100%200%
Меркі ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Электрондық үкімет дегеніміз не

    Электрондық үкімет дегеніміз не?

    Қазақстандағы ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың дамуы кем дегенде соңғы екі пікірдің жүзеге асуына кепілдік бере алады. Дәл осы азаматтар мен мемлекеттің өзара әрекеттестігін ыңғайлы, қарапайым, қолжетімді және түсінікті ету үшін  электрондық үкімет тұжырымдамасы әзірленді.

    Электрондық үкімет құру ісі билік органдарының жұмысын анағұрлым тиімді, азаматтарға қолжетімді ету үшін қажет болды. Бұрындары әрбір мемлекеттік орган өз бетінше «оқшау өмір сүріп», басқаларымен  байланысқа түсе қоймайтын, ал азаматтардың алуан түрлі анықтама, растама секілді өзге де қағаздарды жинау үшін толып жатқан инстанциялардан  өтуіне тура келетін. Осының барлығы бір ғана қызмет түрін пайдалану үшін толып жатқан мекемелер табалдырығын тоздыруға  мәжбүрлейтін. Бүгінде электрондық үкімет жобаларының арқасында ол заман келмеске кетті.

    Электрондық үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік берген де дәл осы механизм.

    Басқаша айтқанда, электрондық үкімет деп лицензияны рәсімдеу үшін ЖСН ғана керек болатын (басқа ақпараттың бәрі дағдылы сұранымдар арқылы алынады),  коммуналдық қызмет ақылары мен айыппұлдарды онлайн жүйесінде төлеуге болатын, анықтама алу үшін ХҚКО-да жеке куәлік қана талап етілетін, бизнесіңізді өз бетіңізше тіркеуге, немесе электрондық үкімет порталында небәрі 10-15 минут ішінде анықтама алуға, күн-түн демей, кез келген уақытта баланың балабақшаға кезегін көруге, мекенжай анықтамасын ұялы телефонға алдыртуға болатын және осы секілді басқа да көптеген жағдайларды айтамыз.

    Электрондық үкімет порталының мүмкіндіктерін қолдану үшін

    • e.gov.kz – «Электрондық үкімет» порталында тіркелу қажет,
    • электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу қажет

    Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)  дегеніміз  не?

    ЭЦҚ – электрондық құжатқа қолы қойылып, мөрі басылған қағаз тасығыштағы құжатпен тең заңды күш беру үшін пайдаланылатын адамның өз қолтаңбасының аналогы. ЭЦҚ электрондық құжаттың реквизиті болып саналады, ол электрондық тіркелу куәлігін және ЭЦҚ жабық кілтін пайдалану арқылы ақпаратты криптографиялық түрлендірудің нәтижесінде алынады.

    Қарапайым тілмен айтқанда, ЭЦҚ-ны пайдалану – өз қолымызбен қойылатын қолтаңбаны толыққұнды ауыстыру.

    Электрондық цифрлық қолтанбаны қалай алуға болады?

    ЭЦҚ-ны екі тәсілмен алуға болады:

    • ЭЦҚ жаңа үлгідегі жеке куәліктің чипіне жазу арқылы. Бұл үшін жақын маңында орналасқан ХҚКО барып, жек куәлікті көрсету керек. Жеке куәлікке жазылған ЭЦҚ тек арнаулы карт-ридер болған кезде ғана жұмыс жасауға болады. Карт-ридер – бұл әртүрлі компьютерлерден ЭЦҚ құжаттарына қол қоюға және сол қолтаңба файлының сақталуы үшін алаңдамауға мүмкіндік беретін құрылғы.
    • ЭЦҚ алу бөліміне өтінім беріп, ЭЦҚ-ны электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады. Толтырылған деректерден кейін автоматты түрде иемденген нөмірімен толтырылған өтініш үлгісі құрылады. Бұл өтінішті шығарып және күнтзбелік 30 күн ішінде ХҚКО ұсыну керек. ЭЦҚ 16 жастан бастап беріледі. Қолданыс мерзімі 1 жыл.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Меркенского района