100%200%
Меркі ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Елбасы шешімін қолдаймын

    Латын әліпбиінің бірнеше нұсқасы дайындалып, халықтың талқылауына ұсынылды да. Алғашқыларында көптеген диграф пен апостроф болғанын білеміз. Жақында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кирилицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығына өзгеріс енгізді. Елбасының Жарлығымен шыққан жаңа үлгідегі латын әліпбиіне қатысты жаңалық көпшіліктің көңілінен шықты. Себебі, салыстырмалы түрде талқыланған алтернативті нұсқаларына қарағанда, осы әліпбиде әріптердің ноқаттары азайған, әрі қазақ тілінің төл дыбыстарының
    жазылуына ыңғайлы екендігін көреміз. Әлемдегі дамыған елдердің қатарына қосылу үшін қазақ елінің латын әлібиіне көшуі экономикамыздың тікелей септігін тигізеді деп ойлаймын. Латын графикасына көшу – ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ел тарихына көз жүгіртсек, бірінші байлық қашанда – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады. Сондықтан Елбасымыз мақұлдаған латын әліпбиіне көшу саясатын толығымен қолдаймын

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Меркенского района