«Меркі ауданы әкімінің аудан тұрғындары алдындағы «2019 жылғы атқарылған жұмыстардың қортындысы және 2020 жылға арналған міндеттері туралы» есеп беру кездесулерінде айтылған ескертулер мен ұсыныстарды орындау бойынша бекітілген іс-шара жоспары
Меркі ауданы әкімдігінің 2020 жылғы
« » ақпандағы №__ қаулысына 1 қосымша
«Меркі ауданы әкімінің аудан тұрғындары алдындағы «2019 жылғы атқарылған жұмыстардың қортындысы және 2020 жылға арналған міндеттері туралы» есеп беру кездесулерінде айтылған ескертулер мен ұсыныстарды орындау бойынша бекітілген іс-шара жоспары
№ | Атқарылатын жұмыстар
(айтылған ескертулер/ұсыныстар бойынша) |
Орындалу мерзімі | Жауапты аудан әкімінің орынбасарлары | Жауаптылар |
Барлық салада атқарылатын жұмыстарды, мемлекет тарапынан берілетін көмектер мен жеңілдіктерді халыққа кеңінен насихаттау мақсатында жоспар бекітіп, жұмыстар жүргізу | Жыл бойы | М.Қасым | Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі | |
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Меркі ауылдық округінен спорт ғимаратын соғу және Сарымолдаев ауылындағы спорт кешенінің ЖСҚ-н сараптамадан өткізу, қаржыландыруға ұсыну | 2020 жыл ІІІ-IV тоқсан | Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі | ||
Волонтерлық қозғалысты дамыту мақсатында
жылдық жоспарға сай еріктілермен тығыз жұмыстар жүргізіп, іс-шаралар жоспарын бекітіп, жұмыстар жүргізу |
Жыл бойы | Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығы | ||
Аудан көлемінде «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын іске асыру бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру | Жыл бойы | Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі | ||
№12,44,48 ЖББМ –нің күрделі жөндеу жұмыстарының уақытылы аяқталуын қамтамасыз ету | 2020 жыл
ІІ тоқсан |
Аудан әкімдігінің білім бөлімі | ||
Мектептердегі әжетханаларды ішке орналастыру бойынша қажетті құрылыс жұмыстарын жүргізіп, пайдалануға беру | 2020 жыл
ІІІ тоқсан |
Аудан әкімдігінің білім бөлімі | ||
Аудан аумағында ағын су қоймаларының құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу, қаржыландыруға ұсыну | 2020 жыл ІІІ-IV тоқсан |
|
Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі | |
Сүт өнімдерінің көлемін арттыру мақсатында асыл тұқымды сүт бағытындағы МІҚ мал басы санын арттыру, қолдан ұрықтандыру жұмыстарын ұйымдастыру | Жыл бойы | Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі | ||
Бос жерлерді мерзімінде айналымға қосу мақсатында аукциондар мен конкурстар өткізу жұмыстарын жүйелі жүргізу | Жыл бойы | Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі | ||
Ауданда мал ұрлығының алдын алу, орын алған қылмыстардың жедел ашылуын қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау | Жыл бойы | Аудандық полиция бөлімі | ||
Сұрат ауылы тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру пилоттық жобасын жүзеге асыру | Жыл бойы | Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі | ||
Аудандағы сүт кооперативтерінің жұмыстарын жандандыру, сүт өнімін ұлғайту | Жыл бойы | Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі | ||
Ауданға келген жас мамандарға әлеуметтік
көмек көрсету |
Жыл бойы | М.Қасым | Аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспалау бөлімі | |
Аудандағы азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізу | Жыл бойы | Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі | ||
Меркі ауылындағы балалар кітапханасына жөндеу жұмыстарын жүргізу | 2020 жыл IV тоқсан | Аудан әкімдігінің
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі |
||
Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін берілетін жер телімдеріне инженерлік инфрақұрылым құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу, дайын жобаларды сараптамадан өткізу, қаржыландыруға ұсыну, қаржыландырылған жобалардың құрылысын жүргізу | 2020 жыл IV тоқсан | Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі | ||
Тұрғындарды орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету үшін іс-шара жоспарын бекітіп, жүйелі жұмыстар жүргізу, Сарымолдаев ауылында құрылысы жүріп жатқан орталықтандырылған ауыз су жүйесін іске қосу | 2020 жыл IV тоқсан | Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі | ||
Аудандағы жалпы пайдаланымдағы автожолдарды күрделі, орташа және ағымды жөндеуден өткізу | Жыл бойы | Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі | ||
19. | Аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамту, кәсіппен айналысам деушілерге грант және несие беру жұмыстарын ұйымдастыру | Жыл бойы | Аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы | |
20. | Атаулы әлеуметтік көмек бойынша бөлінген қаражатты уақытылы игеру және кепілдендірілген әлеуметтік көмекті уақытылы беру | Жыл бойы | Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі | |
21. | Газ құбырына қосылмаған елді мекендер мен көшелерді газдандыру бойынша іс-шара жоспарын бекітіп, жүйелі жұмыстар жүргізіп, ЖСҚ әзірлеу
|
2020 жыл IІ тоқсан | Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі | |
22. | Қамқоршылық кеңес отырыстарын ұйымдастырып, балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен суицидтің алдын алу, қылмысты болдырмау, білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізу | Жыл бойы | Аудан әкімдігінің білім бөлімі
|