100%200%
Меркі ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Аудан әкімінің аудан тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі барысында айтылған ескертулер мен ұсыныстарды орындау бойынша бекітілген іс-шара жоспарының  2019 жылдың ІІ тоқсанына орындалу барысы туралы

    Меркі ауданы әкімдігінің

    2019 жылғы «13» ақпандағы

    №49 қаулысымен бекітілген

     

    «Меркі ауданы әкімінің аудан тұрғындары алдындағы «2018 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2019 жылға арналған міндеттері туралы» есеп беру кездесулерінде айтылған ескертулер мен ұсыныстарды орындау бойынша бекітілген іс-шара жоспары

    (2019 жылғы 1 шілдеге орындалуы)

     

    Атқарылатын жұмыстар Жауаптылар Орындалу барысы Ескертпе
    1 Барлық салада атқарылатын жұмыстарды, мемлекет тарапынан берілетін көмектер мен жеңілдіктерді халыққа кеңінен насихаттау мақсатында жоспар бекітіп, жұмыстар жүргізу Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Әр сала бойынша мемлекет тарапынан берілетін көмектер мен жеңілдіктерді халыққа насихаттау мақсатында  медиа жоспар бекітілген. Жоспарға сәйкес  газ, су, электр жүйесі, денсаулық саласы (портал, тегін дәрі т.б), қызмет көрсету, жер мәселелері туралы аудандық  «Меркі тынысы» газетінде 30 мақала және «Меркі Ақиқат» газетінде 28 мақала жарияланып, әлеуметтік желілерде фейсбук парақшасында -15, инстаграмм парақшасында -15 және аудан әкімдігінің ресми сайтында 20 мақала жарияланды. Орындалуда
    2 Барлық ауылдық округтерде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, көп балалы және тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсету мақсатында жұмыс жоспарын бекітіп, жүзеге асыру Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Меркі ауданының көп балалы, жалғыз басты және әлеуметтік жағдайы осал топтағы аз қамтамасыз етілген отбасыларды анықтау бойынша жұмыс жоспары бекітілді. Жұмысшы топтың округтерді зерделеуі барысында, жайсыз жағдайда тұрып жатқан 93  отбасы анықталып, олардың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін ауданның белді және ниет білдірген азаматтарына бекітілді (кәсіпкерлерге, шаруақожалық және т.б.). Бүгінгі таңда 93 отбасының мүшелеріне материалдық, азық-түлік және т.б. көмектер көрсетілді. Оның ішінде 86 отбасыға жаңа форматтағы АӘК тағайындалды және қалған 7 отбасыға (3 жалғызбасты ана, 4 аз қамтылған отбасы) азық-түлік және басқа да көмектер тұрақты түрде көрсетілуде.

    Ауданның кәсіпкерлерімен, шаруақожалық иелерімен тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету мәселесі бойынша бүгінгі күнде 183 аз қамтылған отбасыларға (оның ішінде жоғарыда көрсетілген 93 отбасы) қайырымдылық көмектер 3120,0 мың теңгеге көрсетілді (жан жылуы қайырымдылық акциясы, кәсіпкерлерден және т.б.). «Наурыз-К» ЖШС директоры А.Аубакирова 22 наурыз – Жаңа жыл және 1 маусым – балалар күніне орай 110 мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік іс-шара мен дастархан және сыйлықтар табыстады (жалпы демеушілік көлемі 2 млн. теңге көлемінде).

    Аудан әкімдігінің бастамасымен «Меркі қайырымды жандар» қозғалысы және аудан кәсіпкерлерінің демеушілігі есебінен көп балалы аз қамтылған 3 отбасына (10 млн. теңге көлемінде) жеке меншік тұрғын үйдің кілті табысталды.

    Орындалуда
    3 Бұқаралық спортты дамыту мақсатында елді мекендерге стритворкаут алаңшаларын салу Аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімі Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2019 жылы ІІІ – ІV тоқсандарында 10 елді мекендерге стритворкаут және спорт алаңшаларын салу жоспарлануда. Тәтті ауылдық округінде кіші футбол алаңшаларын салу тамыз айында, Меркі, Кеңес ауылдық округтерінде қыркүйек айында, Ақермен, Сұрат, Аспара ауылдық округтерінде қазан айында стритворкаут алаңшаларын салу көзделуде. 2019 жылдың ІІ тоқсанында Ақтоған, Ақарал, Андас батыр ауылдық округтерінде стритворкаут алаңшалары, Жаңатоған ауылдық округінде кіші футбол және стритворкаут алаңшасы салынып, пайдалануға берілді. Орындалуда
    4 Жастарды кәсіпке баулу мақсатында озық тәжірибелі кәсіпкерлердің тәжірибесін насихаттау бойынша іс-шара жоспарын бекітіп, жүзеге асыру Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығы Жастарды кәсіпкерлікке баулу мақсатында жыл басынан бері 12 кәсіпкерлермен семинарлар өткізу жоспары бекітілді. Жоспар бойынша 8, жоспардан тыс 4 кәсіпкерлермен семинар өткізілді. Нақты айтқанда семинарларда төменде көрсетілген кәсіптермен айналысып, жоғарғы табысқа қол жеткізу мүмкіндігі бар екені жан-жақты түсіндірілді. Олар:  құлпынай егу, автокөлікке техникалық қызмет көрсету, желімдеу, әйнек, пластик, инкубатор, қой өсіру, фотосалон ашу, монша салу, пескоблок, брусчатка, газоблок шығару, автоэлектрик, мал өсіру (ірі қара), тігін, автомаляр ашу, жылыжай (қияр өсіру) салу, тауық өсіру т.б. Семинарға қамтылған жастар саны – 110.  Өз кәсібін ашуға ниет білдіретін жастар саны -106. Үй жағдайында кіші құс фермасын ашуға 8 жас ниет білдірді. Жастарды кәсіпкерлікке баулу мақсатында 24 іс-шара өткізілді. Қамтылған жастар саны 1822. Іс-шара барысында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Р.Маллабаев кіші құс фермасын ашу, тауық еті, жұмыртқаны насихаттау, жастарды кәсіпкерлікке баулу бойынша жастарға насихаттау жұмыстарын жүргізді. Жалпы 12 ауылдық округ бойынша жастар қамтылып, 8 жас өз кәсібін ашу үшін инкубатор аппаратына тапсырыс берді. Орындалды
    5 Аудан көлемінде «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын,  «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Аудан көлемінде «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын (қазан, 2018ж.) түсіндіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы аудан әкімінің 2018 жылдың 08 қазандағы №664-ө өкімі бекітілген, аудандық  7 ақпараттық- топ құрылған, әр топта 5 адамнан, 35 адам құрайды  әр топқа  2 ауылдық округтен бөлінген.  Аудандық  ақпараттық топтар   бекітілген  кестеге сәйкес  14 ауылдық округтерде  кездесулер өткізді. Меркі ауданында ҚР тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша Меркі ауданында  2019 жылы қаңтар-желтоқсан айларында желілік кестеге сәйкес іс-шара жоспары бектілген. Яғни бектіліген жоспарға сай Желілік кесте бойынша 1 айға 15 іс-шарадан жоспарланған. Әр түрлі форматта  және  Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бойынша іс-шаралар өткізілуде. Жоспар бойынша өткізіліп тұратын іс-шаралардың негізгісі  ұлттық құндылықтарын сақтау мен рухани тәрбие беруге бағытталған. Өткізілген және атқарылған жұмыстар бойынша айлық, тоқсандық, жылдық есептер мен ақпараттар аудандық және облыс әкімдігіне берілуде. 2019 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары «Рухани жаңғыру» атты әлеуметтік желісінде ашылған инстаграмм парақшасына-111, фэйсбук парақшасына-100, аудан әкімінің сайтына-105 іс-шаралар және «Меркі ақиқат» пен «Меркі тынысы» аудандық газеттеріне-50 мақалалар  жарияланды. Орындалуда
    6 Білім беру мекемелеріне күрделі жөндеу жұмыстары бойынша №2, №12 ЖББМ қаржыландыруға ұсыну, №11,44,48 ЖББМ ЖСҚ сараптамадан өткізу Аудан әкімдігінің білім бөлімі

     

    Аспара ауылы №2 ЖББМ кешенді күрделі жөндеу, сейсмокүшейту жұмысына ЖСҚ әзірленген. Смета құны 192666,0 мың теңгені құрап отыр. Ойтал ауылы №12 Қ.Сарымолдаев атындағы ЖББМ кешенді күрделі жөндеу, сейсмокүшейту жұмысына ЖСҚ әзірленген. Смета құны 267639,0 мың теңгені құрап отыр. Жоба барлық басқармалармен келісіліп, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған, қаражат сұралуда.  Ақермен ауылы №11 Ә.Хасенов атындағы ЖББМ күрделі жөндеу, сейсмокүшейту жұмысына ЖСҚ әзірленіп, алдын ала сметалық құны 315 млн. теңгені құраған. Алайда, жобалаушы мекемемен келісу арқылы смета құнын кемітуге қайта есептеліп, болжамдық құны 231 млн. теңгені құрауда. Қайта сараптамаға тапсырылды. Жеміс жидек ауылы №44 ЖББМ күрделі жөндеу, сейсмокүшейту жұмысына ЖСҚ әзірленіп, алдын ала сметалық құны 298 млн. теңгені құраған. Алайда, жобалаушы мекемемен келісу арқылы смета құнын кемітуге қайта есептеліп болжамдық құны 259 млн. теңгені құрауда. Қайта сараптамаға тапсырылды. Ойтал ауылы №48 ЖББМ күрделі жөндеу, сейсмокүшейту жұмысына ЖСҚ әзірленіп, алдын ала сметалық құны 268 млн. теңгені құраған. Алайда, жобалаушы мекемемен келісу смета құнын кемітуге қайта есептеліп болжамдық құны 243 млн теңгені құрауда. Қайта сараптамаға тапсырылды. Орындалуда
    7 «Жұлдыз» сауықтыру лагерінің асханасына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу Аудан әкімдігінің білім бөлімі Меркі тау шатқалында орналасқан «Жұлдыз» жазғы сауықтыру лагерінің 100 орындық асханасын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. ЖСҚ құны 25 млн теңгені құрады. Құрылыс-монтаждық жұмыстарын «Сыпатай батыр» ЖШС-нің демеушілік көмек негізде жүргізілді. Орындалды
    8 Аудан аумағында су қоймаларының құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі Меркі ауданы аумағында салынатын су қоймаларының құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу үшін  Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына 32,0 млн. теңге қаражат қарастырылған. Қазіргі таңда құрылыс басқармасында ЖСҚ әзірленуде. Орындалуда
    9 Сүт өнімдерінің көлемін арттыру мақсатында асыл тұқымды сүт бағытындағы МІҚ мал басы санын арттыру, қолдан ұрықтандыру жұмыстарын ұйымдастыру Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі Асыл тұқымды сүт бағытындағы МІҚ мал басы санын арттыру  мақсатында 2019 жылға ауданға 458 бас ірі қара импорттау межесі қойылды. Бүгінгі күнге 221 бас ірі қара мал басы шет елден сатып алынды. Сүт көлемін арттыру кооперативтер есебінен де  жоспарланып отыр. 2019 жылға 1800 тонна сүт жинақтап өткізу межесі қойылып, 2019 жылдың 6 айында  кооперативтер 1233 тонна сүт өткізді. Қойды қолдан ұрықтандыру мақсатында ауданда «Меркі асыл тұқым» кооперативі құрылды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап қойларды қолдан ұрықтандыру жұмысын бастайды. Шаруа қожалықтар ірі қараны «Асылдандыру-Тараз» ЖШС-мен келісім шартқа отырып, ұрықтандыруда. Жұртшылықтағы ірі қараны ұрықтандыру қоғамдық табындағы бұқалар арқылы жүруде. Аудан бойынша 60-қа жуық сиыр табыны бар. Осы табында 80-ге жуық бұқалар бар. Орындалуда
    10 Бос жерлерді мерзімінде айналымға қосу мақсатында аукциондар мен конкурстар өткізу жұмыстарын жүйелі жүргізу Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі Меркі ауданындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайта айналымға қосу мақсатында 2019 жылы 1 (бір) конкурс ұйымдастырылып, жалпы ауданы 364,4134 гектар, оның ішінде егістік 358,2976 гектар, жайылым 6,1147 гектарды құраған 18 (он сегіз) жер учаскелері жалға берілген. Елді мекен жерлеріндегі кәсіпкерлік мақсаттағы бос жерлерді сауда-саттықта сату мақсатында 2 (екі) аукциондар ұйымдастырылып (наурыз, сәуір), жалпы ауданы 1,9139 гектар жер учаскелері жалпы құны 8121400 теңгеге сатылды. Орындалуда
    11 Ауданда мал ұрлығының алдын алу, орын алған қылмыстардың жедел ашылуын қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдау Аудандық ішкі істер бөлімі мен аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесі  Ауданда мал ұрлығының алдын алу, орын алған қылмыстардың жедел ашылуын қамтамасыз ету бойынша ауылдық округ әкімдіктері мен учаскелік инспекторлар бірлескен кешенді жұмыстар жүргізуде. 2019 жылдың 6 айында мал ұрлығы 12 (2018 жылдың 6 айында 12). 2019 жылдың 6 айында мал ұрлығы бойынша ашылған қылмыстар саны 5 (2018 жылы 6 айда 5). «Қауіпсіз аймақ» жобасын іске асыру мақсатында ауылдық округ әкімдіктері мен учаскелік инспекторлары арасында іс-шара жоспары қабылданып, осы жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде. Орындалуда
    12 Аудан аумағындағы 82 су ұңғымалары, 29 каналды республикалық меншікке өткізу мақсатында жерге орналастыру жобасы, мемлекеттік актісі, техникалық төлқұжаттарын жасау Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі Аудан аумағында орналасқан ішкі шаруашылық каналдарына жерге орналастыру жобасы әзірленіп, Меркі ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 мамырдағы №172 қаулысымен «Меркі ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалану құқығына беру туралы қаулысы қабылданып, жер учаскелеріне мемлекеттік актілері әзірленуде. Орындалуда
    13 Ауылдық округтерді ветеринарлық пункттермен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу Аудан әкімдігінің ветеринария бөлімі 2019 жылы Аспара ауылдық округін  ветеринариялық пунктпен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алу веб порталына конкурс жарияланып, 6 млн. теңгеге ветеринариялық пункт ғимараты сатып алынды. Қазіргі кезде нысаналы пайдалану мақсаты өзгертіліп, тиісті құжаттары рәсімделуде. Сарымолдаев ауылдық округіндегі ескі медициналық пунктті теңгерімге алып, ветеринариялық пункт жасау жұмыстары жүргізілуде. Қалған 3 ауылдық округттерді  (Кеңес, Тәтті, Т.Рысқұлов) ветеринариялық пункттермен қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. Орындалуда
    14 Ауданға келген жас мамандарға әлеуметтік

    көмек көрсету

    Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспалау бөлімі 2019 жылы ауданға келген жас мамандарға әлеуметтік көмек көрсету үшін тұрғын үй алуға несиеге 45450,0 мың теңге, көтерме ақы төлеуге 8837,5 мың теңге бөлінді. 2019 жылдың 1 шілдеге 20 адам несиеге, 21 адам көтерме жәрдем ақыға кезекте тұр. 2019 жылдың 1-ші шілдеге 11 адамға тұрғын үй алуға 41 457,5 мың теңге несие, 40 адамға 7070,0 мың теңге көтерме жәрдем ақы  берілді. Орындалуда
    15 Облыс әкімімен және салалық басқармалармен бекітілген межелер мен индикаторлық көрсеткіштерді тоқсан сайын зерделеп, шешім қабылдау Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспалау бөлімі 2019 жылғы облыс әкімі мен аудан әкімі, облыс басқармалары мен аудан әкімі және  аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдері арасындағы келісімдер әзірленіп, индикаторлық көрсеткіштер бойынша жоспарлар белгіленді. Облыс әкімі мен аудан әкімі және облыс әкімдігі басқармаларымен аудан әкім арасында 2019 жылға арналған келісімде 141 меже бойынша көрсеткіштер белгіленген. Орындалуда
    16 Аудандағы азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізу Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі Негізгі азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары бағаларын тұрақтандыру бойынша аудан әкімдігінің 2019 жылы 31 қаңтардағы №16 қаулысымен тұрақты жұмыс істейтін аудандық штаб құрылып, 2019 жылы негізгі азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары бағасын тұрақтандыру бойынша 18 наурызда және 14 мамырда 2 отырыс өткізілді. Азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру және халықтың қол жетімді бағада алуын қамтамасыз ету мақсатында, 2019 жылдың 20 наурызда, 18 мамырда және 25 мамырда аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімімен бірлесе отырып, әлеуметтік азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аталған жәрмеңкелерде ауыл шаруашылығы өнімдері нарық бағасынан 15-20% төмен саудаланды. Әр аптаның бейсенбі күні азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары бағаларына мониторинг жүргізіліп, мониторинг мәліметтері кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту және ауыл шаруашылығы басқармаларына жолдануда. Орындалуда
    17 Денсаулық саласы бойынша аудандағы 6 елді мекендерге медициналық нысандардың құрылысын жүргізу  (Арал қыстақ, Мыңқазан, Сыпатай, Қазақдихан, Қарасу, Талдыбұлақ) Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі және аудандық орталық аурухана 2018 жылы мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында 3 ауылдың (Ойтал, Екпінді, Тұрлыбай батыр) медициналық нысандардың құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. 2019 жылғы 12 медициналық нысандардың (Талдыбұлақ, Сыпатай, Мыңқазан, Аққайнар, Тескентоған, Алтын Арық, Қазақ Дихан, Арал Қыстақ, Құмарық, Беларық, Қарасу, Меркі шипажайы) құрылысы жоспарланған. Жер телімдері анықталған. Қадамдық іс-шара жоспары әзірленді. Құрылысын жүргізетін мердігер мекемелер анықталған. Бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Орындалуда
    18 Меркі ауылындағы балалар кітапханасын күрделі жөндеуден өткізу Аудан әкімдігінің

    мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

    Меркі ауылындағы балалар кітапханасын күрделі жөндеуден өткізуге мемлекеттік сараптама алынған. Жалпы ЖСҚ құны 32293,0 мың теңге. Бюджеттен қаржы қарастыру қажет етеді. Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына хат жолданып қаражат сұралды. 2020 жылға «Ауылым-ел бесігі» бағдарламасына енгізілді. Орындалуда
    19 Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін берілетін жер телімдеріне инженерлік инфрақұрылым құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу, дайын жобаларды сараптамадан өткізу, қаржыландыруға ұсыну Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

     

    Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жобалық сметалық құжаттамалар бойынша соммасы 877,7 млн.теңгені құрайтын 10 жобаға бюджеттік өтінім тапсырылды.Соммасы 62,8 млн.теңгені құрайтын 1 жоба сараптамадан өтуде. Ал, 25 жобаға бүгінгі күні ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Осы аталған жобалар 2020-2021 жылдары қаржыландырылатын болса, кезекте тұрған 4770 адамның 45% қамтиды деп жоспарлануда. Орындалуда
    20 №12 ЖББМ-тің қазандығының құрылысын жүргізу Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі Ойтал ауылындағы №12 К.Сарымолдаев атындағы орта мектебі қазандығының ЖСҚ сараптама қорытындысы    2018 жылғы 24 қаңтарда алынды. №ҚСҚKAZ-0005/18, сметалық құны 64,08 млн теңге. 2019 жылы құрылысына 45,521 млн. теңге бөлініп, 100% игерілді. Мердігер мекеме «Тараз-Ирригация» ЖШС. Құрылыс жұмыстары  2019 жылғы  18 маусымда аяқталып пайдалануға берілді. Орындалды
    21 Қазақ Дихан ауылындағы 120 орындық мектептің құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтап, пайдалануға беру Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі Қазақ Дихан ауылындағы 120 орындық мектептің  құрылысына 2018 жылы бюджеттен 100,0 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді. Мердігер мекеме «Андас-Груп» ЖШС. 2019 жылға бюджеттен 395,830 млн. теңге бөлінді. Нысан ағымдағы жылдың  01 тамызына пайдалануға берілу жоспарлануда. Орындалуда
    22 Гранитогорск ауылына жаңа 120 орындық мектептің,  Андас батыр ауылындағы мәдениет үйінің, Андас батыр, Кеңес ауылдарындағы ауыз су жүйесінің, Меркі ауылындағы құрылысы жоспарланып отырған спорт мектебінің, Ақтоған, Ойтал ауылдық округтеріндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын орындардың ЖСҚ-ын сараптамадан өткізу. Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

     

    Гранитогорск ауылындағы 120 орындық мектеп құрылысы» ЖСҚ әзірленген. Сметалық құнын төмендету бойынша жұмыстар жүргізілді, нәтижесінде жобаның құны 453,194 млн.теңгеге дейін төмендеді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, сараптамадан өткізуші мекеме анықталды. Жоба сараптамадан өтуде. Андас батыр ауылындағы ауылдық клубының құрылысы» ЖСҚ әзірленген. ЖСҚ құнын төмендету жұмыстары жүргізіліп, алдын ала есеп бойынша сметалық құны 117 млн. теңгеге дейін төмендетілген. Бүгінгі күнге мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Андас батыр және Кеңес ауылдарының су жүйесінің құрылысына ЖСҚ әзірленген. Бүгінгі күнге Андас батыр ауылының су жүйесінің ЖСҚ-ры сараптамаға ұсынылған. Кеңес ауылының су жүйесі ЖСҚ-ның сараптамаға қажетті құжаттары жинақталуда және сараптадан өткізуші мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, жеңімпаз анықталды. Меркі ауылындағы спорт кешенінің құрылысы» ЖСҚ әзірленген. Сметалық құнын төмендету бойынша жұмыстар жүргізілді, нәтижесінде жобаның құны 437,0 млн.теңгеге дейін төмендеді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, сараптамадан өткізуші мекеме анықталды. Жоба сараптамадан өтуде.Ойтал (алдын ала сметалық құны 44,500 млн. теңге) және Ақтоған (алдын ала сметалық құны 23,827 млн. теңге) ауылдарында қатты қалдықтар тастайтын полигондардың жобалау сметалық құжаттары әзірленген. Жоба сараптамадан өтуде. Орындалуда
    23 Андас батыр ауылындағы №21 ЖББМ-не қосымша ғимарат салуға, Ақжол ауылына жаңа 80 орындық мектептің құрылысын жүргізуге, Сарымолдаев ауылынан спорт мектебінің құрылысын жүргізуге, Рысқұлов, Қостоған ауылдарына ауыз су құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс, ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімдері Андас батыр ауылындағы №21 ЖББМ-не қосымша ғимарат салуға, Ақжол ауылына жаңа 80 орындық мектептің құрылысын жүргізуге, Сарымолдаев ауылынан спорт мектебінің құрылысын жүргізуге, Рысқұлов, Қостоған ауылдарына ауыз су құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу үшін бюджеттен 2019 жылға қаржы бөлінген,  мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде. Орындалуда
    24 Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жүйеге келтіру Аудан әкімдігінің ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі Ауданда 45 елді мекеннің 30-ы орталықтандырылған ауыз сумен, ал 15 елді мекені орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтылған. Ауыз су бойынша қамту үлесін арттыру мақсатында орталықтандырылған су құбыры жүргізілмеген 2 елді мекенге Тұрлыбай батыр, Қарасу ЖСҚ әзірленіп, 2019 жылға қаражат қарастырылған. Қазіргі танда мемлекеттік сатып алу конкурс амалдары жүргізіліп, мердігерлері: Тұрлыбай батыр ауылына «Арқат Өркендеу», Қарасу ауылына «АсылҚуат Құрылыс» мекемесі болып анықталды. Аудан аумағындағы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған елді мекендердегі тұрғындарды су құбырына қосу бойынша іс-шара жоспары әзірленіп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Орындалуда
    25 Аудандағы жалпы пайдаланымдағы автожолдарды күрделі, орташа және ағымды жөндеуден өткізу Аудан әкімдігінің ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі 2019 жылы жолдардың жөндеу жұмыстарына бюджеттен 605,6 млн. теңге қарастырылды. 3 көшенің жолын орташа жөндеуден өткізу мақсатында мемлекеттік сатып алу амалдары өтуде. Ал қалған    12 көшенің  жолын  орташа жөндеуден өткізу бойынша  мердігер анықталып, бүгінгі таңға тиісті жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар аудандық мәндегі Андас батыр –Гранитогорск  автомобиль жолы 2019 жылға өтпелі болғандықтан қосымша келісім шартқа отырды. Ойтал – Қызыл Кишлак автомобиль жолын орташа жөндеуден өткізу бойынша мемлекеттік сатып алу амалдары өтуде. 2019 жылға жоспарланған межеге сәйкес жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы  жолдар үлесі 86,3 пайызды құрайды. Орындалуда
    26 Андас батыр ауылдық округіндегі «Нововоскресеновка» газ реттегіш станциясын қайта жаңғырту жобасын іске асыру Аудан әкімдігінің ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі Андас Батыр ауылындағы «Нововоскресеновка» газ реттегіш станциясын қайта жаңғырту мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурс амалдары жүргізіліп 743 млн. 338 мың теңге, мердігері «ГазKZ» ЖШС болып анықталды. 2019 жылы құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтау жоспарлануда. Орындалуда
    27 Электр қуаты төмен Меркі ауылындағы Сейфуллин, Есімбеков көшелері, Жамбыл ауылындағы Жауғаш батыр көшесіне трансформатор орнату. Аудан әкімдігінің ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі Меркі ауылдық округіне қарасты Е.Есимбеков, С.Сейфуллин көшелері және Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жауғаш батыр көшесіне трансформатор орнату мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және ТҮКШ басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурс амалдары жүргізіліп, мердігері «Energy taraz» мекемесі болып анықталды. Қазіргі танда құрылыс жұмыстары аяқталып қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Орындалуда

    24 мәселе орындалуда, 3 мәселе орындалды.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Меркенского района