100%200%
Меркі ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Латын әліпбиінің тиімді нұсқасы

    Иә, қай кезде болмасын,тыңға түрен салу қиынның қиыны.Ол үшін жарау атыңды баптап,салмақты соқаңды сайлай біл, тәжірибе жинақта. Бүгінгі тірлік ертеңгі тарих болғандықтан, келер ұрпақ үшін әр іс пен сөзімізге жауапты да, міне, өзіміз. Ал, егер ол ұлтымыздың болашағына тікелей қатысы бар, жаһандану кезеңіндегі стратегиялық мақсатты көздеген құнды дүние болса, бағасы тіптен өлшеусіз, орны бөлек. Тілі жоқ ұлт – бейшара, қаріпі күңгірт, оның біразы өзгелерден алынған тіл
    аяғы – мәңгүрттікке жетелейді, түбі баянсыз келеді. Сондықтан да арнайы құрылған Ұлттық комиссияның латын әліпбиін
    техникалық тұрғыдан пайдалану Қазақ атамыз айтатын «Көш жүре түзеледінің» көрінісіндей болар, жағымды жаңалықты естіп, қолымызға қалам алған жайымыз бар. Себебі, Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына ағымдағы жылдың 19 ақпаны күнгі, көпке белгілі өзгерту енгізгенін құп көрген жанның бірі екенім жасырын емес. Иә, қай кезде болмасын, тыңға түрен салу қиынның қиыны.
    Ол үшін жарау атыңды баптап, салмақты соқаңды сайлай біл, тәжірибе жинақта. Бүгінгі тірлік ертеңгі тарих болғандықтан,
    келер ұрпақ үшін әр іс пен сөзімізге жауапты да, міне, өзіміз. Ал, егер ол ұлтымыздың болашағына тікелей қатысы
    бар, жаһандану кезеңіндегі стратегиялық мақсатты көздеген құнды дүние болса, бағасы тіптен өлшеусіз, орны бөлек. Тілі жоқ ұлт – бейшара, қаріпі күңгірт, оның біразы өзгелерден алынған тіл аяғы – мәңгүрттікке жетелейді, түбі баянсыз келеді. Сондықтан да арнайы құрылған Ұлттық комиссияның латын әліпбиін техникалық тұрғыдан пайдалану жөніндегі жұмыс тобы орасан зор жұмыс жасады – деп білемін. Ендігі жерде, көптің талқысынан өтіп, «керегі қалып, кебегі алынған» латын графикасындағы қазақ әліпбиінде жұртқа «жақпаған» апострофтар алынып, бірнеше әріп қана диграф арқылы жазылатын болып келісілді. Елбасының өзі бас болып, өзгерістер енгізу үшін тіл жанашырларының жаппай өре түрегелуінің себептері
    де аз емес. Жазу мен оқу кезінде шатасу мен жаңылысуға шарт болатын, бұған дейін бекітілген қаріптердегі апострофтар жүйесінің тиімсіздігі дер кезінде ескерілгені жөн болды. Келесі жылы төменгі сынып оқушыларына біртіндеп үйретіле бастайтын латын әліпбиінің жас буындардың санасына жеңілдікпен сіңісуіне ұйытқы болар бұл істе асықпағанымыз да жөн-ау. Оның бір көрінісін латын әліпбиінің небары 4 ай ішінде елеулі өзгеріске ұшырап, ұзақ жылдарға, тіпті, ғасырларға ұзайтын
    жаңа нұсқасына тоқтауымыздан да байқауға болады. Ескіріп үлгерген жобадағы шикіліктің «шекарасын» тағы бір ашып көрсетсек, ол интернет желісінен белгілі бір керек жайды іздеу, әсіресе, күрделі сала – қаржы қызметіне де кедергі жасап, қиындық туғызатыны сараланып, дәлелденгенін айта кеткеніміз жөн. Сонымен, жаңа жобада 32 әріп бар, оның 8-нің жазылу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Елбасының алаңдауына негіз болған түйіткілді мәселелердің соңына соңғы рет нүкте қойылды – деп кесіп айтуға да ертерек шығар. Себебі, еліміз латын әліпбиіне толық көшетін 2025 жылға дейін де оның ұлтымыз үшін
    тиімді тұстары қайта қарала бермегі дұрыс. Ал, олқылықтан ажырап, керекті кірпішті орнына қалаудан еш ұтылмақ
    емеспіз. Сондықтан, мұндай азаматтық әрі журналистік көзқарасты айта кету үрдісін дұрыс – деп санаймын.

    Әлихан НҰРАЛИЕВ, «Меркі тынысы».

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Меркенского района