаңа 120 орындық мектептің,  Андас батыр ауылындағы мәдениет үйінің, Андас батыр, Кеңес ауылдарындағы ауыз су жүйесінің, Меркі ауылындағы құрылысы жоспарланып отырған спорт мектебінің, Ақтоған, Ойтал ауылдық округтеріндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын орындардың ЖСҚ-ын сараптамадан өткізу. Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

     

    Гранитогорск ауылындағы 120 орындық мектеп құрылысы» ЖСҚ әзірленген. Сметалық құнын төмендету бойынша жұмыстар жүргізілді, нәтижесінде жобаның құны 453,194 млн.теңгеге дейін төмендеді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, сараптамадан өткізуші мекеме анықталды. Жоба сараптамадан өтуде. Андас батыр ауылындағы ауылдық клубының құрылысы» ЖСҚ әзірленген. Жобаның сметалық құнын төмендету жұмыстары жүргізіліп, алдын ала есеп бойынша сметалық құны 117 млн. теңгеге дейін төмендетілген. Бүгінгі күнге мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Андас батыр және Кеңес ауылдарының су жүйесінің құрылысына ЖСҚ әзірленген. Бүгінгі күнге Андас батыр ауылының су жүйесінің ЖСҚ-ры сараптамаға ұсынылған. Кеңес ауылының су жүйесі ЖСҚ-ның сараптамаға қажетті құжаттары жинақталуда және сараптадан өткізуші мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, жеңімпаз анықталды. Меркі ауылындағы спорт кешенінің құрылысы» ЖСҚ әзірленген. Сметалық құнын төмендету бойынша жұмыстар жүргізілді, нәтижесінде жобаның құны 437,0 млн.теңгеге дейін төмендеді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, сараптамадан өткізуші мекеме анықталды. Жоба сараптамадан өтуде. Ойтал (алдын ала сметалық құны 44,500 млн. теңге) және Ақтоған (алдын ала сметалық құны 23,827 млн. теңге) ауылдарында қатты қалдықтар тастайтын полигондардың жобалау сметалық құжаттары әзірленген. Жоба сараптамадан өтуде. Орындалуда
    23 Андас батыр ауылындағы №21 ЖББМ-не қосымша ғимарат салуға, Ақжол ауылына жаңа 80 орындық мектептің құрылысын жүргізуге, Сарымолдаев ауылынан спорт мектебінің құрылысын жүргізуге, Рысқұлов, Қостоған ауылдарына ауыз су құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі Андас батыр ауылындағы №21 ЖББМ-не қосымша ғимарат салуға, Ақжол ауылына жаңа 80 орындық мектептің құрылысын жүргізуге, Сарымолдаев ауылынан спорт мектебінің құрылысын жүргізуге, Рысқұлов, Қостоған ауылдарына ауыз су құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу үшін бюджеттен 2019 жылға қаржы бөлінген, құжаттары жинақталуда. Орындалуда
    24 Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жүйеге келтіру Аудан әкімдігінің ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі Ауданда 44 елді мекеннің 30-ы орталықтандырылған ауыз сумен, ал 14 елді мекені орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтылған. Ауыз су бойынша қамту үлесін арттыру мақсатында орталықтандырылған су құбыры жүргізілмеген 2 елді мекенге Тұрлыбай Батыр, Қарасу ЖСҚ әзірленіп 2019 жылға қаражат қарастырылған. Аудан аумағындағы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған елді мекендердегі тұрғындарды орталықтандырылған су құбырына қосу бойынша іс-шара әзірленіп тиісті жұмыстар жүргізілуде. Орындалуда
    25 Аудандағы жалпы пайдаланымдағы автожолдарды күрделі, орташа және ағымды жөндеуден өткізу Аудан әкімдігінің ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі Аудан бойынша 2019 жылға Республикалық, облыстық және аудандық бюджеттен жалпы 605575,6 мың теңге қаражат қарастырылды. Аталған көшелер орташа жөндеуден өткен кезде жалпы ұзыңдығы 37,105 шақырымды құрайтын болады. 2019 жылға жоспарпланған межеге сәйкес жақсы және қанағаттандырарлық жағжайдағы  жолдар үлесі 86,3 пайызды құрайды.  
    26 Андас батыр ауылдық округіндегі «Нововоскресеновка» газ реттегіш станциясын қайта жаңғырту жобасын іске асыру Аудан әкімдігінің ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі Андас Батыр ауылындағы «Нововоскресеновка» газ реттегіш станциясын қайта жаңғырту мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурс амалдары жүргізіліп 743 млн. 338 мың теңге, мердігері «ГазKZ» ЖШС болып анықталды. 2019 жылы құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтау жоспарлануда.  
    27 Электр қуаты төмен Меркі ауылындағы Сейфуллин, Есімбеков көшелері, Жамбыл ауылындағы Жауғаш батыр көшесіне трансформатор орнату. Аудан әкімдігінің ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі Меркі ауылдық округіне қарасты Е.Есимбеков, С.Сейфуллин көшелері және Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жауғаш батыр көшесіне трансформатор орнату мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және ТҮКШ басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурс амалдары жүргізіліп, мердігері «Energy taraz» мекемесі болып анықталды. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр және маусым айларына жоспарланған.  

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Меркенского района