100%200%
Меркі ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Меркі ауданының әкімі М.А.Өмірбектің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауда атқарған жұмыстары туралы аудандық маслихат депутаттары алдындағы есебі

    Меркі ауданының әкімі М.А.Өмірбектің өзіне   жүктелген   функциялары мен міндеттерін орындауда атқарған жұмыстары туралы аудандық маслихат депутаттары алдындағы есебі

     

    Құрметті депутаттар!

    Құрметті сессияға қатысушылар!

     

     

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» №19 Жарлығына сәйкес аудан әкімдеріне аудандық мәслихат депутаттары алдында өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп беру жүктелген болатын.

    Жыл сайынғы барлық әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулері жергілікті жерлердегі мәселелерді анықтауға және оларды шешуге бағытталған. Кездесулерде халық тарапынан көтерілген мәселелер мен ұсыныстар ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларына сәйкес шешіліп келеді. Осыған байланысты 2019 жылдың 1 жарты жылдығында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алда тұрған міндеттерді атап өтпекшімін.

    Ауыл шаруашылығы саласы бойынша: 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында жалпы өндірілген өнім көлемі 5460,8 млн. теңгені құрап, Облыс көлемінде 1-ші орынға тұрақтады. Нақты физикалық индекс көлемі 109,2% (2018 жылдың қаңтар-маусым айларында 4822,3 млн. тг).

    2019 жылы тамақ өнімдерінің негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 589,4 млн. теңгені құрап, жоспар 109,7% орындалды.

    Меркі ауданы бойынша егістік жердің көлемі 100176 гектар, оның ішінде 20474 гектар суармалы алқап. Аудан бойынша 2019 жылы  88767,9 гектар алқапқа егін егіліп 116,1% құрады. Ағымдағы жылы жаздық арпа 25617,6 гектарға 109,0%,  жоңышқа 4807 гектарға 111,7%, қант қызылшасы 2000 гектарға 100,0 %, көкөніс 756 гектарға 540,0%, картоп 353 гектарға 353%, бақша 393 гектарға 436,6%, жүгері 1805 гектарға 383,2%, майлы дақылдар 4200  гектарға егіліп 210,0% құрады. Сонымен қатар, 24877,3 гектар күздік бидай, 23959 гектар көп жылдық шөптер орналастырылды.

    Аудан бойынша 488,7 тонна минералдық тыңайтқыштар алынып, жоспарланған 19784,4 егістік алқаптың 3016,21 гектар алқабына енгізілді немесе 15,2% орындалды. Аталған көрсеткіштің төмен болуы дақылдардың минералдық тыңайтқыштармен қоректендіретін уақытта ережеге сәйкес агрохимиялық талдаулардың талап етуінен жеңілдетілген бағада шаруашылықтар минералдық тыңайтқышқа қол жеткізе алмауы. Қазіргі уақытта шаруашылықтармен күздік дақылдарды қоректендіруне минералдық тыңайтқыш алу жөнінде түсіндірме  жұмыстары жүргізілуде.

    Фосфогипс алу бойынша 12400 тонна алу жоспарланып, 2690 тонна алынып 21,6% құрады. Меркі ауданы бойынша 2019 жылы  2374 гектар алқапқа су үнемдеу технологиялары енгізіліп өткен жылмен салыстырғанда 106,0% құрады (2018 жылы 2238 гектар алқапқа енгізілген).

    Аудан бойынша 2019 жылы 85 дана ауыл шаруашылығы техникаларын алу жоспарланып 44 дана ауыл шаруашылығы техникалары алынып 51,7% құрады. Жаңару үлесі 3,7%.

    Мал шаруашылығы саласы бойынша 2019 жылдың маусым айында  мүйізді ірі қара 48 539 бас (+543 бас),  қой-ешкі  289252 бас (-14 729 бас), жылқы 13 962 бас (+256 бас), түйе 130 бас (+0 бас),  шошқа 1 290 бас (+75 бас), құс 82370 (+1458 бас) құрады.

    2019 жылдың маусым айында мал өнімдері сүт – 15 790,6 тн. құрап өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1049,6 тн. артты, ет- 4 557,2 тн. құрап өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 299,5 тн. артты, жұмыртқа 968,2 мың дананы құрап өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,2 мың данаға артты.

    2019 жылға қозы етін экспортау бойынша ауданға 200 тонна жоспар белгіленіп, 6 ай қорытындысы бойынша 54,1 тонна экспортталып,  жылдық жоспар 27,05% орындалды. Сиыр етін экспорттау 2019 жылға жоспар 250 тонна, нақты орындалғаны 210,7 тонна немесе 84,28%.

    Бүгінгі күнге аудан бойынша 12 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып, жұмыс жасап отыр. Құрылған кооперативтердің барлық мүшелері 476. Бүгінге ауданда сүт бағытында 6 (құрылтайшалар саны 231) ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылған. Осы кооперативте жалпы сауын сиыр саны 1711 бас. 2019 жылдың 6 айында өңдірілген сүт 1233 тонна.

    Ет бағытында 4 (құрылтайшылар саны 237) ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі құрылды.  2019 жылдың 6 айына кооперативтер 725,1 тонна өнім өндірген. Қой шаруашылығы бойынша 1, қант қызылшасы бойынша 1 кооператив құрылған мүшелер саны 8.

    Меркі ауданы бойынша ауылдық округтер бөлінісінде жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы ақпарат
    Ауылдық округ атауы Ауыл шаруашылығы кооператив атауы, бағыты Мүшелер саны, адам АШК-гі  мал басы АШК-гі  құрал жабдықтары АШК-нің өнім жинайтын ауылдар атауы Жинаған өнім көлемі, тн. ЖҚШ-дағы сауын сиыр саны Ауылдық округте өндірілген сүт (2018ж)
    көлемі, тн. өткізу көздері
    1 Ақтоған «Ақтоған-2017»  ет бағыты 142   Мал сою алаңы Сарымолдаев, Ақтоған, Меркі, Жамбыл, Жанатоған, Ақарал, Сұрат, Аспара, Рысқұлов, Кеңес, Тәтті 226 Нарыққа 492 1060
    2 Тәтті «Беларық-2017»  ет бағыты 37   Мал сою алаңы Тәтті 470 Нарыққа 254 546
    3 Жамбыл «Загком»  ет бағыты 30   Мал сою алаңы Жамбыл   Нарыққа 849 1830
    4 Рысқұлов «Бірлік-18»   ет бағыты 28   Меркі ет комбинаты Тәтті, Жамбыл, Сарымолдаев, Рысқұлов 29,1 Нарыққа 612 1317
      Барлығы: 237       725,1      
    5 Сарымолдаев «Ерхан-Дильназ-2017»                     Сүт бағыты 46 349 Танкер Сарымолдаев, Жамбыл, Ақтоған 288 Меркі ірімшік зауыты 1530 3269
    6 Ақарал «Талдыбұлақ-2017»  Сүт бағыты 70 287 Танкер Ақарал, Сұрат. Жаңатоған, Андас Батыр 372 Меркі ірімшік зауыты 623 1341
    7 Кеңес «Ырыс-18» Сүт бағыты 20 93 Танкер Кеңес 69 Меркі ірімшік зауыты, нарыққа 1012 2179
    8 Аспара «Айша Мерке-2017» Сүт бағыты 20 39 Танкер Аспара 11 Нарыққа 371 796
    9 Ойтал «Береке-Бірлік-2017» Сүт бағыты 31 97 Танкер Ойтал 110 Меркі ірімшік зауыты 472 1020
    10 Андас батыр «Меркі өнімдері»  Сүт бағыты 44 846 Танкер Тәтті, Ойтал, Сарымолдаев, Рысқұлов, Меркі 383 Меркі ірімшік зауыты 1849 3981
      Барлығы: 231 1711     1233   5857 12586
    11 Ақермен «Меркі асыл тұқым»  ҰМ жасанды ұрықтандыру 4              
    12 Рысқұлов «Трансфер»  Қант қызылшасы 4              
      Барлығы: 8              

     

    «Сыбаға» бағдарламасы бойынша МІҚ сатып алу жоспар 486 бас, нақты орындалғаны 202 бас немесе 41,8%.

    Қой сатып алу жоспар 4870 бас, нақты алынғаны 5896 бас немесе 121,0%.

    Өнеркәсіп саласы бойынша: 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі 1654,7 млн.  теңгені құрап, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 27,1% құрады. (2018 жылдың қаңтар-маусым айларына өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 9 млрд. 427,4 млн. теңгені құраған).Бұл көрсеткіштің төмендеу себебі «Меркі қант зауыты» ЖШС-нің 2019 жылдың қаңтар айынан бастап уақытша тоқтап тұруына байланысты болды.

    2018 және 2019 жылдардың қаңтар-маусым айларындағы өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі

     

     

     

     

    2019 жылдың қаңтар-маусым айларында аудан көлемінде 5698 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оның ішінде жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны – 4936. (2018 жылы – 4357). Орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар саны – 3, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар саны – 231, жеке кәсіпкерлер – 3071, шаруа қожалықтар – 1631 құрады. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен – 12751 адам қамтылған.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында 4 млрд. 490,7 млн. теңгені құрап, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,6% құрады. (2018 жылдың қаңтар-маусым айларында 4169,1 млн. теңгені құраған).

    Бөлшек сауда тауар айналымы 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында 3 млрд. 207,1 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 127,9 % құрады (2018 жылдың қаңтар-маусым айларында 2 млрд. 369,2 млн. теңгені құраған).

    Көтерме сауда тауар айналымы 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында 1 млрд. 43,9 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 115,6%-ды құрап отыр (2018 жылдың қаңтар-маусым айларында 852,1 млн. теңгені құраған).

    Аудан көлемінде жұмыс атқарып отырған «KazMicroFinance» микрокредиттік ұйымы 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында жалпы соммасы 2 млрд. 113,7 млн. теңгені құрайтын 3864 несие берген. Оның ішінде «Бизнес» бағдарламасы бойынша 860,2 млн. теңгені құрайтын 1316 несие берілді. Ал «Меркі несие серіктестігі» ЖШС тарапынан 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында 93 шаруа қожалығына 848,0 млн. теңге несие берілді.

     «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша.

    2019 жылы Бағдарлама аясында несиенің пайыздық ставкасын субсидиялау бойынша Басқарма тарапынан жалпы сомасы 49,0 млн. теңгені құрайтын жобаларды іске асыру бекітілген.  Бүгінгі таңға жалпы сомасы 58,0 млн. теңгені құрайтын 2 жоба Тараз қаласындағы екінші деңгейлі банк тарапынан мақұлданды («Меркі Жолаушы» ЖШС – 50,0 млн., ЖК «Телтаева Л.» – 8,0 млн.) Осыған байланысты бекітілген меже жыл қорытындысымен 100% орындалады деп жоспарлануда. (2018 жылы бағдарлама аясында субсидиялауға республикалық бюджеттен қаражат бөлінбеуіне байланысты жеке кәсіпкерлермен жалпы сомасы 18,7 млн. теңгені құрайтын тек 2 несие алынып кепілдендіру тетігі бойынша қолдау көрсетілді).

    Сонымен қатар жастар жылына орай «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының қайтарымсыз мемлекеттік грант беру тетігі бойынша 18-29 жас аралығында өткізілген конкурсқа ауданнан жалпы сомасы 76,1 млн. теңгені құрайтын 27 жоба ұсынылды. Бүгінгі таңда кәсіпкерлік басқармасы тарапынан облыс бойынша ұсынылған жобаларға конкурс ұйымдастырылуда.

    Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған  Мемлекеттік бағдарламасы аясында, Мерке ауданында Кәсіпкерлік қолдау картасы бойынша, жалпы құны 2 млрд. 374,2 млн.теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылды және 78 жаңа жұмыс орындары ашылды.

    Олар: 1.»Орталық Азия Қант Корпорациясы» ЖШС Меркі филиалының «Шырынды тазалайтын цехты қайта жанғырту» жобасы. Жоба 2016 жылы 06 ақпанда іске қосылды. Жобалық құны – 698 млн. теңге. Жылдық қуаттылығы -101 мың тонна өнім шығару. Жаңа 18 жұмыс орындары ашылды.

    2.»Орталық Азия Қант Корпорациясы»  ЖШС Меркі филиалының «Қант зауытын қайта жаңарту» жобасы. Жобалық құны – 1014,2 млн. теңге. Жаңғыртылған зауыттың жылдық қуаттылығы – 140 мың тонна өнім шығару. Жаңа 20 жұмыс орындары ашылды.

    3.«Са-Ба ЛТД» ЖШС-нің «Шағын мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғырту» жобасы. Жобалық құны – 662,0 млн. теңге. 2018 жылдың 17 қыркүйегінен бастап «Са-Ба ЛТД» ЖШС-де  іске қосу-баптау жұмыстары жүргізіліп, комиссия қорытындысына сәйкес пайдалануға берілді.

    Сонымен қатар 2019 жылға бағдарлама аясында кәсіпкерлік басқармасына «Ар-Ас» ШҚ-ның «Құрғақ бие сүтінің өндірісі» жобасы ұсынылды. Жоба құны 1 млрд. 700 млн. теңге. Бүгінгі таңға жобаны іске асыру үшін несиелендіру мәселесі облыстық кәсіпкерлер палатасы тарапынан қарастырылуда.

    Салық.  2019 жылдың қаңтар-шілде айларында  бюджетке 1 млрд. 457 млн. 515,0 мың теңге салық және басқа міндетті төлемдер  түсіп, болжам 109,6%-ға орындалды. Оның ішінде республикалық бюджет-120,0%, жергілікті бюджет – 107,6%.

    Аудан бюджеті. 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында аудандық бюджеттің кірістер жоспары 7 млрд. 324 млн. 951,6 мың теңгеге жоспарланып, 7 млрд. 379 млн. 737,2 мың теңгеге немесе 100,7%-ға орындалды. Өзіндік кірістер – 852 млн. 115,2 мың теңгеге (106,9%), трансферттердің түсімдері бойынша – 6 млрд. 527 млн. 622 мың теңгеге (100,0%) орындалып, аудан бюджетінің шығындары 7 млрд. 415 млн. 348,6 мың теңгеге жоспарланып, 7 млрд. 380 млн. 354,3 мың теңгесі игерілді немесе (99,5%) құрады.

    Ветеринария бөлімі: Аудан бойынша жоспарланған ветеринариялық профилактикалық іс-шараларды, диагностикалық тексерулерді жүргізу үшін мемлекет тарапынан   2019 жылы  151009,0 мың теңге қаржы бөлініп (2018 жылы 107909,0 мың теңге), 6 айда 74627,0 мың теңгесі игерілді.

    Осы ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге  «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария қызметі»  ШЖҚ КМК кәсіпорынның 100 ветеринариялық мамандары жұмылдырылған.          Мемлекет тарапынан бөлінген биологиялық препараттар, аса қауіпті ауруларға қарсы жүргізілген егу жұмыстары және диагностикалық тексеру жұмыстары 2019 жылдардың 6 айдың қорытындысына сәйкес 100%-ға  орындалды. Аудан көлемінде аса қауіпті аурулар тіркелген жоқ. Ауданда эпизоотиялық жағдай тұрақты.

    2019 жылы аудан көлемінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап, жоюға жергілікті  бюджеттен  3 млн. теңге бөлініп, 2549,0 мың теңгесі игерілді (2018 жылы 2 млн. 500 мың теңге бөлініп, 1724  бас қаңғыбас иттер   жойылған). Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап жою жұмыстары жалғасын табуда.

    Сарып ауруына қарсы  жоспарға сәйкес 2019 жылы 170582 бас ұсақ малдардан қан алынып, бруцеллез ауруына оң нәтиже берген  127  бастың   119  басы  арнайы өңдеу цехына сойылуға жіберілді (2018 жылы  6 айлық жоспарға сәйкес 148745  бас ұсақ малдардан қан алынып,  200 бас оң нәтиже көрсеткен). 8 бас ұсақ мал өлген.  Өлген 8 бас ұсақ мал суретке түсіріліп, актісі жасалынды.  119 бас ұсақ мал иелеріне өтемақысы толығымен төленді.

    Сарып ауруына қарсы  жоспарға сәйкес 2019 жылы 27945 бас мүйізді ірі қарадан қан алынып,  оң  нәтиже берген  17 бастың  16 басы арнайы мал сою пунктінде сойылып, өңдеуге жіберілді. 1 бас ірі қара мал өлген.  Өлген 1 бас ұсақ мал суретке түсіріліп, актісі жасалынған (2018 жылы 29027  бас ірі қарадан қан алынып, 8 бас ірі қара оң нәтиже көрсетсе). Мал иелеріне өтемақысы толығымен төленді.

    Меркі аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша   сарып ауруымен  2019 жылы 6 айда 7 адам тіркеліп, адам саны 2018 жылмен салыстырғанда  2 адамға кеміді (2018 жылы 6 айда 9 адам  тіркелген).

    Жер қатынастары бөлімі.

    Конкурс: Меркі ауданындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайта айналымға қосу мақсатында 1 (бір) конкурс ұйымдастырылып, жалпы ауданы 364,4134 гектар, оның ішінде егістік 358,2976 гектар, жайылым 6,1147 гектарды құраған 18 (он сегіз) жер учаскелері жалға берілді.

    Аукцион: Елді мекен жерлеріндегі кәсіпкерлік мақсаттағы бос жерлерді сауда-саттықта сату мақсатында 2 (екі) аукциондар ұйымдастырылып (наурыз, сәуір айлары), жалпы ауданы 1,9139 гектарды құраған 9 (тоғыз) жер учаскелері жалпы құны 8121400 теңгеге сатылды.

    Қайтарылған жерлер: Ауыл шаруашылық мақсатындағы жалпы ауданы 571,76 гектар, оның ішінде егістік 498,02 гектар, жайылым 64,34 гектар, шабындық 6,94 гектарды құраған 11 жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

    Жердің игерілуі: Егістік – 2018 жылы игерілмеген жалпы ауданы             1286,33 гектар жерлер бойынша тиісті деңгейде жұмыстар атқарылып, ауданы      428,47 гектарды құраған 8 (сегіз) жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылса, ауданы 509,24 гектарды құраған 10 (он) жер учаскесі игерілуін бастаған, ауданы 75,0 гектарды құраған 2 (екі) жер учаскесінің салық мөлшерлемесі 10 (он) есеге жоғарылатылған, ауданы 213,62 гектарды құраған 3 (үш) жер учаскесінің пайдаланушылары қайтыс болуына байланысты тексеру жүргізілмеген, ауданы 60,0 гектарды құраған 1 (бір) жер учаскесі бойынша заң бұзушылық анықталмаған.

    Жайылым – 2019 жылы игерілмеген деп табылған жалпы ауданы        4418,721 гектарды құраған барлығы 92 жер учаскелерін құраған жалпы ауданы 4418,72 гектар жерлердің жер пайдаланушыларына қолданыстағы заңнамаларға сәйкес тиісті шара қолдану үшін аудандық жер инспекциясына жолданды.

    Жер салығы: «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 07 ақпандағы №42-2 шешімі қабылданған.

    Жерлердің сатылуы бойынша: Ауыл шаруашылық жерлері аумағынан – 3 сатып алу-сату шарты жасалып, жалпы ауданы 6,4879 гектарды құраған барлығы 3 жер учаскесі жалпы құны 14 032 244 теңгеге сатылды.

    Елді мекен жерлері аумағынан 73 сатып алу-сату шарты жасалып, жалпы құны 6 590 329 теңгеге сатылды.

    Каналдар бойынша: Аудан аумағында орналасқан ішкі шаруашылық каналдарына жерге орналастыру жобасы әзірленіп, Меркі ауданы әкімдігінің    2019 жылғы 23 мамырдағы №172 қаулысымен «Меркі ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ тұрақты жер пайдалану құқығына беру туралы қаулысы қабылданып, жер учаскелеріне мемлекеттік актілері әзірленуде.

    Құрылыс бөлімі: Құрылыс жұмыстарының 2019 жылдың 6 айындағы жоспары 1739,7 млн. теңге. Орындалғаны 1773,8 млн. тг., 109,6% құрады. (2018 жылы 6 айында 1576,9 млн. теңге, 102,8%)

    Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі бойынша: жалпы алаңы 16189 шаршы метр болатын жеке тұрғын үй пайдалануға беріліп, 107,0% құрады (2018 жылы 15131 шаршы метр, 108,8%).

    Тұрғын үй құрылысына тартылған инвестиция көлемі бойынша:         2019 жылдың қаңтар-маусым айларының жоспары 688,0 млн. теңге. Бүгінгі күнге 722,029 млн. теңгеге есеп тапсырылды. 6 айдың қорытындысымен 105,0% орындалды.

    Құрылыс жұмыстары бойынша:

    Қазақ Дихан ауылындағы 120 орындық мектептің  құрылысына 2018 жылы бюджеттен 100,0 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді. Мердігер мекеме «Андас-Груп» ЖШС. 2019 жылға бюджеттен 395,830 млн. теңге бөлініп, 254,0 млн. тг. игерілді. Нысанды ағымдағы жылы 01 тамызда  пайдалануға беру жоспарлануда.

    Сарымолдаев ауылының ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарына 2018 жылға бюджеттен 568,251 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді. Мердігер мекеме «KAZ Intel Group» ЖШС. 2019 жылға бюджеттен 444,444 млн. теңге бөлініп, 226,7 млн. тг. игерілді. Нысан 2020 жылы пайдалануға беріледі.

    Ойтал ауылындағы №12 К.Сарымолдаев атындағы орта мектебі қазандығының құрылысына 2019 жылы 45,521 млн. теңге бөлініп, 45,521 млн. тг. игерілді. Мердігер мекеме «Тараз-Ирригация» ЖШС. 27.03.2019 ж. №24 келісім шарт жасалды. Құрылыс жұмыстары 2019 жылғы  18 маусымда аяқталып пайдалануға берілді.

    Жеке тұрғын үй құрылысына арналған Интернационалный ауылындағы 7 га алқапқа электр жүйесінің құрылысына Жамбыл облыстық маслихатының 2019 жылғы 19 наурыздағы №32-5 шешімімен құрылыс жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен осы жылға 26,771 млн. тг. бөлінді. Мердігер мекеме «KKS Construction group» ЖШС. Құрылыс жұмыстары осы жылдың тамыз айында басталады.

    2019 жылы құрылысы жоспарланып отырған 6 медициналық нысандардың (Талдыбұлақ, Сыпатай, Тескентоған, Акқайнар, Алтын Арық, Мыңқазан елді мекендерінде) жер телімдері анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 2019 жылға қосымша 6 медициналық нысандардың құрылыстарын жүргізу жоспарланып (Қазақ дихан, Арал қыстақ, Беларық, Қарасу, Құмарық, Меркі шипажайы елді мекендерінде), жерлері анықталып, құрылыс жұмыстары  басталды. Осы жылы аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.

    Жобалау сметалық құжаттары бойынша: 2016-2018 аралығынан 2019 жылға өтпелі 16 ЖСҚ оның 10 ЖСҚ ИКИ оң қорытындылары алынған, 6 ЖСҚ сараптамада (1 ИКИ, 2 ТБО, 1 білім, 1 спорт, 1 мәдениет).

    Білім саласы: Гранитогорск ауылындағы 120 орындық мектеп құрылысына ЖСҚ әзірленген. Бүгінгі күнге жобалаушы мекеме құнын 453,194 млн. теңгеге дейін төмендетіп, сараптамадан өткізуге мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, жеңімпаз анықталды. Осы жылдың мамыр айында теріс қорытынды алынған, мердігер мекеменің өз қаражаты есебінен 3 жақты келісім шарт жасалып, сараптама порталына қайта жүктелді. Ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін сараптама қорытындысын алу жоспарлануда.

    Инфрақұрылым бойынша: Меркі ауданы бойынша 6 алқапқа инженерлік инфрақұрылым электр жүйесі мен қиыршықтас жол жүргізу үшін 11 ЖСҚ әзірленген (5 алқапқа электр жүйесі және қиыршықтас жол: Сарымолдаев 21 га, 10 га; Ақтоған 60 га; Сұрат 30 га; Андас батыр 10 га. 1 алқапқа электр жүйесі: Интернационалный 7 га). Сұрат ауылы 30 га мен Интернациональный ауылы 7 га электр жүйесіне оң қорытынды алынған. Андас батыр 10 га, Сарымолдаев 21 га, 10 га, Ақтоған 60 га қиыршық тас және электр жүйесінің оң қорытындылары алынған. Сұрат 30 га қиыршықтас жол теріс қорытынды алынған. Жамбыл облыстық экономикалық сотына құжаттар жолданды, сот қараусыз кері қайтарды. Жобалаушы мекеме теріс қорытындыда берілген ескертпелерге сәйкес өз қаражаты есебінен сараптамадан өткізуге келісімін берді.

    Қоршаған ортаны қорғау нысандары: Ойтал (алдын ала сметалық құны 44,500 млн. теңге) және Ақтоған (алдын ала сметалық құны 23,827 млн. теңге) ауылдарында қатты қалдықтар тастайтын полигондарына ЖСҚ әзірленген. Сараптамаға ұсынылғанымен ескертпелер беріліп, құжаттар жинақталуда.

    Спорт және мәдениет нысандары: Меркі ауылындағы спорт кешенінің құрылысына ЖСҚ әзірленген. Жобаның сметалық құнын төмендету жұмыстары жүргізіліп, алдын ала есеп бойынша сметалық құны 437,0 млн. теңгеге дейін төмендетіліп, облыс әкімдігінің спорт және құрылыс басқармаларының келісімі алынды. Сараптадан өткізуші мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, жеңімпаз анықталды. 2019 жылдың мамыр айында теріс қорытынды алынған. Мердігер мекеменің өз қаражаты есебінен 3 жақты келісім шарт жасалып сараптама порталына қайта жүктелді. Ағымдағы жылдың шілде айында сараптама қорытындысын алу жоспарлануда.

    Андас батыр ауылындағы ауылдық клубының құрылысына ЖСҚ әзірленген. Жобаның сметалық құнын төмендету жұмыстары жүргізіліп, алдын ала есеп бойынша сметалық құны 243,784 млн. теңгеден 117 млн. теңгеге дейін төмендетілген. Бүгінгі күнге мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, жеңімпаз анықталып, келісім шарт жасалды. Сараптамаға ұсынылды.

    Су жүйесі: Меркі ауданы бойынша Андас батыр және Кеңес ауылдарының су жүйесінің құрылысына ЖСҚ әзірленген. Кеңес ауылының су жүйесінің ЖСҚ сараптадан өткізуші мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесіне сәйкес жеңімпаз анықталды. Андас батыр және Кеңес ауылдарының су жүйесінің ЖСҚ 2013 жылы әзірлеген мекеме «ГАПП» ЖШС сараптамадан өткізетін мекеме берген кемшіліктер мен ескертпелерді қазіргі талапқа сәйкес орындай алмай отыр. Жобалаушы мекеменің  мамандары кеңсе ғимараты жоқтығынан орындайтын мүмкіншілігі жоқ және жобаны қайта есептеуге ұсынылып отыр.

    2019 жылы аудандық бюджеттен 104,375 млн. теңге бөлініп 35 ЖСҚ әзірлеу жоспарланып отыр. Атап айтқанда 16,375 млн. теңгеге 2 білім, 2 мәдениет, 1 спорт нысандарының ЖСҚ. 2019 жылы инженерлік инфрақұрылымға (қиыршықтас жол, электр және су жүйелері) 14 алқапқа 30 ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 88,0 млн бөлінген. Бүгінгі күнге жалпы 35 ЖСҚ-ның 7-нің (қиыршықтас жол) жеңімпазы анықталып келісім шарт жасалып, жұмыстарын бастады. 23 ЖСҚ мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде.    Бүгінгі күнге құрылыс нысандарының деректер базасына жалпы 209 нысан бойынша ақпарат енгізілді, оның ішінде: 4 мемлекеттік,                          205 жеке құрылыс нысандары.

    Меркі ауданы орталығының бас жоспарына 2018 түзету еңгізіліп, 2019 жылғы 21 ақпанда аудандық маслихаттың №43-3 шешімімен бекітілді. Бас жоспарда мемлекетке қайтаруға  тиімді жаңа  екі алқап белгіленді. Жамбыл ауылындағы 2 алқап 367,57 га құрайды. Осы 2 алқапты елді мекен шекарасына енгізу үшін ауылдық округ әкіміне және аудан әкімдігінің жер қатынастары тиісті жұмыстар жүргізуде.

    Тәтті және Қызыл сай ауылдарындағы су жүйесі бойынша іс шара жоспары бекітіліп, мемлекеттік актісі техникалық төлқұжаттары әзірленді. Бүгінгі күнге мемлекеттік тіркеуден өткізілуде. Мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін Тәтті ауылының су жүйесін іске қосу жұмыстарын жүргізу үшін, Қызыл сай ауылының су жүйесін әрі қарай пайдалану үшін аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне теңгеріміне берілетін болады.

              Ішкі саясат бөлімі. Қазақстан Республикасы Президентінің   2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауының түсіндіру бойынша  бекітілген желілік кестеге сәйкес 2019 жылдың ақпан – маусым  айларының аралығында   өткізілген іс-шаралар саны –  35. Облыстық ақпараттық топ мүшелері бекітілген кестелеріне сәйкес тұрғындар  арасында   ақпан – маусым    айларында   ауданға келіп     35 кездесулер өткізді.  Аудандық «Меркі тынысы» газетінде 20   мақала, «Меркі ақиқат» газетінде 11 мақала  жарық көрді. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында желілік кестеге сәйкес-80, желілік кестеден тыс – 710 іс-шара өтіп, 21350 адам қамтылды. Жалпы 790 іс-шара өтіп,  29150 адам қамтылған.

    Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Меркі ауданында 2019 жылы қаңтар-желтоқсан айларында желілік кестеге сәйкес140 іс – шара, желілік кестеден тыс өткізілетін іс-шаралар саны – 1250. Барлығы 1390  іс-шаралар өткізіледі деп жоспарланған. Іс-шараларға 47000-нан аса адам қамтылу көзделген. Атап айтсақ:

    • білім саласы бойынша мектептерде 736,
    • мәдениет саласы бойынша 294,
    • денсаулық саласы бойынша 9,
    • ҮЕҰ-дар, этно-мәдени орталық өкілдерімен 10,
    • саяси партиялармен 4,
    • спорт саласы қызметкерлерімен 134,
    • жастармен 93,
    • жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерімен 3,
    • өрт сөндіру қызметкерлерімен 2,
    • құқық қорғау органдармен 3,

    10) жеке кәсіпкерлермен 50,

    11) ауыл тұрғындарымен 60.

    Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат:

    (қаңтар-желтоқсан аралығы) (сандық көрсеткішпен)

    Барлық өткізілетін іс-шаралар Форум, Конференция, семинар Сурет, кітап көрмелері «Дөңгелек үстел» отырыстары Кездесулер мен жиындар Акциялар Қайырымдылық акциялары Басқа да іс-шаралар (флешмоб,дебат, спартакиада, керуен және т.б.)
    1390 59 152 240 500 79 50 318

    2019 жылға Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауын насихаттау мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын аудан тұрғындарына түсіндіру және іске асыру мақсатында іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» тақырыпта 1 лотқа конкурс жарияланды. Жоспарланған қаржы бойынша 500,0 тг қойылды.

          «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша аудан әкімінің 2019 жылғы 04 сәуірдегі №242-ө өкімімен 2017 жылғы 19 қазан №703-ө өкіміне өзгеріс енгізіп, жаңа жобалық офис кабинетінің орналасқан орны  мен аудандық жобалық офис құрамы құрылды. Жобалық офис – Сарымолдаев ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №63г мекен–жайдағы «В.Савва атындағы ЖББМЛ» КММ ғимаратында орналасқан. Офис кабинеті қажетті құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Атап айтсақ, веб-камера, интернет желісі, компьютерлік және телефон байланыс құралдары, арнайы стендтермен жабдықталған.

    2019 жылдың І жарты жылдығында аудан әкімдігінің ресми сайтының әкім блогына тұрғындардан – 6 өтініш келіп түскен. Олар: тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша – 1, құрылыс, тұрғын үй мәселелері бойынша – 2, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша – 1, еркін тақырып бойынша – 2 өтініш түскен. Сұрақтарға уақтылы тиісті жауаптары берілді.

    2019 жылдың І жартыжылдығында аудан әкімдігінің ресми сайтында жарияланған материалдардың жалпы саны 180. Атап айтар болсақ қоғамдық-саяси  сала бойынша – 45, әлеуметтік бағытта- 48, мәдени  іс-шаралар – 87 мақала жарияланды.

    Меркі ауданы әкімдігінің инстаграмм және фейсбук парақшалары  аудан тұрғындарын күнделікті жаңалықтармен, аудандағы атқарылып жатқан жұмыстармен хабардар етіп отырады. Инстаграмм  парақшасында  5590 оқырман тіркеліп, алты айдың қорытындысы бойынша  979 мақала жарияланды.

    Фейсбук парақшасында 407 оқырман тіркеліп, аудан жаңалықтарын тұрақты оқып отырады. Онда  бірінші жартыжылдықта  489 материал жарияланған.

    Меркі ауданы бойынша 3 конфессия (ислам бағытында суниттік, христиан бағытында протестанттық, православтық) құрылған 26 діни бірлестік қызмет атқарады. Оның 23 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты мешіттер, 23 мешіттің барлығында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бұйрығымен бекітілген имамдар жұмыс атқаруда (имамдардың жоғары білімдісі –6, орта білімдісі – 6, арнайы курстан өткендері – 11).

    Аудандағы мешіттердің жалпы сыйымдылығы – 3 мыңнан астам адамға арналған. Күнделікті мешітке келушілердің саны – 270-дей болса, жұма намаздарына келушілердің саны шамамен 1500 адамды құрайды. Мешітке келушілердің құрамы – 20% қариялар, 50% орта жастағы азаматтар, 30% жастар. Сондай ақ, аудандағы 23 мешіттің барлығында бейнекамералар орнатылды. Ауданында бүгінде 30-дан астам этнос өкілдері, 30 қоғамдық бірлестіктер жұмыс жасайды.

    Меркі ауданында 8 этномәдени бірлестіктері бар. Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды, қоғамдық келісімді нығайту және этностардың мәдениеті мен салт дәстүрлерін дамыту бойынша 2019 жылы өткізілетін негізгі 63  іс – шаралар жоспары бекітіліп,  іс-шаралар ұйымдастырылды. Жалпы, ауданда этносаралық және конфессияаралық қатынастар тұрақты.

    Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:

    Аудан бойынша халықтың әлеуметтік қорғалмаған, тұрмысы төмен санаттарының табыс көзін арттырып, ауданда кедейшілік деңгейін төмендету мақсатында ағымдағы жылы бюджеттен 1640,6 млн. (2018ж-355,3 млн. теңге) теңге бөлінді. Оның 1398,4 млн. (2018 ж-190,2 млн. теңге) теңгесі республикалық,  242,2 млн. (2018ж-165,1 млн. теңге) теңгесі жергілікті бюджетті құрап отыр.

    2019 жылғы 01 шілдеге төлемдер бойынша 818,1 млн. тенге бөлініп 817,4 млн тенгесі (99,9%) игерілді. Оның ішінде жергілікті бюджеттен 113,8 млн. теңгеден 113,1 млн. теңгесі 99,4% игерілді, республикалық бюджеттен 704,340 млн. теңгеден 704,340  млн. теңгесі  100% игерілді.

    Атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасы бойынша 2019 жыл басынан 1-шілдесіне 3037 (2018ж-985) отбасындағы 14283 (2018ж-5240) адамға 719,1 млн. (2018ж-171 223,0) теңге тағайындалып, төленді.

              Аудан көлемінде жалпы мүгедектер саны 2564 (2018ж-2566)  адамды құрайды, оның ішінде: 1 топ – 185 (2018ж-192) адам, 2 топ -1110 (2018ж-1144) адам, 3 топ – 918 (2018ж-888) адам. 16 жасқа толмаған мүгедек балалар саны – 351 (2018ж-342)  адам.

    Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу стандарты бойынша                    94 (2018ж-138) өтініш қабылданды. Жергілікті бюджеттен  8,9 (2018ж-5,635)  млн. теңге бөлініп, 2 тоқсанға 2746,4 мың тенгесі есеп шоттарына аударылды.

    Жеке көмекші қызметіне 27,6 (2018ж-21,6) млн теңге бөлініп, 143 (2018ж-175) өтініш қабылданды және ымдау тілі маманының қызметіне мұқтаж 26 (2018ж-22) азаматтан өтініші қабылданды. Биылғы жылға РБ-тен 2,8 млн теңге, жергілікті 0,4 млн тенге бөлініп, есептті мерзімге 0,912 млн тенгесі игерілді. Жеке көмекші қызметіне 11157,7  млн теңгесі аударылып берілді. 96 (2018ж-101) азаматқа үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде. Бұл мақсатқа ЖБ-20,0 (2018ж-16,4) млн тенге,  РБ-0,4 млн теңге бөлініп, есепті мерзімге  8,0 млн теңгесі игерілді.

    15 ақпан Ауғаныстаннан Совет Әскерінің шектеулі контингентінің шығару күніне орай  ауған  соғысының  67  (2018ж-68) ардагеріне (60 мың теңгеден) 4020,0 (2018ж-2,010)  мын  теңге аударылып берілді.

    Сонымен қатар, аудан бойынша Семей ядролық полигонының сынақтарынан зардап шеккен 157 (2018ж-142) ардагерлеріне 4,710 (2018ж-4,260)  мың  теңге тамыз айына қарастырылған.

    ЧАЭС апатын жоюға қатысқан 14 (2018ж-14) азаматқа 420,0 (2018ж-420,0) мың теңге қаражат аударылып берілді. 1941-1945 жылдардағы ҰОС-ғы 9 мамыр –Жеңіс күні мерекесіне орай  Ұлы Отан соғысы ардагерлері, қайтыс болған соғыс мүгедектеріне, оларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне, тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери  қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен марапатталған азаматтарына және тыл еңбеккерлеріне бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету үшін 398 (2018ж-471) азаматқа 23415,0 (2018ж-91800,0)  мың тенгесі аударылып берілді.

    Жергілікті органдардың шешімі бойынша 5740,0 (2018ж-3700,0) мың тенге бөлініп,  мұқтаж  164 (2018ж-117) азаматтың құжаттары арнайы комиссияда қаралып, (30,0 мың тенгеден)  4940,0 мың  тенгесі аударылып берілді.

    Инватакси қызметін алу үшін 33 азаматтан өтініш қабылданып,  келісім шарт жасалған. Сұраныс бойынша инватакси қызметі көрсетілуде.  Сонымен қатар  2019 жылғы  жоспарға сәйкес 12 нысанның 7-не бейімдеу жұмыстары жүргізілді.

    Ауылды елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына  отын сатып алу үшін 28,0 (2018ж-24,103) млн тенге қаражат қарастырылып отыр. Биылғы жылы аудан әкімдігінің бастамасымен «Меркі қайырымды жандар» қозғалысы және аудан кәсіпкерлерінің демеушілігі есебінен көп балалы аз қамтылған 3 отбасына (10 млн. теңге көлемінде) жеке меншік тұрғын үйдің кілті табысталды.

    Аудан бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған Еңбек бағдарламасы» бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға берілген жоспар 2837 адам құрайды (мемлекеттік бағдарламалар-35, бос жұмыс орындарына-1672, әлеуметтік жұмыс орынға-80, жастар тәжірибесіне-140, ақылы қоғамдық жұмысқа-200, кәсіптік оқытуға-62, қысқа мерзімді оқыту-240, бастау бизнеске-120, шағын несие-125, грант-163). 2019 жылы 1838 адам кайырылып, 1637 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысты, (қысқа мерзімді оқыту-247, бастау бизнеске-129, шағын несие-35, бос жұмыс орындарына-564, әлеуметтік жұмыс орынға-141, жастар тәжірибесіне-104, ақылы қоғамдық жұмысқа-417). берілген жоспар 57,7% орындалды. Оның ішінде: 1226 адам жұмысқа орналасты (бос жұмыс орындарына-564, ӘЖО-141, ЖТ-104, АҚЖ-417). Қайырылған азаматтардың жұмыспен қамту үлесі 66,7%. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша берілген жоспар 44 адам. 41 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысты (қысқа мерзімді оқыту-6, бастау бизнеске-4, шағын несие-2, бос жұмыс орынға-10, ӘЖО-8, ЖТ-1, АҚЖ-10). Берілген жоспар 93,2%. Оның ішіде: 29 жұмысқа орналасты (бос жұмыс орынға-10, ӘЖО-8, ЖТ-1, АҚЖ-10) Оның ішінде: квота бойынша 12 адам жоспарланып, 2 азамат жұмысқа орналасты.

              Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен оқытуға 62 адам жоспарлануда. Қысқа мерзімді оқуға 240 адамға 45,7 млн.теңге қаражат бөлінген. 6 колледждермен келісім-шартқа отырып, 247 адам жолдамамен жолданды. Оқудан өз еркімен 9 адам шығып кетті. 29 жасқа дейін жастар 123 жолдамамен жолданды. 238 оқуды жалғастыруда. Игерілген қаражат 27,7 млн.теңге.

              Екінші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 147 адамға өз ісін ашуға және ары қарай дамытуға 617,4 бөлініп, 35 адам 134,4 млн.теңге несие алды. Жоспар бойынша бастау бизнесті оқытуға 120 адам бөлінген. 129 адам бастау бизнес оқуға жолданып, 85 азамат аяқтап, сертификаттарын алды. 8 адам тестілеуден өтпеді. 29 жасқа дейін жастар 39 адам жолдамамен жолданды.

              Үшінші бағыт: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша:

              1) Әлеуметтік жұмыс орындарына 80 адам жоспарланып, (РБ –8,4, ТОХ-7,7, ЖБ – 8,4) = 24,6 млн.теңге бөлініп, 27 мекемемен («Сыпатай батыр» ЖШС, «Ниет», «Нөсер-Береке» ШҚ және т.б.) келісім-шарт жасалынып, 141 адам жұмысқа жолданды. 18 азамат өз еркімен жұмыстан шығып, 2 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 29 жасқа дейін жастар 35  жолдамамен жолданды. Игерілген қаражат 8,3 млн.теңге.

              2) Жастар тәжірибесіне 140 адам жоспарланып, (РБ – 15,1, ЖБ – 39,2) = 54,3 млн.теңге бөлініп, 58 мекемемен (орталық аурухана, аудан әкімінің аппараты, білім бөлімі, ауылдық округтар, аудандық ішкі істер бөлімі және т.б.) келісім-шарт жасалынып, 104 азамат жолдамамен жолданды. 15 келісім-шартты аяқтап, 18 өз еркімен жұмыстан шығып, 9 тұрақты жұмысқа орналасты. Игерілген қаражат 24,6 млн.теңге.

              3) Ақылы қоғамдық жұмыс орындарына ЖБ – 110,6, ТОХ- 40,7 млн.теңге 215 адамға бөлініп, 16 мекемеге 417 адам жұмысқа жолданды. 62 өз еркімен жұмыстан шығып, 4 тұрақты жұмысқа орналасты,  29 жасқа дейінгі жастар 55 жұмысқа орналасты. Игерілген қаражат 67,0 млн.теңге.

              4) Бос жұмыс орындарына 2019 жылы жылдық жоспар бойынша 1690 адам бөлінген. 564 азамат жұмысқа орналасып, 33,4% құрайды.  Оның ішінде: әйелдер – 186, 29 жасқа дейінгі жастар – 144 азамат. «Е-Биржа» арқылы жұмысқа орналасуға 2019 жылы жылдық жоспары 1268 адам бөлінген, 299 адам орналасып, 23,6% құрап отыр. Жұмыссыздар болып тіркеуде тұрғандар 857 адам. Оның ішінде әйелдер 527 адам, 29 жасқа дейінгі жастар 281 адам.

    Экономика бөлімі: Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген әлеуметтік сала мамандарына 2019 жылы әлеуметтік көмек көрсету үшін тұрғын үй алуға несиеге 45450,0 мың теңге, көтерме ақы төлеуге 8837,5 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күнге 20 адам несиеге, 21 адам көтерме жәрдем ақыға кезекте тұр. 1-ші шілдеге 11 адамға тұрғын үй алуға 41 457,5 мың теңге несие, 40 адамға 7070,0 мың теңге көтерме жәрдем ақы  берілді.

    Білім бөлімі. 2018 – 2019 оқу жылында ауданда 85 білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Оның ішінде 25 жалпы білім беретін мектеп, 3 мектеп-гимназия (№17,№5,№39), 1 мектеп-лицей (№9),1 кешкі оқыту мектебі, 9 бастауыш мектеп,   26 бөбекжай-бақшасы (мемлекеттік – 16, жекеменшік -10), 12 мектеп жанындағы шағын орталық, 8 мектептен тыс мекемелер (№1 және №2 саз мектептері, балалар және жасөспірімдер «Үміт» сарайы, «Өркен» шығармашылық орталығы, «Мәңгілік ел» оқу-тәрбие орталығы, «Аула» клубы,  психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, «Жұлдыз» сауықтыру лагері).

    Қазіргі таңда аудан мектептерінде 2018-2019 оқу жылында 16283 оқушы (2017-2018 оқу жылы – 15761), білім алды. Бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда  522 оқушыға артып отыр.

    Оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету:

    2018 – 2019 оқу жылында оқушылар тегін оқулықтармен 100% толық қамтылды. Оқу құралдарына барлығы 210,8 млн. тенге қаражат бөлініп, оқулықтар толығымен жеткізіліп, мектептерге таратылды.

           Мектептердің  материалдық-техникалық базасын нығайту: Жалпы білім беретін мектептерді жаңа модификациялы кабинеттермен жабдықтау шараларын қабылдау бойынша  2018 жылы мектептерді жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән кабинеттермен жарақтандыру мақсатында 13600,0 мың тегеге 2 лингафонды мултимедиялық  кабинеттерімен жабықталды. 

    Оқушыларды тасымалдау бойынша: 2018-2019 жаңа оқу жылында аудан бойынша тиісті мектептері жоқ 7 ауылдық округтен 10 мектепке 426 оқушы тасымалданып оқытылды. Тасымалданатын ара қашықтық 3-18 км құрайды. Балаларды мектепке тасымалдау үшін 7 автокөлік бекітілген.

    Асхана және спорт залмен қамтамасыз ету: Аудан бойынша 38 мектептің 30-да (78,9%) асхана, 8 бастауыш мектепте асхана жоқ. 9 мектепте спорт зал жоқ (1-орта мектеп, 8-бастауыш  мектеп). Бүгінгі күні жалпы аудан мектептерінде аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан 1011 бала тегін бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, қамту үлесі 100% құраған.

    Бейнебақылау камераларын орнату: Аудан бойынша барлығы 38 мектептің 38-де (100%), 6 қосымша білім беру мекемесінің 5-де (85%), мемлекеттік бөбекжай-бақшасы 16 (100%) бейнебақылау камералары орнатылған.

    Білім беру жүйесін ақпараттандыру: «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім экономикасына көшуді қамтамасыз ету мақсатында аудан бойынша жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне 38 (100%) мектептің барлығы толығымен қосылған. Оның ішінде сым желілері бойынша кең жолақты интернет 17 (44,7%) мектепте,  22 (55,2%) мектеп сымсыз Wi-FI желісмен, 4-10 мегобит/сек-тен жоғары жылдамдықта.  Мектептердің интернетін 40 мбит/с-қа (талшықты оптика) дейін жоғарылатуға 2019 жылы облыстық бюджеттен 20634,0 мың теңге (жалпы сипаттағы трансферт) және жергілікті бюджеттен 21306,0 мың теңге қарастырылған. Бүгінде мердігерді анықтау үшін конкурстық шаралар жүруде. «Күнделік» жобасына 38 мектеп толық қосылған.

    «Bilimland» цифрлық білім беру ресурстары порталына 38 (100%) мектеп қосылған.

    2018 жылы  ауданда бір IT сыныбы ашылды. 2019 жылдың индикаторлық көрсеткішіне тағы бір  ІТ сынып ашу жоспарланған. Бұл мақсатқа 4500,0 мың теңге қарастырылған. 12 (31.5%) мектеп робототехника кабинетімен  жабдықталған. 38 мектеп оқу үдерісінде пайдаланатын 1689 дана компьютермен жабдықталған. 641 оқу кабинетінің 471 (65,6%) кабинеті компьютермен қамтамасыз етілді.

    Балабақшаға балаларды кезекке қою және жолдама алу ақпараттық жүйесі 38 (100%) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына енгізілді (edugarden.kz).   

            Мектептерде 1-сыныпқа қабылдау ақпараттық жүйесі 38 (100%) мектепке енгізілді (eduschool.kz.).

            Педагогтарды жұмысқа қабылдауды басқару және ваканция кезегін автоматтандыру ақпараттық жүйесі 38 (100%) мектепке енгізілді (jumys.sitsen.kz).

             Мектепке дейінгі білім беру: Ауданда 27 балабақша (мемлекеттік-16, жекеменшік-11) мен 12 шағын орталықта 3822 бала тәрбиеленеді. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1 – 6 жас аралығында 90,5% (облыста – 87,4%), 3 – 6 жас аралығында 99,6 %-ды құрап отыр (облыста–90,2%).

    0 – 6 жас аралығында аудан бойынша кезекте тұрған балалар саны – 910. Соның ішінде: 3 – 6 жас аралығында кезекте тұрған балалар саны – 22.

    Қосымша білім беру: Меркі ауданы әкімдігі білім бөліміне қарасты қосымша білім беру мекемелерінде қамтылған оқушылардың үлесі – 3321 оқушыны қамтып 20,2% құрап отыр (облыста-27% ) ал мектептегі үйірмелерге қамтылған бала саны 11391  (69,5%) құрап отыр.

    Жазғы сауықтыру маусымы: 2018-2019 оқу жылында жазғы каникул кезінде аудандағы 38 мектепте (29 орта мектеп, 9 бастауыш мектеп) мектеп жанындағы лагерлер жұмыс жүргізуде. Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагеріне аудан бойынша 15628 оқушының (1-10 сыныптардан) 13932 оқушысы қамтылды, яғни 89,1% құрайды. Мектеп жанынан ашылған жазғы сауықтыру лагерлеріне қамтылған балалардың ата-аналарының өтініштері автоматтандыру бойынша енгізілді. Сонымен қатар, 2019 жылдың  04 шілдеден бастап Түркістан облысы Арыс қаласынан 30 бала қосымша сауықтыру маусымымен қамтамасыз етілді.

    ҰБТ өткізу бойынша: 2018-2019 оқу жылының ұлттық бірынғай тестілеу 23 және 25 маусым күндері екі лекте өткізілді. Аудан бойынша барлығы 11 сыныпты аяқтаушы түлектер саны 696 болса соның 435 ҰБТ-ға қатысты. Оның 0-49 балға дейін алғандар саны 32, 50-100 балға дейін алғандар саны 130, 100 балдан жоғары алғандары 234 түлек, орташа бал көрсеткіші 98,18 пайызды құрап отыр.

    Күрделі жөндеу: Жамбыл облысы білім басқармасына аудан бойынша 7 мектеп кешенді күрделі жөндеуді қажет ететін мектептер тізіміне енген (2,5,11,12,34, 44, 48),  2018 жылдың басында 5 мектепке (2,11,12,44,48)  ЖСҚ  әзірленіп, сараптамаға тапсырылған. Жобалаушы «DWG-project.kz» ЖШС-гі, алайда облыс әкімінің 2018 жылғы 27 наурыздағы №50 Қаулысына сәйкес (регламент) ЖСҚ құнын оңтайландыру үшін, ЖСҚ-ры сараптамадан алынып, қайта есептеліп, 176 млн. теңгеге қысқартылған болатын.

    2018 жылдың қараша айында  Аспара ауылы №2 және Ойтал ауылы №12 Қ.Сарымолдаев атындағы мектептердің ЖСҚ-ры сараптамадан алынып, құзырлы басқармалармен келісіліп (білім, құрылыс және сәулет бақылау) облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған (№2 мектептің смета құны 192 млн теңге, №12 мектептің смета құны 267 млн теңге).

    Ал,  Ақермен ауылы Ә.Хасенов атындағы №11, Жеміс-жидек ауылы №44 және Ойтал ауылы №48 мектептердің ЖСҚ-ры қайта сараптамаға тапсырылды, сарапшы «Норматив Плюс» ЖШС-гі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы №379-Ү «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік» туралы Заңының аясында Меркі ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты барлығы 18 жалпы білім беретін мектептерінің (№3, №4, №5, №6, №11, №12, №13, №14, №17, №18, №19, №20, №21, №30, №34, №35, №44, №48) асханаларын ағымды жөндеуден өткізіп, қажетті жаңа технологиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету көзделген. Бүгінде барлық жобалау жұмыстары жүргізіліп, сметалары жасалуда. Сондай-ақ, 2019-2020 оқу жылына білім нысандарын дайындау үшін 38 мектептерге ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудан бюджетінен  10351,0 мың теңгеге бояулар, 749,320 теңгеге водоэмульзия сұйықтығы мемлекеттік сатып алу шаралары арқылы алынып, толық таратылды. Бүгінгі күні ауданның барлық мектептерінде ағымды жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Сонымен қатар Ойтал ауылындағы №48 ЖББМ қосымша 150 орындық қосалқы ғимарат құрылысын жүргізуге облыс әкімдігінің білім басқармасымен бірлесе жасалған 2019-2021 жылдарға арналған дамудың Жол картасына өзгерістер енгізілді. Жобалау жұмыстары 2020 жылға, құрылыс жұмыстары 2021 жылға жоспарланып отыр.

    Аспара ауылы №2 жалпы білім беретін мектебінің орнына  150 орындық жаңа мектеп құрылысын жүргізу үшін, облыс әкімдігінің білім басқармасымен бірлесе жасалған 2019-2021 жылдарға арналған дамудың Жол картасына өзгерістер енгізілді, жобалау жұмыстары 2020 жылдарға, құрылыс жұмыстары 2021 жылға жоспарланып отыр.

    Мәдениет бөлімі. Меркі ауданы бойынша 1 аудандық мәдениет үйі, 6 ауылдық мәдениет үйі, 9 ауылдық клубтар және 25 кітапхана, 1 аудандық тарихи-өлкетану мұражайы, 1 «Зерде» бейнемобиль автоклубы тұрғындарға мәдени көпшілік қызмет көрсетуде. Сондай-ақ, аудандық мәдениет үйі қарамағында кинофикация бөлімі, орталық саябақ, 4 «халықтық» атағы бар ұжым жұмыс жасайды. 2019 жылдың 6 айында мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін (клубтар 95 млн 943мың, кітапхана 12 млн 672мың) 108 млн 615 мың тенге бөлінді.

    2019 жылдың 6 айында мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарда 435 көпшілік іс-шаралар өткізіліп, (рухани жаңғыру бойынша- 25 рәміздер, рәміздер күніне 16) оған 30671 адам қатысты. (75 іс-шара аудандық Мәдениет үйінде өтті, оған 16556 адам, 178 іс-шара ауылдық мәдениет үлйерінде өтті, оған 6205 адам. 182 іс-шара ауылдық клубтарда 7910 адам қатысты.) Клубтық құрылым  саны 77, оған қатысушылар  саны 797 адамды құрады.

    Орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша аудандық көпшілік кітапхана, аудандық балалар кітапханасы мен 23 ауылдық кітапханалардың кітап қоры 265104 кітапты құрайды. Оның ішінде мемлекеттік тілде 140208 кітап. Оқырмандар саны 12065, кітап берілімі 186481 кітап. Өткізілген көпшілік іс-шаралар саны 302, (рухани жаңғыру бойынша-10, рәміздер күніне 25) іс  шараға қатысқан оқырман – 9081 құрады.

    Аудандық тарихи – өлкетану музейінде 11 көрме, 95 экскурсия  ұйымдастырылып, экспонаттар 13805, 9 лекция оқылды. Музейге келушілер саны 3145 адамды құрады. Аудан бойынша бүгінгі күнге 73 ескерткіш мемлекеттік тарихи- мәдени ескерткіштер тізіміне енгізілген. Оның ішінде қала құрылысы және сәулет – 4, археологиялық – 69, республикалық дәрежедегі 1 археологиялық ескерткіштер кіргізілген,

    Денсаулық сақтау саласы бойынша: Аудан аумағында 43 емдеу алдын алу мекемелері (1 – аурухана,  2-емхана, 13-дәрігерлік амбулатория, 8 – фельдшерлік-акушерлік және 19 медициналық пункт)  халыққа медициналық қызмет көрсетіп келеді.

    Орталық ауруханаға 2019 жылдың 6 айында 883982 мың теңге бөлінді. Оның ішінде: дәрі дәрмекке – 116641 мың теңге, азық түлікке – 8780,0 мың теңге.

    2019 жылдың 6 айында 759 нәресте дүниеге келді (2018 жылы 794 нәресте). Туу көрсеткіші 2018 ж. 6 айында – 9,4 ( 1000 тұрғынға шаққанда), ал 2019 ж. 6 айында – 8,9 (1000 тұрғынға шаққанда).

    2019 ж. 6 айында  3 сәби шетінеген, сәбилер өлімі көрсеткіші –  3,9 промиль (2018 жылы 6  айда 5 баланың өлімі тіркелді, 6,3 промиль).

    Ауданда 2019 жылдың 6 айында ана өлімі тіркелген жоқ.

    2019 жылдың 6 айында  аурушаңдық көрсеткіші: сарып (бруцеллез) – 7 адам (2018 жылы 9 адам), туберкулез – 24 адам (2018 жылы 25 адам), қан айналымы жүйесінің аурулары – 502 (2018 жылы 539), қатерлі ісік ауралары – 50 (2018 жылы 61), қант диабеті – 87 адам (2018 жылы 89 адам), вирустық гепатит -0 (2018 жылы 2 адам).

    Спорт бөлімі. 2019 жылдың 6 қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар 24982 адам, 29,5 % (2018 жылы 24361  адам, 28,8 %). Оның ішінде жалпы дене шынықтыру және спортпен шұғылданушы 14 жасқа дейінгі 6727 адам, жастар 13020 адам, 29 жастан асқан ауыл тұрғындары 5235 адам. Жасөспірімдер спорт мектептерінде және балалар аула клубында дене шынықтыру мен спортпен шұғылданушылар                 2019 жылы 2010 бала 13,4% (2018 жылы 1942 бала 13,0 %).

    Ауданында  212 спорттық ғимараттар жұмыс істеуде. Оның ішінде:  1 орталық стадион, 12 атқыштар тирі, 38 футбол алаңдары,  112 спорттық алаңдары, 36 спорт залдары, 13 орнатылған спорттық залдар. 8 стритворкаут алаңшалары бар. Аталған спорттық ғимарат нысандардың барлығы  аудан тұрғындарына дене шынықтыру және спортпен айналысу  үшін толықтай қолжетімді.

    Қазіргі таңда Жаңатоған ауылдық округінде кіші футбол алаңшасының құрылысы жүргізілуде. 2019 жылдың ІІ тоқсанында Ақтоған, Ақарал, Андас батыр ауылдық округтерінде стритворкаут алаңшалары салынып, ел игілігіне берілді.

    2019 жылдың 6 айында  барлығы 84 спорттық  іс-шаралар өткізіліп,  – 10525 адам қамтылды (2018 жылы 65 спорттық іс-шара, 8940 спортшы қамтылған).

    Аудан спортшылары елімізде және халықаралық деңгейде өткен облыстық жарыстарда үлкен жетістіктерге жетуде. 2019 жылдың жарты жылдығында облыстың, республиканың, Азияның әлем чемпионаттарына,  халықаралық турнирлерге қатысып барлығы 655 медаль, соның ішінде 188-алтын, 212-күміс, 255-қола медальдарға ие болды (2018 жылы 592 медаль, соның ішінде 185-алтын, 147-күміс, 260-қола).

    2019 жылдың ақпан айында жастар арасында Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы чемпионатында Жексен Бийбарс І-орынды иеленді.

    Ағымды жылдың сәуір айында Нұр-сұлтан қаласында өткен жамбы атудан Бабажан Бағдаулет І-орынға ие болды.

    27-29 мамыр күндері аралығында Алматы қаласында өткен жеңіл атлетикадан халықаралық турнирінде Джамалов Казим І-орынды иеленді.

    2019 жылдың мамыр айында Қырғызстан мемлекетінде өткен шахматтан «Open-Talas 2019» 4-ші халықаралық турнирінде Мырзакерім Ерасыл ІІІ-орынды иеленіп жеңімпаздармен жүлдегерлердің қатарынан көрінді.

    2019 жылдың мамыр айында өткен Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының және әуесқой бокстан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Парасат орденінің иегері Мұхтархан Қабыланбекұлы Ділдәбековтың жүлдесіне арналған халықаралық турнирінде 6 мемлекеттің ішінде І-орын.

    10-16 маусым күндері аралығында Венгрия мемлекеті  Эгер қаласында өткен бокстан 69-шы халықаралық турнирінде 22 мемлекеттің арасында                   56 кг салмақта ауданымыздың спортшысы Жексен Бийбарс  ІІІ-орын.

    2-7 шілде аралағында Германия мемлекетінде Франкфурд қаласында өткен 2019 жылғы Бранденбург кубогында Жексен Бийбарс І-орынды иеленді.

    2019 жылдың 23 мамыр күні АҚШ-та өткен американдық боксшы Сессил Макалламен 10 раунд бокстасып, сол түстік америка чемпионы NAВF белбеуінің иегері. Сонымен қатар 2019 жылдың 5 шілде күні Алматы қаласында өткен украиналық боксшы Игорь Фаниянды 7 раундта жеңіп, NВA белбеуінің иегері Әлем чемпионы атағына ауданымыздың спортшысы №17 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі, бірінші орта салмақтағы кәсіби боксшы  Ашкеев Мадияр Рысбекұлы ие болды.

    Спортшыларымыздың жетістіктері мен жеңістері де жылдан-жылға  көбейіп келеді. Олар республика көлемінде ғана емес, халықаралық деңгейде де мақтанарлық нәтижелерге жетуде.

    Жамбыл ауылындағы №16 БЖСМ ғимаратын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жоба құны 94 млн теңгені құрайтын ангарлық  спорт кешен салуға жеке кәсіпкер Қ.Құрамаев келісім беріп, ғимарат толықтай бұзылды.  Қазіргі таңда жерге орналастыру жобасы әзірленді.                                                                            Осы жобаның негізінде жер учаскесінің кадастрлық құнын айқындау актісі әзірленуде. Аталған жұмыстар аяқталғаннан соң, сауда-саттық (аукцион) арқылы беріледі. Аукционнан сатып алынғаннан кейін құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

    Жастар мәселелері бойынша: Аудандағы жастар саны – 17952 (NEET жастар – 79. Мектеп оқушылары – 4370. Колледж студенттері – 810. (2018 жылы NEET жастар-79 жас, мектеп оқушылары-4173, колледж студенттері-679).            Ерлер – 8620, Әйелдер – 9332.

    2019 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 3 млн. теңгеге 6 бағытта әлеуметтік маңызы бар жобалар қарастырылды. Олардың әр қайсысына 500 мың теңгеден 3 млн теңге қаржы бөлінді. (2018 жылы- 1,5 млн. теңгеге 3 бағытта әлеуметтік маңызы бар жобалар қаржыландырылды). 2019 жылы 6 айда жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған жастар саны – 229, оның ішінде ваканттық бос жұмыс орындарына – 75 (жоспар 663), жастар практикасына – 84 (жоспар 140), әлеуметтік жұмыс орындарына – 24 (жоспар 10), кәсіби оқуға – 10 (жоспар 107). Жастарға кеңес беру бойынша 1580 (жоспар 4000) жасқа консультациялық кеңестер беріліп, жастар мәселесін оңтайлы шешу мақсатында тиісті мекемелерге жолданып,тоқсандық меже 103,7 пайызға орындалды.

    Жыл басынан бері NEET жастар санатында 79 жас болған, алайда «Жамбыл облысында оқу бітірген түлектер мен жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту бойынша салалық органдар арасында өзара іс-қимыл жоспары» аясында оның 8-і жеке кәсіпкерлік ошақтары мен  шаруа қожалықтарға жұмысқа орналастырылды. Қазіргі таңда 71-і жұмыссыз жастар санатында, бұл жастармен жеке жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 2 айлық қоғамдық жұмысқа – 56 жас тартылып, маусымдық еңбекпен қамтуға 2 млн. 355 мың теңге қаржы бөлінді.(2018 жылы 2355,0 млн қаржы бөлінген, 25 адамға кеміп отыр.Себебі, ең төменгі жалақы өсуіне байланысты)         Ауданымызда 2 орта арнаулы оқу орнында 810 студент білім алуда. (А.Асқаров атындағы Меркі көпсалалы колледжінде 119 білімгер,№9 Меркі колледжінде 691 білімгер).                    Әр түрлі бағытта 6 айдың қорытындысы бойынша 107 іс-шара жоғары деңгейде өтті. Патриоттық – 12, спорттық  – 9, мәдени – 14, дін бойынша –28, құқықтық– 15, психологиялық – 15, Елбасының  Жолдауын түсіндіру мақсатында – 14 іс-шаралар өткізілді. Іс-шараға барлығы – 1170 жас тартылды.

    Жастарды кәсіпкерлікке баулу мақсатында жыл басынан бері 12 кәсіпкермен семинар өткізілу жоспарланды. Жоспар бойынша 8, жоспардан тыс 4 кәсіпкермен семинар өткізілді. Соның ішінде, құлпынай өсіру, автокөлікке техникалық қызмет көрсету, желімдеу, әйнек, пластик жасау, инкубатор, қой өсіру, фотосалон, монша, пескоблок цехтарын ашу, брусчатка, газоблок шығару, автоэлектрик, мал өсіру (ірі қара), тігін, автомаляр, жылыжай (қияр өсіру) салу, тауық өсіру. Семинарға қамтылған жастар саны – 110. Өз кәсібін ашуға ниет білдіретін жастар саны -106. Үй жағдайында кіші құс фермасын ашуға 8 жас ниет білдірді. Жастарды кәсіпкерлікке баулу мақсатында 24 іс-шара өткізілді. Қамтылған жастар саны 1822. Іс-шара барысында Жастар ресурстық орталығымен кіші құс фермасын ашу, тауық еті, жұмыртқаны насихаттау, жастарды кәсіпкерлікке баулу бойынша жастарға насихаттау жұмыстарын жүргізліп, жалпы 12 ауылдық округ бойынша жастар қамтылып, 8 жас өз кәсібін ашу үшін инкубатор аппаратына тапсырыс берді.

    Мемлекет тарапынан 505 мың теңгеден грант алып өз кәсібін ашуға 340 жас тіркелген. Тіркелген жастардың жоба-жоспарларын тыңдау үшін сейсенбі-бейсенбі күндері комиссия отырысы өтіп тұрады. Сонымен қатар, облыс жастарының кәсіпкерлігін дамыту, олардың бизнес бастамаларын қолдау мақсатында облыстық бюджеттен грантқа 303 млн.тг бөлінді. Меркі ауданынан 27 жас грантқа үміткер ретінде тіркеліп, қажетті құжаттар жинақталды. 27 жастың 9-ы мүмкіндігі шектеулі жандар. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жыл-жастар жылы деп жариялануына орай, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі «Үміт» БМЖ сарайында «Туған жерге тарту» атты өңірлік жастар форумын өткізді. Жастарды кәсіпкерлікке баулу мақсатында «Жасыл белес» ШҚ-на Қабылбек Үсен ағаның алма бағына  №9 Меркі колледжінің білімгерлерімен экскурсия ұйымдастырылды.

    Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырмасы бойынша «Жан жылуы» атты қайырымдылық акциясы барысында әрбір ауылдық округтегі жағдайы төмен, аз қамтылған отбасылар тегін азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Аз қамтылған отбасыларға арналған «Қайырымдылық дүкені» ашылып, бүгінгі таңда 31 жанұяға азық-түлік және киім-кешек берілді.

    14 пен 29 жас аралығында 2019 жылдың 6 айы бойынша жалпы аудан аумағында тіркелген қылмыстар саны – 104 (2018 жылы 131).

    ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі бойынша: Ауданда қоғамдық қолданыстағы автожолдар негізі 3 санатқа бөлінеді. Жолдың жалпы ұзындығы 344,4 шақырым, оның: 178 шқ. Республикалық, 70,5 шқ. Облыстық, 95,9 шқ. аудандық маңызы бар автомобиль жолдар.

    2019 жылға аудандық маңызы бар Ойтал – Қызыл Кишлак 18,6 шқ  автомобиль жолына орташа жөндеуге 194 410,0 мың теңге, Андас батыр – Гранитогорск 12 шқ оның ішінде  2018 жылға 239 764,0 мың теңге игерілді  2019 жылға  49 999,0 мың теңге  1,4 шқ жолына қаражат  қарастырылды. Аудандық мәндегі автомобиль жолы ағымды жөндеуге  10 000,0 мың теңге қарастырылған және мемлекеттік сатып алу рәсімі бойынша мердігер «Жандос и К» ЖШС.

    Паритет 50/50 схемасы бойынша 12 ауылішілік көшелерінің 13,2 шқ орташа жөндеуге  199 450,7 мың теңге қарастырылған. Ойтал ауылдық округіне қарасты  Темір жол вокзалына кірме жолы 1,9 шқ-ға облыстық және республикалық бюджетерінен 46 606,6 мың теңге қарастырылған. Меркі ауылдық округіне қарасты 2 көшенің 2 шқ жолына жергілікті бюджет есебінен 28 531,0 мың теңге қарастырылды. Нақты аудандық мәндегі жолдардың жақсы және қанағаттандырарлық үлесі 6 айдың қортындысымен 80,4% құрайды, ал жылдың қортындысымен 86,3% шығу жоспарлануда және аудан аумағындағы ауылішілік көшелердің жалпы меженің жылдық  көрсеткіші 73,6% құрайтын болады. Сонымен қатар облыс әкімдігі тарапынан Меркі Шу Бурылбайтал автожолының 7 шақырымын орташа жөндеуге 168 782,2 мың теңге қаражат қарастырылып, бүгінгі күнге мердігер тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде. Орташа жөндеу – 17 жол немесе 35,2 шқ.  518 997,3 мың теңге, ағымды жөндеу – 4 жол немесе 16,7 шқ. 10 000,0 мың теңге., (РБ – 169 701,0 мың теңге, ОБ – 221 534,6 мың теңге, ЖБ – 137 761,7 мың теңге). Барлығы  528 997,3  мың теңге.

     Газ бойынша: Аудандағы 45 елді мекеннің 39 ауылы газбен қамтылған. Қалған 6 ауыл газбен қамтылмаған. Ағымдағы жылы 2 ауылға (Қарасу, Ақкөз қайнар) газбен қамтамасыз етуге ЖСҚ әзірлеуге  Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан келісім алынды, алдағы уақытта ЖСҚ әзірленетін болады.

     Автобекет бойынша: Аудан әкімдігінің ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі тарапынан аудан аумағына автобекет салуға іс-шара жоспары бекітілді. Сонымен қатар  бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес тұрақты түрде жұмыстар атқарылуда.

    Заңсыз такси тасымалы бойынша: Бөлім тарапынан стихиялық тұрақтар мен заңсыз тасымалдау бойынша іс-шара жоспары әзірленіп, жұмысшы топ құрылды. Бүгінгі күнге 6 акт әзірленіп облыс әкімдігінің  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсынылды.

    ТҚҚ бойынша: Аудан бойынша 4 типтік полигон орналасқан.Қалған ауылдық округтерде күл-қоқыс тастайтын орны нақтыланған. 10 ауылдық округте эмиссияға рұқсаты бар, 4 ауылдық округте келісім шарт негізінде ТҚҚ шығарумен айналысатын мекемемен полигон аймағына шығарылуда. Меркі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу, жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, көмуге арналған тарифтерді бекіту бойынша  қаулы және шешім жобасы әзірленді. Қоғамдық кеңес мүшелері мақұлдап бекітуге ұсыным берді. Жамбыл облысының Ұлттық кәсіпкерлік палатасы тарапынан сараптамалық қорытынды алынды. Бүгінгі күнге шешім жобасы ағымдағы жылдың  шілде айында өтетін кезекті  мәжіліс отырысына қарауға ұсынылды.

    Қоғамдық көлік бойынша: Меркі ауданы аумағында 3 елді мекенді қоғамдық көлік қамту мақсатында, аталған елді мекендерді субсидиялау бойынша бөлім тарапынан  зерделеу жұмыстар жүргізілді және  Жамбыл облыстық қоғамдық кеңеске, шешім жобасы және қосымшалар ұсынылды.

    Жарнама бойынша: «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» бойынша 2019 жылы 4 қызмет көрсетілді.

    Ауыз су: Ауданда 45 елді мекеннің 30-ы орталықтандырылған ауыз сумен, ал 15 елді мекені орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтылған. Ауыз су бойынша қамту үлесін арттыру мақсатында орталықтандырылған су құбыры жүргізілмеген 2 елді мекенге Тұрлыбай батыр, Қарасу ЖСҚ әзірленіп, 2019 жылға қаражат қарастырылған. Қазіргі танда мемлекеттік сатып алу конкурс амалдары жүргізіліп, мердігерлері: Тұрлыбай батыр ауылына «Арқат Өркендеу», Қарасу ауылына «АсылҚуат Құрылыс» мекемесі болып анықталды. Аудан аумағындағы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған елді мекендердегі тұрғындарды су құбырына қосу бойынша іс-шара жоспары әзірленіп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

    Елді мекендерді абаттандыру бойынша: Меркі ауданында елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша көктемгі екі айлық кезінде атқарылатын жұмыстардың іс-шарасын бекіту туралы аудан әкімінің №62 қаулысы ағымдағы жылдың 25 ақпан күні жарияланып, іс – шарасы бекітілді. Сонымен қатар атқарылатын жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау мақсатында аудан әкімінің №153 өкімімен штаб мүшелері құрылды. Қазіргі таңда аудан бойынша ұйымдастырылған сенбіліктердің нәтижесінде 437 шқ көше мен 142,6 шқ арық және каналдар, 10750 м2 саябақтар мен скверлер күл қоқыстан тазаланып, нәтижесінде 432 тонна күл қоқыс шығарылды.  Сонымен қатар 6498 тал тарақ отырғызылды. 200 қарағай (сосна) және 70 шырша ағашы мемлекеттік сатып алу конкурс амалдары арқылы алынып, ауылдық округ әкімдіктеріне таратылды. Атап айтқанда Жамбыл ауылдық округіне  –127 қарағай ағашы, Сарымолдаев ауылдық округіне – 8 қарағай ағашы, Меркі ауылдық округіне 65 қарағай мен 70 шырша берілген. Аудан аумағындағы стихиялық күл-қоқыс орындарына айналған орындарды анықтау мақсатында және аудан тұрғындарымен тығыз байланыс орнату үшін Whatsapp желісі іске қосылғандығы туралы 2019 жылдың 12 сәуір күні Меркі тынысы аудандық газетіне және әлеуметтік желілерде хабарландыру жарияланды. Бүгінгі күнге аталған желіге 12 өтініш түскен. 3 өтініш күл-қоқыс орны бойынша. (Қоқыс орны тазаланып, ретке келтірілген.) 9 өтініш жол мәселесі бойынша. (Жол мәселесі бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде).

    Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру: 2019 жылы Меркі ауылдық округіне қарасты Е.Есимбекова, С.Сейфуллина көшесі және Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жауғаш батыр көшесіне трансформатор орнату мақсатында 54 877,0 мың теңге бөлініп, Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және ТҮКШ басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурс амалдары жүргізіліп, мердігері «Енерджи Тараз» мекемесі болып анықталды. Құрылыс жұмыстары аяқталып, қазіргі таңда нысанды қабылдап алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

    Тұрғын үй бойынша: Андас батыр ауылдық округінде орналасқан бұрынғы кеденшілер үйін ағымдағы жылдың 25 ақпандағы №63 Меркі ауданы әкімдігінің қаулысына сәйкес 26.02.2019 жылы ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімнің теңгеріміне рәсімделді. Қазіргі танда «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы – жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша аудандық бөлімінен техникалық төлқұжат алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» қызметі бойынша 2019 жылы тұрғын үй кезегіне тіркелген жалпы азаматтар саны – 285. (көп балалы отбасы санаты бойынша – 59, халықтың әлеуметтік осал тобы санаты бойынша – 121, жетім балалар санаты бойынша – 84, мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер санаты бойынша – 21 азамат тіркелген.)

    Ауданда қылмыспен күресу бойынша 2019 жылдың 1 шілдеге тіркелген қылмыстар- 24,8% төмендеген (210-нан 158-ге), ашылу  +72,8 %  өскен, (2018 жылы – 50,3%), оның : Қоғамдық орында орын алған қылмыстар – 28,6% (28 -ден – 20 ға) төмендеген. Көшеде  орын алған  қылмыстар -14,3% (14 тен – 12 ге ) төмендеген. Кәмелетке толмағандармен  -100,0% (1-ден -1-ге) теңескен.

    Сотты болғандармен жасалған қылмыстың саны +833,3 % (3 тен +28 ге) өскен.

    Ішімдік ішіп мас күйде  жасалған қылмыстар  +666,7 % (3 тен +23 ке) өскен.

    Адамдар тобымен жасалған қылмыстын саны +160,0 %  (5 тен + 13 ке) өскен. Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында учаскелік инспекторлар мен ауыл әкімдері осы жұмысқа жергілікті тұрғындарды кеңінен тарту жолымен, көршілік бақылауды күшейту, қора жайларға бейне бақылау құралдарымен жабдықтау сияқты түсіндірме жұмыстары жандандырылды.

    2019 жылдың 6 айында Меркі ауданында жергілікті атқарушы органдар арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы орын алған қылмыстар саны 1 (Меркі ауылдық округінің бас маман ӘТО инспекторы Е.Сабралиев)(2018 жылдың 6 айында – 0). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қүрес мәселелері бойынша аудандық комиссия отырысы тоқсан сайын өткізілуде.

    Аудан әкімінің 2018 жылдың қорытындысы бойынша  2019 жылдың ақпан айында халыққа есеп беру кездесуі барысында айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі бекітілген қаулыдағы іс-шаралар жоспарына сәйкес 27 мәселе бақылауға алынған. Бүгінгі күнге 3 мәселе орындалып, 24 мәселе орындалу үстінде. Сондай-ақ, аудан әкімдігінің қаулысының орындалуы бойынша аудан әкімдігінің ресми сайтында тоқсан сайын тұрақты түрде ақпарат жариялануда.

    Арыз-өтініштер бойынша Меркі ауданы әкімінің аппаратына 2019 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша жеке тұлғалардан 328 (2018ж-272), заңды тұлғалардан 269 (2018ж-223) өтініш келіп түсті. Аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының жеке қабылдауында 370 (2018ж-202) азамат қайырылды.

     

    Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Меркенского района