Меркі ауданы әкімінің халыққа есеп беру кездесуі барысында айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Меркі ауданы әкімінің халыққа есеп
беру кездесуі барысында айтылған
ескертулер мен ұсыныстарды іске
асыру жөніндегі іс-шаралар
жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №615 Жарлығына сәйкес аудан әкімінің 2017 жылдың ақпан айында аудан тұрғындары алдындағы есепті кездесулері барысында айтылған мәселелерді шешу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Аудан әкімінің есеп беру кездесуі барысында айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Аудандық іс-шара жоспарының орындалуына қажетті қаржыны қарастырып, аудандық маслихаттың қарауына ұсыну аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне (Н.Төлебаев) жүктелсін.
- Есепте көтерілген ұсыныстар бойынша өз салалары деңгейінде тиісті жұмыстарды жүргізу аудан әкімінің орынбасарларына (Б.Абжаппаров, М.Қасым) жүктелсін және атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат аудан әкіміне тоқсан сайын соңғы айдың 20-да берілсін.
- Ауылдық округ әкімдері тиісті бөлімдермен бірлесе отырып, есепте көтерілген мәселелерді сараптап, орындалу барысы туралы ақпаратты ауыл тұрғындарына жеткізуді ұйымдастырсын.
- Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық және ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесі (А.Медетбеков) осы қаулымен бекітілген іс-шаралар жоспарын және жоспардың орындалу барысы туралы ақпаратты тоқсан сайын БАҚ-на жариялауды қамтамасыз етсін.
- Осы іс-шараның орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Акек Ербол Базарбайұлына жүктелсін.
Аудан әкімі М.Өмірбеков
Меркі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы
«17» ақпандағы №__ қаулысына қосымша
«Меркі ауданының әкімі М.Өмірбековтың аудан тұрғындары алдындағы «2016 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2017 жылға арналған міндеттері туралы» есеп беру кезінде айтылған ескертулер мен ұсыныстарды орындау бойынша бекітілген іс-шара жоспары
№ | Атқарылатын жұмыстар | Орындалу мерзімі | Жауапты аудан әкімінің орынбасарлары | Жауаптылар |
1 | Андас батыр ауылдық округі, Арал-Қыстақ ауылына 50 оқушыға арналған бастауыш мектеп және Сұрат ауылдық округі, Тескентоған ауылына 150 оқушыға арналған орта мектеп құрылыстарын жүргізу | ІІ-IV тоқсан | Б.Абжаппаров | Аудан әкімдігінің сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімі С.Орынтаев |
2 | Білім нысандары құрылыстарын жүргізу үшін тиісті құжаттарды әзірлеу, білім беру мекемелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және ЖСҚ әзірлеу. | ІІ-IV тоқсан | М.Қасым | Аудан әкімдігінің білім бөлімі
С.Есенов |
3 | Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту үлесін арттыру мақсатында жұмыстарды жандандыру. | ІІ-IV тоқсан | М.Қасым | Аудан әкімдігінің білім бөлімі
С.Есенов |
4 | Жаңатоған ауылдық округі, Қызыл сай ауылын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету | ІІ-IV тоқсан | М.Қасым | Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Қ.Арғымбаев |
5 | Андас батыр ауылдық округіндегі «Нововоскресеновка» газ реттегіш станциясын қайта жаңғырту жобасын іске асыру |
ІІ-IV тоқсан |
М.Қасым | Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Қ.Арғымбаев |
6 | Облыстық маңызы бар және аудандық маңызы бар ауыл ішілік жолдарды орташа жөндеу және ЖСҚ дайындау. | ІІ-IV тоқсан | М.Қасым | Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Қ.Арғымбаев |
7 | Аудан аумағында көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүйеге келтіру | ІІ-IV тоқсан | М.Қасым | Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Қ.Арғымбаев |
8 | Ойтал ауылындығы бұрынғы «Журавушка» балабақшасын күрделі жөндеуден өткізіп, спорт ғимаратына айналдыру | ІІ-IV тоқсан | М.Қасым | Аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімі А.Османов |
9 | Ақермен ауылынан дәрігерлік амбулаторияның құрылысын жүргізу және ауылдық округтер мен елді мекендерде жаңа медициналық қызмет көрсететін ғимараттарының құрылыстарын жүргізу үшін ЖСҚ дайындау | ІІ-IV тоқсан | М.Қасым | Аудандық орталық ауруханасы Б.Құрманәлі |
10 | Меркі ауылдық округінде орналасқан балалар кітапханасын күрделі жөндеуден өткізу үшін ЖСҚ дайындау | ІІ-IV тоқсан | М.Қасым | Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Ж.Жантелиев |
11 | Сұрат ауылдық округі, Аққайнар ауылына ауылдық клуб құрылысын жүргізу | ІІ-IV тоқсан | Б.Абжаппаров | Аудан әкімдігінің сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімі С.Орынтаев |
12 | Сарымолдаев, Кеңес және Андас батыр ауылдық округтеріндегі ауыз су жүйесі мәселесін «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында жүргізу үшін мемлекеттік сараптамадан өткізіп, тиісті қаражат бөлінуіне ықпал жасау | ІІ-IV тоқсан | Б.Абжаппаров | Аудан әкімдігінің сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімі С.Орынтаев |
13 | Сұрат, Кеңес, Ақермен ауылдық округтерінде тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын орындардың құрылыс жұмыстарын жүргізу | ІІ-IV тоқсан | Б.Абжаппаров | Аудан әкімдігінің сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімі С.Орынтаев |
14 | Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін берілетін жер телімдеріне инженерлік инфрақұрылым құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу, электр жүйесі, қиыршық тас жолдарымен қамтамасыз ету | ІІ-IV тоқсан | Б.Абжаппаров | Аудан әкімдігінің сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімі С.Орынтаев |