100%200%
Меркі ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕР АШЫЛДЫ

    Осы жайды тиімді пайдаланған аудан әкімі Мейірхан Өмірбек те таға тоздыра Тараз асып, Меркідегі 44 елді мекеннің
    15-де медициналық пункттің жоқтығы, дәрігерлердің науқастарды амалсыздан уақытша өз үйлерінде, болмаса, арнайы
    жарақтанбаған басқа да тар, әрі жайсыз орындарда қабылдау жүргізетінін жеткізген болатын. Сонымен, «сең қозғалды» деген осы болар. Былтыр осы уақытта әлгі айтылған 15 ауылдың 3-де заманауи медициналық пункттер бой көтеріп, бұл күндері халыққа қызмет жасап жатса, биыл, 1-желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында,
    өткен аптаның жұмасы күні, ауданымыз бойынша 5 ауылда медициналық мекемелер өз есіктерін айқара ашып, олар ауыл тұрғындары үшін жағымды жаңалықтар болды. Аудан әкімі Мейірхан Өмірбектің қатысуымен осындай медициналық пункттер Сұрат ауылдық округіндегі Тескентоған және Аққайнар ауылдарында да ашылды. Жаңа мектебінің барлығы өз алдына, ендігі жерде денсаулықтағы болмашы бір кінәрат үшін аудан орталығына сабылмай-ақ, жергілікті жерде ем-дом қабылдауға болатыны
    үлкен қуаныш болған тескентоғандықтар «Жамбыл облысын дамыту – 2016-2020» бағдарламасы аясында, құрылысына 26 млн. теңге қаржы жұмсалып, ел игілігіне берілген медпунктке көптеп жиналыпты. Ел қуанышын бөлісуге аудан әкімімен бірге арнайы келген аудан әкімдігінің бөлім басшылары, мәслихат депутаты Ахан Алтынбаев, аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Данияр Нүсіпбаев, округ әкімі Ғазиз Байарыстан және басқалар өздерінің жүрекжарды құттықтауларын жеткізіп, ойларымен бөлісіп жатты. Алғашқы сөз кезегін алған аудан басшысы Мейірхан Азатұлы облыс бойынша жыл аяғына дейін түрлі мақсаттағы 122 нысан ашылатын болса, оның 35-і бүгін пайдалануға берілетінін, оның ішінде, айтулы мереке – Тұңғыш Президент күніне орай, ауданымызда 8 медициналық пункт есігін ашса, жыл аяғына дейінгі мерзімде қалған 4 медициналық нысанда халыққа қызмет жасауды бастайтынын айтып, өз құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар, заманауи үлгіде салынып, жабдықталған нысанды салушы мердігер мекеме «Жанайым құрылыс» ЖШС-гі ұжымына алғыс айтқан аудан басшысы тескентоғандықтарды мұнда ауырып емес, кеңес алуға келуге тілек білдіріп, дәрігерлерді лайықты қызмет жасауға
    шақырды. Келесі Аққайнар ауылында ашылған медициналық пунктті «Ник Тараз» ЖШС-гі қысқа мерзімде салып бітіріпті.
    Мұнда да ел қуанышы, олардың риясыз күлкісі маңайды баурап алған. Жиналған көпшілікті қызу құттықтаған аудан әкімі
    М.Өмірбек мереке қарсаңындағы бүгінгі қуанышты ел Тәуелсіздігі, оған мұрындық болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен
    Нұрекеңнің дара жолын жалғастырушы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, сонымен қатар, облыс әкімі
    Асқар Мырзахметовтың ерен еңбектері мен ел мүддесі жолында ұстанған саясаттарының жемісі екендігімен байланыстырды.
    Одан кейін Ақарал ауылдық округіндегі Сыпатай батыр ауылында ашылған (суретте), 1760 тұрғынға қызмет жасайтын медициналық пункттің ашылу салтанаты болып, көпшілік алдында жоғарыда аталған лауазымды қонақтар мен жергілікті тұрғындар өз құттықтаулары мен алғыстарын жарыса жеткізді. Міне, осындай қуанышты сәттер қыс айының алғашқы күні, яғни,
    1-желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесінде Аспара ауылдық округінің Құмарық елді
    мекенінде жалғасын тапты. Осында ашылған медициналық пункттің ашылуы кезінде сөз алған аудан әкімі М.Өмірбек
    денсаулық сақтау саласын нығайту – күн тәртібіндегі басты міндет екенін айтса, ауыл тұрғындары Жарқынбек Сөлдебаев
    пен Кәртен Тілеуқабылова осындай мереке күні ашылған нысан үшін ел ағаларына өз алғыстарын жеткізіп жатты. Осы мереке күні Ақермен ауылдық округіндегі Алтын арық ауылында да медициналық нысанның ашылу салтанаты болып, оған қатысқан аудан әкімі М.Өмірбек өзінің құттықтауларын жеткізген соң, ауыл ақсақалы Керімқұл Жұмышев шалғай жатқан ауыл тұрғындары атынан ризашылығын білдіріп, батасын берді.

    Әлихан НҰРАЛИЕВ, (сурет автордікі), «Меркі тынысы».

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Меркенского района