100%200%
Меркі ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ТИІМДІ

    Латын әліпбиінің жаңа н ұ с қ а с ы – б ү к і л х а л ы қ т ы қ таңдаудың жарқын нәтижесі. Латын әліпбиі – Ұлы дала елін әлемдік өркениетпен қабыстыратын алтын көпір. Латынға оралу заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Латын әліпбиіне көшу ХХІ ғасырдың жастары үшін ешқандай қиындық тудырмайды деп сенімді айтуға болады. Мағжан сенген жастар бұл үрдісті оңай қабылдай алады. «Жастар-еліміздің
    болашағы» деп Елбасымыз айтқандай, олар қай салада болмасын өздерін белсенді көрсете біледі. Сол себепті
    жастар Елбасының ұсынысын қолдайды және оның жүзеге асырылуына бар күштерін жұмсайды. Өйткені
    латын әліпбиіне көшу Тәуелсіз Қазақстанның рухани жаңғыру жолындағы тағы да бір айқын қадамдарының
    бірі болмақ. Әлемнің өркениетті елдері қатарынан қалмау үшін латын әліпбиінің атқаратын міндеті көп.
    Оған көшу – жай әліпбиді ауыстыра салу емес, ол біз үшін өркениетті шешім. Бұл біздің ашық әлемнің бір
    бөлігі болуға талпынуымызды, алға жылжығымыз келетінін растайды және бұл осыған дейін Қазақстандағы
    білім беру жүйесін жетілдіру туралы идеялармен байланысты болып тұр. Қазір әлемдегі халықтың
    80 пайызы латын графикасын игеріп, пайдаланып отыр, әлемдегі ақпараттың 70 пайызы осы таңбамен
    таратылады. Латын әліпбиіне көшу бастамасы Қазақстанның рухани болмысы мен қоғамдық ой-сананы
    өзгертіп, оны жаңғыртуға зор үлес қосады. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылаты-
    ны байқалады. Барлық математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға
    қатысты ғылыми әдебиеттер латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады. Латын әрпіне көшу —
    бүкіл әлем қарым-қатынас жасайтын ағылшын тілін жастарымыздың тезірек игеруіне мүмкіндік жасай-
    ды. Әлемдік деңгейде қазақ жастарының биік белесте және әлем жастарымен тіл табыса алатын деңгейде бо-
    луы үшін де латын графикасына ауысуымыз өте маңызды болып табылады. Бұл жерде негізгі мақсат – кез
    келген ақпаратты, ғаламдық өзгерісті кез келген азамат түпнұсқадан алып, оқи алатын болады.

     

    Н.Дайрабаев,
    аудандық әділет
    басқармасының
    қызметкері

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Меркенского района