Конкурс өткізу туралы хабарландыру: Меркі ауданының кәсіпкерлерінің назарына!
Конкурсты ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы;
Орналасқан жері: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, №78, 2 қабат, каб. 231;
Пошталық мекен–жайы: 080000;
Электрондық пошта мекен–жайы: dkb.otdel@mail.ru
Байланыс телефоны: 8/7262/ 54-36-20; 45-17-10.
Конкурс мақсаты: «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар экономиканың басым секторларында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар өтеусіз негізде беру.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Бөлінген қаражат: 171 млн.теңге
Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер: Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжай бойынша жеке өзі, электрондық пошта арқылы бекітілген нысан бойынша өтінімді және конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2020 ж. «27» шілдеден бастап 2020 ж. «14» тамыз аралығында, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін (жергілікті уақытпен).
Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2020 ж. «27» шілде сағат 9.00 (жергілікті уақытпен).
Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2020 ж. «14» тамыз сағат 17.30 (жергілікті уақытпен).
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.