100%200%
Меркі ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мақсатында

    «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында субсидиялау тетігі бойынша жалпы құны 193,0 млн. теңгені құрайтын  8 жоба іске асырылды. Кепілдендіру тетігі бойынша 89,4 млн. теңгені құрайтын  6 жоба мақұлданды, жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу тетігі бойынша жобалық құны 117,0 млн. теңгені құрайтын 2 жоба Аймақтық Үйлестіру Кеңесінде мақұлданды. Сонымен қатар, инфрақұрылым жүргізу тетігі бойынша                   52,8 млн. теңгені құрайтын 2 жоба Аймақтық Үйлестіру Кеңесіне ұсынылды. Қайтарымсыз грант тетігі бойынша 4,5 млн. теңгені құрайтын екі жоба жеңімпаз атанды.

    Ісін (бизнесін) дамытам деуші кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан несие пайызының бір бөлігін субсидиялау үшін төмендегідей шарттарды орындау қажет:

    1. Кәсіпкердің несие алуы үшін кепілінің болуы, яғни кепілге қоятын мүлкінің болуы шарт;
    2. Кәсіпкер кемінде бір жыл мерзімде мемлекеттік кірістер басқармасына салық төлеуші ретінде тіркелуі;
    3. Бағдарлама аясында несие алуға шектеу жоқ, яғни кәсіптің (бизнестің) барлық түрлерін қаржыландырады, сауда-саттық, өнеркәсіп өндірісі немесе қызмет көрсету саласы.

    Мемлекеттік бағдарламаның ережесіне сәйкес облыстық ІІ деңгейлі банктен 15 % мөлшерлемесімен несие беріліп, оның  6 %-ын кәсіпкер төлейді, 9 %-ын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы субсидияланады.

    Жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарлама бойынша толық ақпарат алу үшін, 8 (72632) 2-21-83 байланыс нөмірі немесе аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне қайырылуға болытындығын хабарлайды.

     

     

    Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік

    және өнеркәсіп бөлімінің басшысы

    Д. Тасқараев

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Меркенского района