100%200%
Меркі ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Құрылыс саласы бойынша мәлімет

    «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамыту 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Меркі ауданы, Сарымолдаев ауылы, Т.Қожакеев көшесі №1 мекен-жайда орналасқан №9 В.Савва атындағы             600 орындық мектеп құрылысын жүргізуге 2016 жылға Ұлттық қордан 808 075,0 мың теңге және облыстық бюджеттен 89 786,0 мың теңге бөлінген. Мердігер мекеме «ТаразҚұрылысДизайн» ЖШС-гі. Келісім-шарт құны  952,142 млн теңге.

    10 айдың жоспары 697,861 млн теңге, игерілгені 690,371 млн теңге, соның ішінде ұлттық қордан 605,074 млн. теңге және облыстық бюджеттен  85,297 млн теңге қаржы игерілді, қалған 7,49 млн. теңге қазан айының соңына дейін игерілуі тиіс. Нысананың іске қосылу мерзімі 01.07.2017 жыл.

    Арал Қыстақ ауылындағы 50 орындық бастауыш мектептің жобалау сметалық құжаттарына аудандық бюджеттен 4,4 млн теңге бөлініп, жобаға 15.09.2016 жылы №19-0340/16 мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды, сметалық құны 307,410 млн теңге. Бүгінгі күнге 2017 жылдың жоспарына енгізуге бюджеттік өтінім облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына тапсырылды.

    Ақарал ауылындағы клубының қазандығы құрылысына                           21,645 млн. теңге бөлініп. Мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы мердігер мекеме  «BBR Group» ЖШС жеңімпаз болып анықталды. 20.10.2016 жылы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына құрылыс жұмыстарын бастау үшін хабарлама тапсырылды, құрылыс жұмыстары 28.10.2016 жылы басталуы тиіс.

    Сарымолдаев ауылындағы 600 орындық мектептін сыртқы инженерлік инфрақұрылымының жобалау сметалық құжаттарын әзірлеуге 2,5 млн теңге бөлініп «ЛидерПроектДизаин» ЖШС-гі әзірлеуде. Мемлекеттік сараптама қорытындысы қараша айында дайын болуы тиіс.

    Меркі ауданы аумағындағы тұрғын алқаптардың инженерлік инфрақұрылым жүйелерін жүргізуге аудандық бюджеттен 10,0 млн. теңге бөлініп, оның 2,2 млн. теңгесіне бірінші кезеңдегі Сарымолдаев ауылындағы 31 гектар жерге инженерлік инфрақұрылым (электр жүйесі, қиыршық тас жол) құрылысына ЖСҚ әзірлеуге конкурстың нәтижесіне сәйкес Тараз қаласының                        «Күмбез Тас» ЖШС-гі жеңімпаз болып белгіленді. Жұмыстың аяқталуы ағымды жылдың желтоқсан айы.

    6,3 млн теңгесіне бірінші кезендегі Ақтоған ауылынан 60 гектар және Сұрат ауылынан 30 гектар жерлерге инженерлік инфрақұрылым (электр жүйесі, қиыршық тас жол) құрылысына ЖСҚ әзірлеуге конкурс                              23.09.2016 жылы жарияланды.

     

    Аудан әкімдігінің сәулет,

    қала құрылысы және

    құрылыс бөлімінің басшысы                                                              С.Орынтаев

     

     

    А.Айбасов,

    Тел. 8(72632)22004

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Меркенского района