100%200%
Меркі ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Аудан әкімінің аудан тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі барысында айтылған ескертулер мен ұсыныстарды орындау бойынша бекітілген іс-шара жоспарының 2019 жылдың ІІІ тоқсанына орындалу барысы туралы

    Меркі ауданы әкімдігінің

    2019 жылғы «13» ақпандағы

    №49 қаулысымен бекітілген

     

    «Меркі ауданы әкімінің аудан тұрғындары алдындағы «2018 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2019 жылға арналған міндеттері туралы» есеп беру кездесулерінде айтылған ескертулер мен ұсыныстарды орындау бойынша бекітілген іс-шара жоспары

    (2019 жылғы 1 қазанға орындалуы)

    Атқарылатын жұмыстар Жауаптылар Орындалу барысы Ескертпе
    1 Барлық салада атқарылатын жұмыстарды, мемлекет тарапынан берілетін көмектер мен жеңілдіктерді халыққа кеңінен насихаттау мақсатында жоспар бекітіп, жұмыстар жүргізу Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Әр сала бойынша мемлекет тарапынан берілетін көмектер мен жеңілдіктерді халыққа насихаттау мақсатында  медиа жоспар бекітілген. Жоспарға сәйкес  газ, су, электр жүйесі, денсаулық саласы (портал, тегін дәрі т.б), қызмет көрсету, жер мәселелері туралы аудандық  «Меркі тынысы» газетінде 40 мақала және «Меркі Ақиқат» газетінде 35 мақала жарияланып, әлеуметтік желілерде фейсбук парақшасында -25, инстаграмм парақшасында -25 және аудан әкімдігінің ресми сайтында 23 мақала жарияланды. Орындалуда
    2 Барлық ауылдық округтерде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, көп балалы және тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсету мақсатында жұмыс жоспарын бекітіп, жүзеге асыру Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Меркі ауданының көп балалы, жалғыз басты және әлеуметтік жағдайы осал топтағы аз қамтамасыз етілген отбасыларды анықтау бойынша жұмыс жоспары бекітілді. Жұмысшы топтың округтерді зерделеуі барысында, жайсыз жағдайда тұрып жатқан 93  отбасы анықталып, олардың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін ауданның белді және ниет білдірген азаматтарына бекітілді (кәсіпкерлерге, шаруақожалық және т.б.). Бүгінгі таңда 93 отбасының мүшелеріне материалдық, азық-түлік және т.б. көмектер көрсетілді. Оның ішінде 86 отбасыға жаңа форматтағы АӘК тағайындалды және қалған 7 отбасыға (3 жалғызбасты ана, 4 аз қамтылған отбасы) азық-түлік және басқа да көмектер тұрақты түрде көрсетілуде.

    Ауданның кәсіпкерлерімен, шаруа қожалық иелерімен тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету мәселесі бойынша бүгінгі күнде 183 аз қамтылған отбасыларға (оның ішінде жоғарыда көрсетілген 93 отбасы) қайырымдылық көмектер 3120,0 мың теңгеге көрсетілді (жан жылуы қайырымдылық акциясы, кәсіпкерлерден және т.б.). «Наурыз-К» ЖШС директоры А.Аубакирова 22 наурыз – Жаңа жыл және 1 маусым – балалар күніне орай 110 мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік іс-шара мен дастархан және сыйлықтар табыстады (жалпы демеушілік көлемі 2 млн. теңге көлемінде).

    Аудан әкімдігінің бастамасымен «Меркі қайырымды жандар» қозғалысы және аудан кәсіпкерлерінің демеушілігі есебінен көп балалы аз қамтылған 4 отбасына (13 млн. теңге көлемінде) жеке меншік тұрғын үйдің кілті табысталды.

    Орындалуда
    3 Бұқаралық спортты дамыту мақсатында елді мекендерге стритворкаут алаңшаларын салу Аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімі Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 10 елді мекендерге стритворкаут және спорт алаңшаларын  2019 жылы ІІІ–ІV тоқсанда салу жоспарлануда. Қазіргі таңда Ақтоған, Ақарал, Андас батыр, Аспара, Сұрат, Ақермен, Жаңатоған ауылдық округтерінде стритворкаут алаңшалары салынды. Тәтті және Жаңатоған ауылдық округтерінде кіші футбол алаңшалары салынып, қолданысқа берілді.  2019 жылдың ІV тоқсанында Меркі, Тәтті, Кеңес ауылдық округтерінде стритворкаут алаңшаларын салу жоспарлануда. Орындалуда
    4 Жастарды кәсіпке баулу мақсатында озық тәжірибелі кәсіпкерлердің тәжірибесін насихаттау бойынша іс-шара жоспарын бекітіп, жүзеге асыру Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығы Жастарды кәсіпкерлікке баулу мақсатында жыл басынан бері 12 кәсіпкерлермен семинарлар өткізу жоспары бекітілді. Жоспар бойынша 8, жоспардан тыс 4 кәсіпкерлермен семинар өткізілді. Нақты айтқанда семинарларда төменде көрсетілген кәсіптермен айналысып, жоғарғы табысқа қол жеткізу мүмкіндігі бар екені жан-жақты түсіндірілді. Олар:  құлпынай егу, автокөлікке техникалық қызмет көрсету, желімдеу, әйнек, пластик, инкубатор, қой өсіру, фотосалон ашу, монша салу, пескоблок, брусчатка, газоблок шығару, автоэлектрик, мал өсіру (ірі қара), тігін, автомаляр ашу, жылыжай (қияр өсіру) салу, тауық өсіру т.б. Семинарға қамтылған жастар саны – 110.  Өз кәсібін ашуға ниет білдіретін жастар саны -106. Үй жағдайында кіші құс фермасын ашуға 8 жас ниет білдірді. Жастарды кәсіпкерлікке баулу мақсатында 24 іс-шара өткізілді. Қамтылған жастар саны 1822. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Бизнес Бастау» жобасы бойынша оқыған жастар саны – 37, 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІ бағыты бойынша (505 мың тг) 200 АЕК қайтарымсыз грант алған жастар – 122. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІ бағыты бойынша шағын несие алған жастар саны – 18, «Жас кәсіпкер» атты  оқыту бағдарламасы бойынша оқыған жастар саны – 57, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 3 млн.теңгеге дейінгі мемлекеттік грант алған жастар саны – 10 (түрлі-түсті құрт өндіру -1, бөдене өсіру – 2, лимон өсіру – 1, сабын өндіру – 1, жылыжай -1, қолғап жасайтын шеберхана – 1, кептірілген жемістер – 1, компьютерлік қызметті ұйымдастыру – 1, дәріхана құрылысын жүргізу-1). Орындалуда
    5 Аудан көлемінде «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын,  «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Аудан көлемінде «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын (қазан, 2018ж.) түсіндіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы аудан әкімінің 2018 жылдың 08 қазандағы №664-ө өкімі бекітілген. Аудандық 7 ақпараттық- топ құрылған. Әр топта 5 адамнан, 35 адам құрайды  әр топқа  (2 ауылдық округтен бөлінген) .  Аудандық  ақпараттық топтар   бекітілген  кестеге сәйкес  14 ауылдық округтерде  кездесулер өткізілді. Меркі ауданында ҚР тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша Меркі ауданында 2019 жылы қаңтар-желтоқсан айларында желілік кестеге сәйкес іс-шара жоспары бектілген. Яғни бектіліген жоспарға сай желілік кесте бойынша 1 айға 15 іс-шарадан жоспарланған. 2019 ж                             2 қыркүйегіндегі «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Президент Қ.Тоқаевтың халқына жарияланған Жолдауы бойынша тұрғындар арасында талқыланып, ой-пікірлер әлеуметтік желілерге жарияланды. Меркі ауданы әкімдігінің ресми сайты және әлеуметтік парақшаларна  (инстаграмм және фейсбук) 85 материал, аудандық жергілікті баспа басылымдарына яғни «Меркі тынысы» және «Меркі Ақиқат»  газеттерінде 20 мақала жарияланды.

    Әр түрлі форматта  және  Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бойынша іс-шаралар өткізілуде. Жоспар бойынша өткізіліп тұратын іс-шаралардың негізгісі  ұлттық құндылықтарын сақтау мен рухани тәрбие беруге бақытталған. 9 айдың атқарған жұмыстары «Рухани жаңғыру» атты әлеуметтік желісінде ашылған инстаграмм парақшасына-120, фэйсбук парақшасына-150, аудан әкімінің сайтына-110 іс-шаралар және «Меркі ақиқат» пен «Меркі тынысы» аудандық газеттеріне-70 мақалалар  жарияланды.

    Орындалуда
    6 Білім беру мекемелеріне күрделі жөндеу жұмыстары бойынша №2, №12 ЖББМ қаржыландыруға ұсыну, №11,44,48 ЖББМ ЖСҚ сараптамадан өткізу Аудан әкімдігінің білім бөлімі

     

    Аспара ауылы №2 ЖББМ кешенді күрделі жөндеу, сейсмокүшейту жұмысына ЖСҚ әзірленген, 09.11.2018 жылғы №ОСар-0131/18 м/с оң қорытындысына сәйкес смета құны 192666,0 мың теңгені құрап отыр. Жоба барлық құзырлы басқармалармен келісіліп, облыс әкімдігінің  экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды. Қаражат сұралуда.

    Ойтал ауылындағы  №12 Қ.Сарымолдаев атындағы ЖББМ кешенді күрделі жөндеу, сейсмокүшейту жұмысына ЖСҚ әзірленген, 09.11.2018 жылғы №ОСар-0130/18 м/с оң қорытындысына сәйкес смета құны 267639,0 мың теңгені құрап отыр.  Жоба барлық құзырлы басқармалармен келісіліп, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды. Қаражат сұралуда.

    Акермен ауылы №11 Ә.Хасенов атындағы ЖББМ күрделі жөндеу, сейсмокүшейту жұмысына ЖСҚ әзірленіп, алдын ала сметалық құны 315 млн теңгені құраған. Алайда, жобалаушымен келісу арқылы смета құнын кемітуге қайта есептеліп болжамдық құны 231 млн теңгені құрауда, қайта сараптамаға тапсырылды.

    Жеміс жидек ауылындағы №44 ЖББМ күрделі жөндеу, сейсмокүшейту жұмысына ЖСҚ әзірленіп, алдын ала сметалық құны 298 млн теңгені құраған. Алайда, жобалаушымен келісу арқылы смета құнын кемітуге қайта есептеліп болжамдық құны 259 млн теңгені құрауда, қайта сараптамаға тапсырылған.

    Ойтал ауылындағы №48 ЖББМ күрделі жөндеу, сейсмокүшейту жұмысына ЖСҚ әзірленіп, сараптамадан алынған. 2019 жылғы 16 қыркүйектегі  №НП-0052/19 сараптама қорытындысына сәйкес сметалық құны 280527,0 мың теңгені құрап отыр, құрылыс жұмыстарының мерзімі 4 ай, бюджеттік өтінім тапсырылған, қаражат сұралуда.

    Орындалуда
    7 «Жұлдыз» сауықтыру лагерінің асханасына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу Аудан әкімдігінің білім бөлімі Меркі тау шатқалында орналасқан «Жұлдыз» жазғы сауықтыру лагерінің 100 орындық асханасын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. ЖСҚ құны 25 млн теңгені құрады. Құрылыс-монтаждық жұмыстарын «Сыпатай батыр» ЖШС-нің демеушілік көмек негізде жүргізілді. Орындалды
    8 Аудан аумағында су қоймаларының құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі Меркі ауданы аумағында салынатын су қоймаларының құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу үшін  Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына 32,0 млн. теңге қаражат қарастырылған. Қазіргі таңда құрылыс басқармасында ЖСҚ әзірленуде. Орындалуда
    9 Сүт өнімдерінің көлемін арттыру мақсатында асыл тұқымды сүт бағытындағы МІҚ мал басы санын арттыру, қолдан ұрықтандыру жұмыстарын ұйымдастыру Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі Асыл тұқымды сүт бағытындағы МІҚ мал басы санын арттыру  мақсатында 2019 жылға ауданға 458 бас ірі қара импорттау межесі қойылды. Бүгінгі күнге 221 бас ірі қара мал басы шет елден сатып алынды. Сүт көлемін арттыру кооперативтер есебінен де  жоспарланып отыр. 2019 жылға 1800 тонна сүт жинақтап өткізу межесі қойылып, 2019 жылдың 9 айында  кооперативтер 1668 тонна сүт өткізді. Қойды қолдан ұрықтандыру мақсатында ауданда «Меркі асыл тұқым» кооперативі құрылды. Қазіргі таңда 10 бекетке қажетті құрал жабдықтары алынды. Ағымдағы жылдың қараша айынан бастап қойларды қолдан ұрықтандыру жұмысын бастайды. Шаруа қожалықтар ірі қараны «Асылдандыру-Тараз» ЖШС-мен келісім шартқа отырып, ұрықтандыруда. Жұртшылықтағы ірі қараны ұрықтандыру қоғамдық табындағы бұқалар арқылы жүруде. Аудан бойынша 60-қа жуық сиыр табыны бар. Осы табында 80-ге жуық бұқалар бар. Ағымдағы жылдың 9 айында ауылдық округ ветеринариялық дәрігерлері 1285 бас ірі қараның аналығын швед, алатау тұқымдарымен жасанды ұрықтандырды. Орындалуда
    10 Бос жерлерді мерзімінде айналымға қосу мақсатында аукциондар мен конкурстар өткізу жұмыстарын жүйелі жүргізу Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі Шағын және орта бизнес субъектілеріне кәсіпкерлікті жүргізу үшін ғимаратты пайдалану және қызмет көрсету мақсатында жер телімін сауда-саттық арқылы сату үшін ағымдағы жылдың 9 айдың қорытындысына сәйкес 3 аукцион ұйымдастырылп жалпы саны 17 жер телімінің ауданы 3,1153 гектар жер телімінің кадастрлық құны 6 740 798 теңгеге бағаланып, жалпы сомасы 12 701 300 теңгеге сатылып аукцион арқылы жер телімдерін сату бойынша барлығы мемлекет бюджетіне 5 960 502 теңге түсірілді. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге конкурс ұйымдастырылып, барлығы 18 жер учаскесін құраған жалпы ауданы 364 гектар, оның ішінде егістік 358 гектар, жайылым 6 гектар жерлер жалға беріліп, қайта айналымға қосылды. Орындалуда
    11 Ауданда мал ұрлығының алдын алу, орын алған қылмыстардың жедел ашылуын қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдау Аудандық ішкі істер бөлімі мен аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесі  Ауданда мал ұрлығының алдын алу, орын алған қылмыстардың жедел ашылуын қамтамасыз ету бойынша ауылдық округ әкімдіктері мен учаскелік инспекторлар бірлескен кешенді жұмыстар жүргізуде. 2019  жылдың 9 айында мал ұрлығы 16 (2018 жылдың 9 айында 33). 2019 жылдың 9 айында мал ұрлығы бойынша ашылған қылмыстар саны 8 (2018 жылы 9 айда 6). «Қауіпсіз аймақ» жобасын іске асыру мақсатында ауылдық округ әкімдіктері мен учаскелік инспекторлары арасында іс-шара жоспары қабылданып, осы жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде. Орындалуда
    12 Аудан аумағындағы 82 су ұңғымалары, 29 каналды республикалық меншікке өткізу мақсатында жерге орналастыру жобасы, мемлекеттік актісі, техникалық төлқұжаттарын жасау Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі 29 каналдар мен 82 су ұңғымаларының құжаттарын рәсімдеу үшін 2019 жылдың 15-ші қаңтарында «мемлекеттік сатып алу» порталына 2 лотпен (каналдар-12 млн., су ұңғымалары-8 млн.) жалпы 20,0 млн. теңгемен жарияланды. Аталған конкурстың жеңімпазы анықталып, қазіргі таңда жерге орналастыру жобасы әзірленіп, 15 каналдың мемлекеттік актісі дайындалып, қалғандарының мемлекеттік актісі дайындалуда. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның теңгеріміне берілетін болады. Орындалуда
    13 Ауылдық округтерді ветеринарлық пункттермен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу Аудан әкімдігінің ветеринария бөлімі 2019 жылы Аспара ауылдық округін  ветеринариялық пунктпен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алу веб порталына конкурс жарияланып, 6,0 млн. теңгеге ветеринариялық пункт ғимараты сатып алынды. Қазіргі кезде нысаналы пайдалану мақсаты өзгертіліп, тиісті құжаттары рәсімделуде. Сарымолдаев ауылдық округіндегі ескі медициналық пунктті теңгерімге алып, ветеринариялық пункт жасау жұмыстары жүргізілуде. Тәтті ауылдық округінде бұрынғы бастауыш мектеп ғимаратын ветеринариялық пункт ғимараты ретінде беріледі. Сұрат және Жамбыл ауылдық округтеріндегі медициналық пункт ғимараты жылдың аяғына дейін ветеринариялық пункт ғимараты ретінде ауыстыру көзделген. Орындалуда
    14 Ауданға келген жас мамандарға әлеуметтік

    көмек көрсету

    Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспалау бөлімі 2019 жылы ауданға келген жас мамандарға әлеуметтік көмек көрсету үшін тұрғын үй алуға несиеге 45450,0 мың теңге, көтерме ақы төлеуге 8837,5 мың теңге бөлінді. 2019 жылдың 1 қазанына                                                                                                                                                                                               30 адам несиеге, 25 адам көтерме жәрдем ақыға кезекте тұр. 2019 жылдың 1-ші қазанына 12 адамға тұрғын үй алуға 45245,4 мың теңге несие, 50 адамға 8837,5 мың теңге көтерме жәрдем ақы  берілді. Орындалуда
    15 Облыс әкімімен және салалық басқармалармен бекітілген межелер мен индикаторлық көрсеткіштерді тоқсан сайын зерделеп, шешім қабылдау Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспалау бөлімі 2019 жылғы облыс әкімі мен аудан әкімі, облыс басқармалары мен аудан әкімі және  аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдері арасындағы келісімдер әзірленіп, индикаторлық көрсеткіштер бойынша жоспарлар белгіленді.

    Облыс әкімі мен аудан әкімі арасындағы Келісімде жалпы бекітілген 27 индикатор, оның ішінде II-тоқсанда 21 индикатор бойынша жоспар белгіленіп, 17 индикатор орындалып, 4 индикатор орындалмаған. Басқарма басшылары мен аудан әкімі арасындағы Келісімде жалпы бекітілген 114 индикатор, оның ішінде II-тоқсанда 70 индикатор бойынша жоспар белгіленіп, 64 индикатор орындалып, 6 индикатор орындалмаған.

    Орындалуда
    16 Аудандағы азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізу Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі Негізгі азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары бағаларын тұрақтандыру бойынша аудан әкімдігінің 2019 жылы 31 қаңтардағы №16 қаулысымен  тұрақты жұмыс істейтін аудандық штаб құрылып, 2019 жылы негізгі азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары бағасын тұрақтандыру бойынша 18 наурызда, 14 мамырда және 15 шілдеде 3 отырыс өткізілді. Азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру және халықтың қол жетімді бағада алуын қамтамасыз ету мақсатында, 2019 жылдың 20 наурызда, 18 мамырда және 25 мамырда  аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімімен бірлесе отырып, әлеуметтік азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аталған жәрмеңкелерде ауыл шаруашылығы өнімдері нарық бағасынан 15-20% төмен саудаланды.

    Әр аптаның бейсенбі күні азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары бағаларына мониторинг жүргізіліп, мониторинг мәліметтері кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту және ауыл шаруашылығы басқармаларына жолдануда.

    Орындалуда
    17 Денсаулық саласы бойынша аудандағы 6 елді мекендерге медициналық нысандардың құрылысын жүргізу  (Арал қыстақ, Мыңқазан, Сыпатай, Қазақдихан, Қарасу, Талдыбұлақ) Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі және аудандық орталық аурухана 2019 жылы 12 медициналық нысандардың (Талдыбұлақ, Сыпатай, Тескентоған, Акқайнар, Алтын Арық, Мыңқазан, Қазақ дихан, Арал қыстақ, Беларық, Қарасу, Қайынды сай (Құмарық), Меркі шипажайы елді мекендерінде) құрылысы жоспарланған. Жер телімдері толық анықталып, құжаттары заңдастырылған. Бүгінгі күнге 4 нысанның құрылысы аяқталған. 7 нысанның құрылысы қазан айының соңына дейін аяқталуы күтілуде. 1 нысанның құрылысы қараша айында аяқталады. Орындалуда
    18 Меркі ауылындағы балалар кітапханасын күрделі жөндеуден өткізу Аудан әкімдігінің

    мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

    Меркі ауылындағы балалар кітапханасын күрделі жөндеуден өткізуге мемлекеттік сараптама алынған. Жалпы ЖСҚ құны 32293,0 мың теңге. Бюджеттен қаржы қарастыру қажет етеді. Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына хат жолданып қаражат сұралды. 2020 жылға «Ауылым-ел бесігі» бағдарламасына енгізілді. Орындалуда
    19 Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін берілетін жер телімдеріне инженерлік инфрақұрылым құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу, дайын жобаларды сараптамадан өткізу, қаржыландыруға ұсыну Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

     

    Меркі ауданы бойынша 6 алқапқа инженерлік инфрақұрылым электр жүйесі мен қиыршықтас жол жүргізу үшін 11 ЖСҚ әзірленген (5 алқапқа электр жүйесі және қиыршықтас жол: Сарымолдаев 21га, 10 га; Ақтоған 60 га; Сұрат 30 га; Андас батыр 10 га. 1 алқапқа электр жүйесі: Интернационалный 7 га). Сұрат ауылы 30 га мен Интернациональный ауылы 7 га электр жүйесіне оң қорытынды алынған. Андас батыр 10 га, Сарымолдаев 21 га, 10 га, Ақтоған 60 га қиыршық тас және электр жүйесінің оң қорытындылары алынған. Құрылысына бюджеттік өтінімдер тапсырылған. Сұрат 30 га қиыршықтас жол теріс қорытынды алынған. Бүгінгі күнге  30.09.2019 жылы №Фрост-0163-19 сараптама қорытындысы алынды. Жеке тұрғын үй құрылысына арналған Интернационалный ауылындағы 7 га алқапқа электр жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Орындалуда
    20 №12 ЖББМ-тің қазандығының құрылысын жүргізу Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі Ойтал ауылындағы №12 К.Сарымолдаев атындағы орта мектебі қазандығының ЖСҚ сараптама қорытындысы    2018 жылғы 24 қаңтарда алынды. №ҚСҚKAZ-0005/18, сметалық құны 64,08 млн теңге. 2019 жылы құрылысына 45,521 млн. теңге бөлініп, 100% игерілді. Мердігер мекеме «Тараз-Ирригация» ЖШС. Құрылыс жұмыстары  2019 жылғы  18 маусымда аяқталып пайдалануға берілді. Орындалды
    21 Қазақ Дихан ауылындағы 120 орындық мектептің құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтап, пайдалануға беру Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі Қазақ Дихан ауылындағы 120 орындық мектептің  құрылысына          2018 жылы бюджеттен 100,0 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді. Мердігер мекеме «Андас-Груп» ЖШС. 2019 жылға бюджеттен 395,830 млн. теңге бөлініп, 333,642 млн. тг. игерілді. Нысанның құрылысы осы жылғы 01 тамызда аяқталып, пайдалануға берілді. Орындалды
    22 Гранитогорск ауылына жаңа 120 орындық мектептің,  Андас батыр ауылындағы мәдениет үйінің, Андас батыр, Кеңес ауылдарындағы ауыз су жүйесінің, Меркі ауылындағы құрылысы жоспарланып отырған спорт мектебінің, Ақтоған, Ойтал ауылдық округтеріндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын орындардың ЖСҚ-ын сараптамадан өткізу. Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

     

    Гранитогорск ауылындағы 120 орындық мектеп құрылысына ЖСҚ әзірленген. Сараптаманың оң қорытындысы алынды, сметалық құны 539,585 млн. тг. Бюджеттік өтінім тапсыру үшін құрылыс басқармасының келісімі алынуда.

    Андас батыр ауылындағы ауылдық клубының құрылысына ЖСҚ әзірленген. Жобаның сметалық құнын төмендету жұмыстары жүргізіліп, алдын ала есеп бойынша сметалық құны 243,784 млн. теңгеден 117 млн. теңгеге дейін төмендетілген. Бүгінгі күнге мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, жеңімпаз анықталып, келісім шарт жасалды. Сараптамаға ұсынылуда.

    Меркі ауданы бойынша Андас батыр және Кеңес ауылдарының су жүйесінің құрылысына ЖСҚ әзірленген. Кеңес ауылының су жүйесінің ЖСҚ сараптамадан өткізуші мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесіне сәйкес жеңімпаз анықталды. Кеңес ауылдарының су жүйесінің ЖСҚ 2013 жылы әзірлеген мекеме «ГАПП» ЖШС сараптамадан өткізетін мекеме берген кемшіліктер мен ескертпелерді қазіргі талапқа сәйкес орындай алмай отыр, жобалаушы мекеменің  мамандары, кеңсе ғимараты жоқтығынан орындайтын мүмкіншілігі жоқ және жобаны қайта есептеуге ұсынылып отыр.   Андас батыр су жүйесінің құжаттары бүгінгі күнге сараптама порталына енгізілді.

    Меркі ауылындағы спорт кешенінің құрылысына ЖСҚ әзірленген. Сараптаманың оң қорытындысы алынды, сметалық құны 529,683 млн. тг. Құрылысына қаржы бөлу үшін басқарманың келісімі алынып, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы арқылы бюджеттік өтінім тапсырылды.

    Ойтал (алдын ала сметалық құны 44,500 млн. теңге) және Ақтоған (алдын ала сметалық құны 23,827 млн. теңге) ауылдарында қатты қалдықтар тастайтын полигондардың жобалау сметалық құжаттары әзірленген. Жобаларды сараптамадан өткізу үшін құжаттары жинақталуда.

    Орындалуда
    23 Андас батыр ауылындағы №21 ЖББМ-не қосымша ғимарат салуға, Ақжол ауылына жаңа 80 орындық мектептің құрылысын жүргізуге, Сарымолдаев ауылынан спорт мектебінің құрылысын жүргізуге, Рысқұлов, Қостоған ауылдарына ауыз су құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс, ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімдері 2019 жылға аудандық бюджеттен 2 білім нысанына 11,0 млн. тг. бөлінді. Ақжол ауылындағы 80 орындық мектепке жобалаушы мекеме «BS ARCHI GROUP» ЖШС, Андас батыр ауылындағы мектепке қосымша 150 орындық қосымша құрылысынын жобалаушы мекеме«STROYCONSALTING» ЖШС. Жобалау сметалық құжаттары әзірленуде.

    2019 жылға аудандық бюджеттен спорт нысанына 4,5 млн. тг. бөлінді. Сарымолдаев ауылынан спорттық сауықтыру кешені құрылысының жобалаушы мекемесіТОО «Тараз-Технопроект»ЖСҚ әзірлеуде.

    Сонымен қатар Қостоған, Т.Рысқұлов елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ әзірлеуге 17 280,0 мың теңге қарастырылып, қазіргі таңда ЖСҚ әзірлеу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурс амалдары жүргізіліп, мердігері болып «Прикаспийское управление строительства-Шымкент» ЖШС анықталды. Аталған жобалық сметалық құжаттаманы  сараптамадан өткізу жұмыстары жылдың аяғына дейін жоспарланған. Жоба сараптамадан өткен соң, құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында бюджеттік өтінім 2020 жылдың бірінші тоқсанында берілетін болады.

    Орындалуда
    24 Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жүйеге келтіру Аудан әкімдігінің ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі Ауданда 45 елді мекеннің 30-ы орталықтандырылған ауыз сумен, ал 15 елді мекені орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтылған. Ауыз су бойынша қамту үлесін арттыру мақсатында орталықтандырылған су құбыры жүргізілмеген 2 елді мекенге Тұрлыбай батыр, Қарасу ЖСҚ әзірленіп, 2019 жылға қаражат қарастырылған. Қазіргі танда мемлекеттік сатып алу конкурс амалдары жүргізіліп, мердігерлері: Тұрлыбай батыр ауылына «Арқат Өркендеу», Қарасу ауылына «АсылҚуат Құрылыс» мекемесі болып анықталып, бүгінгі күнге тиісті жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар,  аудан аумағындағы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған елді мекендердегі тұрғындарды орталықтандырылған су құбырына қосу бойынша іс-шара жоспары әзірленіп тиісті жұмыстар жүргізілуде. Орындалуда
    25 Аудандағы жалпы пайдаланымдағы автожолдарды күрделі, орташа және ағымды жөндеуден өткізу Аудан әкімдігінің ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі 2019 жылы жолдардың жөндеу жұмыстарына бюджеттен 605,6 млн. теңге қарастырылды.  15  көшенің  жолын  орташа жөндеуден өткізу бойынша  мердігер анықталып, бүгінгі таңға тиісті жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар аудандық мәндегі Андас батыр –Гранитогорск  автомобиль жолы 2019 жылға өтпелі болғандықтан қосымша келісім шартқа отырып, орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.  Ойтал – Қызыл Кишлак автомобиль жолын орташа жөндеуден өткізу бойынша мемлекеттік сатып алу амалдары жүргізіліп, «ЕрК Астана» ЖШС тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде. 2019 жылға жоспарланған межеге сәйкес жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы  жолдар үлесі 86,3 пайызды құрайды. Орындалуда
    26 Андас батыр ауылдық округіндегі «Нововоскресеновка» газ реттегіш станциясын қайта жаңғырту жобасын іске асыру Аудан әкімдігінің ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі Андас Батыр ауылындағы «Нововоскресеновка» газ реттегіш станциясын қайта жаңғырту мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурс амалдары жүргізіліп 743 млн. 338 мың теңге, мердігері «ГазKZ» ЖШС болып анықталды. 2019 жылы құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтау жоспарлануда. Орындалуда
    27 Электр қуаты төмен Меркі ауылындағы Сейфуллин, Есімбеков көшелері, Жамбыл ауылындағы Жауғаш батыр көшесіне трансформатор орнату. Аудан әкімдігінің ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі Меркі ауылдық округіне қарасты Е.Есимбеков, С.Сейфуллин көшелері және Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жауғаш батыр көшесіне трансформатор орнату мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және ТҮКШ басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурс амалдары жүргізіліп, мердігері «Energy taraz» мекемесі болып анықталды. Қазіргі танда құрылыс жұмыстары аяқталып, аудан әкімдігінің ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің теңгеріміне тіркелді. Орындалды

     

    23 мәселе орындалуда, 4 мәселе орындалды.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Меркенского района