100%200%
Меркі ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ – ЗАМАНАУИ ҰСТАНЫМ

    Қазақ халқының белгілі жазушысы, қоғам қайраткері Ғабит Мүсіреповтің «Тілден биік асқар тау,
    тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ» деген қанатты сөзінің әрбір ұлтын сүйер азаматтың жүрегіне жылу ұялатары сөзсіз. Расында, тіл ұлттың жаны екені хақ. Бүгінгі күні қоғамда тіл мәселесі жөнінде көптеген пікірлер айтылып жатыр. Өзіміздің ана тіліміздің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы әрбір ұлтжанды азаматтың мерейіне үстем етеді. Дегенмен бүгінгі таңда орыс тілі ұлтаралық  қатынас тілі және ағылшын
    тілі халықаралық қатынас тілі болып белгіленіп отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2050» стратегия-
    сында «Үштілділікті мемлекеттік деңгейде ынталандыру керек »-дейді. Елбасының үштілділік саясатын дұрыс түсінген абзал. Бұл саясат мемлекеттік тіліміз, яғни қазақ тілінің мәртебесін түсіру емес, қайта оның қолданыс аясын орыс және ағылшын тілі дәрежесіне дейін көтеру. Ал ағылшын тілінің әлем бойынша ең көп тараған тіл екені баршамызға мәлім. Бүгінгі таңда заман талабына жүгінсек, ағылшын тілі арқылы ғылым, бизнес, туризм салалары қарыштап дамып келеді. Білім саласында ағылшын тілі бастауыш сыныптан бастап оқытылуда. Бұл ұстанымды заңдылық деп қабылдаған жөн. Себебі бала жастайынан шетел тілін базалық дең-
    гейде меңгерсе, болашақта мамандығына қарай кәсіби деңгейде білуіне зор мүмкіндік туады.
    Қазіргі уақытта мектеп бағдарламасынан ағылшын тілін еркін меңгерген жастарымыз шет елдерде білімін
    жалғастырып, тәжірибе жинақтап, өрісін молайтуда. Осындай көп тілді меңгерген жастарымыздан Елба-
    сымыз, сондай-ақ еліміз үміт күтеді. Додаға түскен тұлпардай үкілеген жастарымыздың әлемдік бәсе-
    кеде еліміздің абыройын асқақтатып, көк туымыздың биікте желбіреуіне септігін тигізері сөзсіз деген сенім
    ұялайды. Ел болашағы жастардың қолында екендігіне еш күмән жоқ. Еліміз дамып, өркениетті елдердің
    қатарынан көріну мәртебесіне ие болсын десек, көп тіл білудің еш өрескелдігі жоқ. Биылғы 2019 жыл «Жастар жылында» жастарымызға тіл меңгерту жолында аянбай еңбек етуіміз керек деп ойлаймын. Еліміздің жарқын болашағы үмітін үкілеген жастарымыздың қолында. Үш тұғырлы тіл саясатын қолдай отырып, «Өзге тілдің бәрін біл , өз тіліңді құрметте!» деген асқар таудай ақынымыз Қадыр Мырза-Әлінің
    қанатты ойын жадымыздан шығармағанымыз дұрыс.

     

    Айгерім Бакеева,
    №22 жалпы білім бе-
    ретін мектептің ағылшын
    тілі пәні мұғалімі

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Меркенского района