100%200%
Меркі ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жол бойынша.

    1. 2017 жылдың 22 мамырында аудандық маңызы бар «АБЗ-ға кірме жол» ұзақтығы 1,9 шқ автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Аталаған нысанның жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 36,966 мың теңге қаражат жұмсалды.
    2. 2017 жылдың 20 маусымында Кеңес аулында «Тайшыманов көшесін Жақыпбай көшесінен Коксалов көшесіне дейін» және Тәтті ауылындағы «А.Асқаров» көшелерінің орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға қабылдау актісі бекітілді. Тайшыманова көшесінің жөндеу жұмыстары облыстық бюджеттен қаржыландырылды, жұмсалған қаражаты   23,524 мың теңге. Тәтті ауылындағы А.Асқаров көшесінің орташа жөндеу жұмыстары аудандық бюджеттен қаржыландырылды, соммасы 21,039 мың теңге.
    3. 2017 жылдың 25 шілдесінде Ақарал ауылындағы «Матвеенков» және №1,2 көшелерін Қоңырбаев көшесіне дейін орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, жалпы пайдалануға берілді. Аталған нысанға жергілікті бюджеттен 33,712 мың теңге қаражат жұмсалды.
    4. 2017 жылдың 31 тамызында аудандық маңызы бар «Беларық-Аспара 21635-28414 шақырымдары, 3 бөлігі Алтынарық ауылынан Ақермен ауылына дейін, ұзындығы 6,773 шқ» автожолының орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Аталған нысан облыстық бюджеттен қаржыландырылды, жұмсалған соммасы 132,143 мың теңге.
    5. 2017 жылдың 11 қарашасында аудандық маңызы бар «Тәтті-Сарықобы» бағытындағы автожолының ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға қабылдау актісі бекітілді. Нысанның жөндеу жұмыстары аудандық бюджеттен қаржыландырылды, бөлінген соммасы 5,000 мың теңге.

     

    Автожолдарды қыс мезгілінде күтіп ұстау бойынша.

    1. Аудан көлемінде автожолдарды қыс мезгілінде күтіп ұстау мақсатында конкурс амалдары жүргізіліп, жеңімпазы анықталды. Аудандық маңызы бар (218 шқ) жолдардың күтіп ұстаушысы «Айя-Сервис» ЖШС. Облыстық маңызы бар (70.5 шқ) жолдардың күтіп ұстаушысы ЖК «ЕРЖАЛҒАС», республикалық мәндегі жолдардың күтіп ұстаушысы «ДЭУ-35» мекемесі. Аталған мердігерлерде қыс мезгілінде жұмылдыратын жол техникаларына тексеру жүргізілген, тексеру нәтижесінде қажетті арнайы техника базасымен қамтылғаны және толықтай қыс мезгіліне дайындығы анықталды.

     

     

     

    Жол қауіпсіздігі бойынша.

     

    Меркі ауданында автожолдардағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жүргізу мақсатында тоқсан сайын штаб отырысы өткізілуде. Ауданда республикалық, облыстық аудандық автожолдары мен елді мекендердің орталық көшелердің жолдары және тротуарлары түнгі жарықтандыру шамдарымен жабдықталды. Аудандағы барлық бағдаршамдарды күтіп ұстауға, жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, жасанды кедергілер және жол белгілер орнату, жол жолақтарын сызуға 7,3 млн. теңге бөлінді.

     

    Жолаушылар көлігі бойынша.

     

    Бүгінгі таңда қалааралық және ауданішілік жолаушыларды қоғамдық көлікпен тасымалдау жұмыстарымен айналысу құқығына «Меркі Жолаушы» ЖШС-і конкурс арқылы жеңімпаз атанып, арнайы лицензия алған. «Меркі Жолаушы» ЖШС-нің автопаркінде автокөліктер рейс алдында күнделікті техникалық байқаудан өткізілуде. Автокөліктердін жүргізушілерін рейс алдында күнделікті медициналық тексеру жүргізетін орын (мед.пункт) бар және тексеру өткізетін екі мед.бике жұмыс істейді. Тексеруден өткізетін мед.бикелер күнделікті бақылау жүргізіп отыруда.

    «Меркі Жолаушы» ЖШС автобус паркінде 46 автокөлік бар, оның ішінде 9-Паз, 11-NANJING Қытай шағын автобусы, 26-Мерседес Бенс микроавтобусы бар.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Меркенского района