100%200%
Меркі ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Меркі аудандық қоғамдық Кеңесінің төрағасы 2017 жылы атқарған жұмысы туралы есебі

    Меркі аудандық  қоғамдық Кеңесінің  төрағасы С.Құралбайдың 2017 жылы атқарған жұмысы туралы есебі

     Ең қымбат құндылық – ел бірлігі

          Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 99 қадамы негізінде құрылған, арнайы заң жүзінде қызмет ететін республика бойынша құрылған Қоғамдық кеңестер кәзіргі кезде азаматтық қоғам мен биліктің өзара іс-қимылының жаңа форматы болып табылатыны ешкімге дау  туғызбаса керек.

    Бүгінгі таңда республика бойынша 200-ден аса, құрамында төрт мыңға жуық мүшесі бар қоғамдық кеңестер екі жыл төңірегінде жергілікті билік тармақтарымен қоян-қолтық жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру мақсатында өзара тәжірибе алмасу, қоғамдық кеңестің көшпелі отырыстары өткізіліп, сол сияқты өткен жылы қараша айының ортасында Астана қаласында Дін істері және азаматтық қоғам Министрлігінің ұйымдастыруымен қоғамдық кеңестердің бірінші республикалық мәжілісі өтті. Соның негізінде «қоғамдық кеңес қызметінің тиімділігін арттыру» атты әдістемелік нұсқаулығы жарық көрді.

    Мұндай игі шара кеңестердің жұмысын жандандыра түсуге, бақылау, мониторинг жүргізу, кеңес отырыстарын өткізу, белгілі бір мемлекеттік мекеменің бюджеттік жобаларын, аумақтық дамыту бағдарламасы немесе стратегиялық жоспарлау жобаларының іске асыруы туралы т.б. тыңдаулар өткізу жаңа формаға ие болды.

    Өткен жылы аудандық қоғамдық кеңесте Жаңатоған ауылдық округіндегі «Қызылсай» елді мекенінің ашық су көзінен ауыз су пайдаланып отырғандығы туралы мәселе көтеріліп, жұмысты дайын құжаттары бойынша мезгілімен бастап, дер кезінде аяқтау туралы өзекті мәселе қаралып, ол өткен жылдың қараша айында пайдалануға беріліп, ел игілігіне айналды. Сол сияқты кеңес отырысында Кеңес, Сарымолдаев және Андас батыр ауылдық округтеріндегі «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірлеуді жанды қолға алу қаралған еді. Бүгінгі таңда Сарымолдаев ауылдық округі елді мекенінің құжаттары
    дайын болып, құрылысы биылғы жылы қолға алынбақшы.

    Сол сияқты «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында кәсіпкерлікті дамыту, бағаны тұрақтандыру, әлеуметтік базар қызметі туралы мәселелер қаралып, нақты ұсынымдар берілді.

    Жалпы қоғамдық кеңес пен аудандық мәслихат сессиясында жергілікті полиция қызметінің І-ІІ жарты жылдықта атқарған жұмысының қорытындылары туралы, облыстық қоғамдық кеңес төрағалары, хатшыларымен бірлесе «Облыс аумағында үйлестіру кеңесін құру туралы бірлескен отырыс өткізіліп, өзекті ұсынымдар қабылданды. Жыл бойы өткір мәселелер қараған аудандық кеңестің он бір отырысы, президиумы  өткізілді. Солсияқты 24 нормативтік құқықтық актілер, жобалары қаралып, тиісті ұсынымдар беріліп, тоғыз тыңдау, үш мониторинг-сараптама  өткізілді.

    Аталған мәселелер бойынша «Меркі Ақиқат» газетінің №30, 71-72, 95-96 нөмірлерінде арнайы материалдар  мониторинг-анкеталар жарияланды.

    Қоғамдық кеңестердің негізгі мақсаты атқарушы орган мен бұқара арасындағы түсіністікті, ашықтықты, бірлесе қимыл жасауды үйлестіру, өткір, көпшілікті толғандырып отырған мәселелерді дер кезінде көтеру, оның оңды шешілуіне ықпал ету, жоғары тұрған билік орнына жеткізу, ортақ, бірлескен шешімге келу болып табылады.

    Еліміз Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында атап көрсеткендей, бәсекеге қабілетті өнімөндіру білімді маман мен білімді адамның қолынан келеді. Сол себепті Ұлт көшбасшысы білімнің салтанат құруына, сананың ашықтығына ерекше мәнберіп отыр. Білікті маман ғана жаңа технологияны сапалы өндіріске енгізіп, сапалы халықаралық стандартқа сай өнімдер өндіріледі.

    Ұлттық бірегейлікті, бірлікті сақтау да біздің басты мұраттарымыз, ұлттық  код, Қазақстанның эволюциялық дамуы да, ел ынтымағы да біздің басты құндылықтарымыз. Бұл тұрғыда аудандық қоғамдық кеңес жоспарлы жұмыс жүргізіп,  еліміздің өркениетті ел қатарына қосылуына, ауданның гүлденуіне өзүлестерін қоса беретін болады. Дана халқымыз «Берекені көктен тілеме, бірлігі бір көптен тіле» деген.

     

     

    Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы                                                                            С.Құралбай

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Меркенского района