100%200%
Меркі ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    «Біз, Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиіне көшуін қолдаймыз!»  атты акциясы

    «Біз, Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиіне көшуін қолдаймыз!»  атты акциясы

    Ағымдағы жылдың 4 қазан күні Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімнің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Меркі ауылы, «Үміт» сарайында  «Біз, Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиіне көшуін қолдаймыз!»  атты акциясы жастар арасында өтті. Акция барысында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастар ісі-инспекторы Айдарбек Назерке латын әліпбиіне көшу туралы өзінің баяндамасында толық мағлұмат берді. Жастар арасында үштұғырлы тіл саясаты мен латын әліпбиіне көшу мәселесі талқыланды. Жастар «Латын және ағылшын тілдерінің ұқсастықтары қандай?», «біз көшкелі жатқан латын әліпбиінің толық нұсқасын қайдан алсам болады?» ,- деген сұрақтарына сапалы жауаптарын алды.

    Іс-шараға барлығы: 30 жастар қатысты.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Меркенского района